Биотикалы? оптимум. Организмдерді? тіршілік ортасына беймделуі


Сабақ:Биотикалық оптимум. Организмдердің тіршілік ортасына беймделуі. Мектеп:Шортанбай жалпы орта мектебі.
Күні: Мұғалім есімі:Ұзағалиева Құралай Шапхатқызы
Сынып:9 «а» Қатысқандар:21
Қатыспағандар саны: жоқ
Сабақ негізделген оқу мақсаты Биотикалық оптимум. Организмдердің тіршілік ортасына беймделуі туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Оптимум заңын үйренеді.
Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы төртке бөлінетінін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Су-тіршілік ортасы онда қандай ағзалар тіршілік ететінін біледі.
Топырақ та тіршілік ортасы болатынын біледі.
Кейбір оқушылар: Жер үсті – ауалы орта екенін біледі.
Тіршілік –орта ретіндегі ағзаларды біледі
Тілдік мақсат Оқушылар:
Экология нені зерттейді?
Экология терминін кім, қай еңбегінде, қашан ғылымға енгізді?
Экология қандай бөлімдерден тұрады?
Экологияның міндеттері.
Негізгі сөздер мен тіркестер. Биотоп, гидробионттар, аэробионттар,эндобионттар.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Ағзалардың сулы ортада таралып, беймделуіне судың қандай қасиеттері себеп болған?
Аэробты ағзалардың орасан саналуандығын жер үсті-ауалы ортаның қандай сипаттары анықтады?
Алдыңғы оқу Экология пәні. Ортаның экологиялық факторлары тақырыбын еске түсіру.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Оқу үшін бағалау
Басталуы 2 мин
Білу кезеңі 7 мин

1 мин Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Не ортақ?» тренингін өткіземін. Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Не ортақ ? екеніне сыни ойлана отырып жауап береді (Мыс: мектеп ортақ, білім ортақ, туған жеріміз ортақ...) Оқушыларды топқа бөлу және топ басшысын тағайындау.
Үй жұмысын тексеру.
Мақсаты:Оқушыларды болжам жасауға, өз ойын құруға , оны қорғауға мүмкіндік беру.
Биологиялық почта
І-топ
1.Экология ғылымы нені зерттейді?
2.Аутоэкология экологияның қандай бөлімі?
3.Жүйелеу атауларына кейбір экологиялық сипаттамаларды қай ғалым енгізді?
ІІ-топ
1.Экология терминін кім, қай еңбегінде , қашан ғылымға енгізді?
2.Демоэкология немен айналыатын сала?
3.Қазіргі кезде экологияға неліктен көп көңіл бөлінеді?
ІІІ- топ
1.Экология дербес ғылым болып дамуы нешінші ғасырда басталды?
2.Синэкология қандай экологиялық бөлім?
3.А.Гумбольдт экологияның дамуына қандай үлес қосты?
IV-топ
1.Экологияның қандай бөлімдері бар?
2..Б.Ламарк пен Ч. Дарвин тірлік экологиясына қоршаған жағдайлардың қандай рөлін бөліп көрсетті.
3.Экологияның міндеттері қандай?
Қалыптастырушы бағалау
Смайликтермен

Ортасы

Түсіну кезеңі 14 мин



Қолдану кезеңі 4 мин
2 мин «Білім еліне саяхат»
Мақсаты:Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріледі.
Электрондық оқулықтан тыңдау.
І-топ Су- тіршілік ортасы.
ІІ-топ Жер үсті ауалы орта.
ІІІ-топ Топырақ та тіршілік ортасы.
IV- топ Тіршілік –орта ретіндегі ағза
Интерактивті тапсырма № 2,3,7,10.
Қалыптастырушы бағалау.
Бір медаль, бір миссия

Аяқталуы
Талдау кезеңі 7 мин


Жинақтау кезеңі 5мин
Бағалау кезеңі 3мин Мақсаты:Ойларын дамыту, шығармашылық жұмысқа баулу, шешім қабылдауға үйрету.
Биологиялық диктант.
Жер бетінде тіршілік ----------------- сулы ортада пайда болды.
----------------- және --------------- ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерісінің барлығы сулы ортада өтеді.
Су құрамындағы оттектің мөлшері атмосферадағы құрамынан шамамен ----------- төмен болады.
Терминдермен жұмыс
Гидробионттар-
Аэробионттар-
Эндобионттар-
Эдафобус-
Сәйкестердіру.
1.Жер үсті-ауалы орта экологиялық жағдайлары бойынша А.қатал жағдайлармен сипатталады
2.Жер үсті – ауалы орта тіршілік үшін Ә.ауа құрамында жеткілікті болады.
3.Аэробты ағзалардың қарқынды тынысалуға қажетті оттегінің мөлшері
Б. ең күрделі орта.
Топтастыру.

