Ойлы болсан,озып к?р ашы? саба?


Ойлы болсаң,озып көр!
Мақсаты: Оқушылардың ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Оқушылардың ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.
Түрі: Сайыс сабақ Әдісі: Ойқозғау, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: Жұмбақ, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар.
Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру.
Жоспары:
1. «Қас – қағым сәтте»
2 “Тұлғаны тани біл”
3. «Логикалық сұрақтар»
4. «4 сурет 1 атау»
5. «Ойлы болсаң, озып көр».
6.«Кім тапқыр» мақал- мәтел жарысы
-Армысыздар құрметті оқушылар, қонақтар! Қазақстан болашағы –білімді ұрпағында, сондықтан «Ойлы болсаң,озып көр!» ақыл-ой зерделі дәрісімізді басталық. Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
-Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер
Білімді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
-Бүгін біз осы күнге дейінгі алған білімдерімізді көрсетіп , өлеңдермен, мақал-мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.
«Қас- қағым сәтте»
1. «Кел,балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай).
2. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім? (Абай)
3. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім? (Ыбырай)
4. Жылдан құр қалған жануар не еді? (Түйе)
5. Басты байлық не? (Денсаулық)
6. Абайдың әжесі кім? ( Зере)
7. Түн ұйқысын төрт бөлген кім? (Ана)
8. Орман дәрігері (Тоқылдақ)
9. Ақан серінің тұлпарының аты? (Құлагер)
“Тұлғаны тани біл”
Бұл кезеңде көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендеріңді айтасыңдар. Әр оқушыға 2 тұлғадан беріледі. Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Әлия Молдағұлова, Абай Құнанбаев. Ахмет Байтұрсынұлы, Ыбырай Алтынсарин.
«Кім тапқыр»
Ойланбастан басқасын, Жазып қойма бұл жерге Керек сөзді таңдап жаз, Уақыт берем сіздерге.
1. Күш – білімде, білім – ...(кітапта)
2. Еңбектің наны тәтті, ...жаны тәтті (жалқаудың)
3. Денсаулық – зор ...(байлық)
4. Кітап – білім бұлағы, ...– өмір шырағы (білім)
5. Анадан артық...бар ма? (дос)
6. Ырыс алды -...(ынтымақ)
7. Өзге елде сұлтан болғанша,...(өз еліңде ұлтан бол)
8. Білекті бірді жығар,...(білімді мыңды жығады)
9. Төртеу түгел болса,...(төбедегі келеді)
10. Досы көпті жау алмайды, …(ақылы көпті дау алмайды)
«Ойланда тап» шарты : бұл кезеңде оқушыларға логикалық сұрақтар қойылады.
Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? 
Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 
Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш
5. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар. Жауабы:
6. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
7. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
8. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? 
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
9. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
10. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
Жауабы: үшеу
11. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? 
Жауабы: екі сағат
12. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
13. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 
Жауабы: шырпы
14. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады
Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған торғайды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны?
жауабы: торғай қарға келіп құлайды, өйткені қыс мезгілі еді
.Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар?
Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді?
«4 сурет 1 атау»
Шарты : суреттерді байланыстыру арқылы салт-дәстүрді тауып айту.
Сергіту сәті
«Табиғат мінезі» жаттығуы.Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.
Қорытындылау. Оқушылар бүгінгі сабақтан әсерлерін ағашқа жазады.
Қазақ елінің өркендеп өсуіне өз үлесімізді қосу үшін мына плакатқа өз қолтаңбамызды қалдырайық.
«Арқалық қаласы әкімдігі білі бөлімінің қосымша білім беру орталығы» ММ


Ашық дәріс
Тақырыбы: Ойлы болсаң озып көр
Өткізген: Жәмелова И.К
Арқалық 2016-2017