Ашы? саба? та?ырыбы: Электронды? кестелер. Кестелік процессор терезесіні? интерфейсі. Электронды? кестелерді? негізгі т?сініктері.
Сабақ: № Пәні: информатика Мектеп: №22 ЖОББМ
Орал қаласы
Оқытушының аты-жөні: Гумарова Айнур Жексенгалиевна
Тақырыбы: Электрондық кестелер. Кестелік процессор терезесінің интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі түсініктері.
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары Оқушыларға Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік беру, негізгі ұғымдарымен таныстыру, бағдарлама мүмкіндіктерін көрсету.
Сабақтың күтілетін нәтижесі Барлық оқушылар істей алады: Microsoft Excel электрондық кестесі жалпы түсінік алады.Оқушылардың көпшілігі істей алады: өз бетімен Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктерін біледі, ашып жұмыс жасай алады.Кейбір оқушылар істей алады: Microsoft Excel бағдарламасының терезе құрылымын біліп, онда жұмыс жасап бағалайды.
Терминдер Microsoft Excel, электрондық кесте, ленталар, рецензиялау
Алдыңғы бөлім Модельдеудің негізгі кезеңдері, қасиеттері
Ресурстар Компьютер,жұмыс дәптері,проектор,бағалау житондары, оқулық.
Жеті модуль аясында: АКТ, жаңа оқыту тәсілі, бағалау және оқудағы бағалау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Тұсаукесер
10 минут
Білу І.Ұйымдастыру.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Топқа бөлу: пазл арқылы 3 топқа бөлу
ІІ.Үй жұмысы.
«Ширату» әдісі
І кедергі «Асыл тасты сұрақтар» кезеңі«Компьютерде модельдерді жасау мен зерттеудің негізгі кезеңдері» тақырыбына байланысты сұрақтар:
1.Модель дегеніміз не?
2.Модельдеу дегеніміз не?
3.Модельдеу не үшін қолданылады?
4.Модельдеудің қандай түрін білесің?
5.Формалдау дегеніміз не?
6.Прототип деген не?
7.Модельдеудің қандай кезеңдері бар?
8.Компьютерлік модель дегеніміз қандай модель?
9.Компьютерлік емес модель дегеніміз қандай модель? Кезекші жауап береді.
Топқа бөлінеді.
Оқушылар жауап береді.
Бағалау житондар арқылы орындалады.
Үй тапсырмасына жауап берген оқушыларға житондар беріледі.
Негізгі бөлім
30 минут
Түсіну және қолдану ІІ кедергі «Білім бүкіл өміріңе» кезеңі.«Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,Жетерсің мұратыңа біле, біле.» (Жүсіп Баласаұғын) «Білім бүкіл өміріңе» кезеңінде жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтарымен таныстырамын.Жоспар бойынша тірек сызба дайындау:1. Microsoft Excel электрондық кестесіне жалпы түсінік2. Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері3. Microsoft Excel бағдарламасының терезе құрылымы«Жасыл шырша аясында» ойыныЖаңа сабақты бекіту мақсатында «Жасыл шырша аясында» ойынын бастайық. Ойын шарты: сұрақтар беріледі. Әр топқа 3 сұрақтан беріледі:
1) Excel бағдарламасы ... үшін пайдаланылады ( электрондық кестелерді әзірлеу)2) Баған мен жолдың қиылысқан жерін ... деп атаймыз ( ұяшық)3) Жұмыс кітабы ... бағаннан тұрады (16000)4) Excel бағдарламасында формуладағы ұяшықтардың адресін ... көрсетеді. (ұяшықтың атауы)5) Жұмыс кітабы ... жолдан тұрады. (1000000)6) Негізгі үш батырма ... жолына орналасқан ( тақырып жолы)7) Тігінен орналасқан жолақты ... деп атаймыз ( баған)8) Көлденең орналасқан жолақты .. деп атаймыз ( қатар)9) Бағандар ... бас әріптерімен белгіленеді. (латынның )
ІІІ кедергі «Маңызды өмірлік даналық» 1.Жұмыс үстелінен немесе Басты мәзірден (Пуск) менюінен Microsoft Office пакет құрамынан Microsoft Excel кестелік процессорын ашамыз.
2.А1 ұяшығына есіміңізді, В1 ұяшығына фамилияңызды енгізіңдер.
3.D3:D8 ұяшықтарына бүгінгі күннің сабақ кестесін енгізіңдер.
4. Төменде орналасқан бет (Лист1) атауын «сабақ кестесі» деген атаумен өзгертіңіз
5.Қосымша тағы 2 бет қосамыз.
6. Жұмысымызды әркім өз тегімен сақтайды. Ал, оқушылар енді жаңа тақырыпты түсіну үшін тірек сызба сызады.
Сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын тексеріп жауап санына қарай житон алады.
оқушылар жауабын тауып, жазады.
Маршруттық картамен жұмыстағы тапсырмаларды орындау барысына қарай житондар жинайды.
Қорытынды
5 минут
Талдау
Жинақтау 7. Оқушылардың жауаптарын қорытындылап, бағалау кезеңі.Топ оқушыларының жинаған жетондарына қарай бағалары қойылады. Топтарды және жеке оқушыларды марапаттау. 8. Үйге тапсырма 1. Оқулықпен жұмыс: С.Т.Мұхамбетжанова «Информатика 8» 84-94 беттер.3. Өз беттеріңмен есептеуге арналған тапсырма ойлап, жазып келу керек.4. Microsoft Excel электрондық кестесі туралы google.kz, yandex.kz сайттарынан мағлұматтар іздеп келу. Оқушыларды бағалау жинаған житондар арқылы орындалады.
Рефлексия