Тест жұмысы
1.Жағдайының салыстырмалы тұрақтылығымен, сыртқы жаулардан қорғағандығымен, жеңіл қортылатын қоректің мол болуымен ерекшеленетін тіршілік ортасы.
А.су
Ә.организм
Б. құрлық-ауа
В. топырақ
2.Тірі ағзаларды қоршап тұрған және оларға белгілі дәрежеде әсер ететін табиғат бөлігі:
А.экологиялық топтар
Ә.тіршілік формалары
Б. тіршілік ортасы
3.Түрлі жүйелік топтарға жататынына қарамастан, бірдей экологиялық жағдайларда тіршілік ететін организмдердің құрылысында, физиологиясында,сыртқы келбетінде.
А. орта факторлары
Ә.экологиялық топтар
Б.тіршілік формалары
В. тіршілік ортасы
4. Жоғары тығыздық, күшті қысым ауытқушылықтары, оттегі мөлшерінің салыстырмалы аз болуы, күн сәулесінің күшті жұтылуы, т.б. қасиеттерге ие тіршілік ортасы.
А.су
Ә. Организм
Б.құрлық-ауа
В.топырақ
5.Қарапайым қатты дене ғана емес, ауамен, сумен қоршалған күрделі бөлшектерден тұратын, газдар қоспасымен сулы ертінділермен толтырылған қуыстар.
А.құрлық- ауа
Ә. Организм
Б. топырақ
В.су
6.Жер шарындағы негізгі тіршілік орталарының саны.
А. 4
Ә. 3
Б. 5
В.2
7.Тірі ағзалардың қоршаған ортаның жеке факторларына беймделгіштігі.
А. тіршілік формалары
Ә.орта факторлары
Б. экологиялық топтар
В. тіршілік ортасы
8. Газ тәрізді ортаның төменгі тығыздығымен, су буының аз оттегі мөлшерінің көптігімен сипатталатын тіршілік ортасы
А.су
Ә.организм
Б.топырақ
В. құрлық-ауа
9. Тіршілік ортасы дегеніміз –
А. жердегі түрлі табиғат жағдайларының жиынтығы
Ә. организмге қажетті тіршілік жағдайларының жиынтығы
Б. биотикалық факторлардың жиынтығы
В. абиотикалық факторлардың жмынтығы
10.Бенталь деген
А. мұхиттағы тіршіліктің жиынтығы
Ә.су қоймаларының бетіндегі микроорганизмдер
Б.мұхит түбіндегі тіршілік
В. мұхит бетіндегі тіршілік
11. Үнемі суда тіршілік ететін организмдер:
А. ЭндробионттарБ. Аэробионттар
Ә. Эктобионттар В. Гидробионттар
12. Құрлық-ауа ортасының тұрақты мекен етушілері
А. АэробионттарБ. Эктобионттар
Ә. ГидробионттарВ.Эндобионттар
Қалыптастырушы бағалау.
Білім ағашы.(Оқушылар сабақ бойынша рефлексия жазып жапсырады) Сөйлемді аяқта
Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілетті жоғары оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Тест тапсырмаларын орындау.
Бағалау-
Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Табыс критерийі
Оқу мақсатыы
Критерий
Дескрипторлар
Жеттім
Талпындым
ОМ1 А Оптимум заңын үйренеді.
Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы төртке бөлінетінін біледі ОМ2 В
Су-тіршілік ортасы онда қандай ағзалар тіршілік ететінін біледі.
Топырақ та тіршілік ортасы болатынын біледі. ОМ3 С Жер үсті – ауалы орта екенін біледі.
Тіршілік –орта ретіндегі ағзаларды біледі