Д?иетану п?нінен саба? жоспары Тірі организмдерді? тіршілік ортасына бейімделуі
Пәні: дүниетану Күні: Сыныбы: 4 « »
Сабақтың тақырыбы: Тірі организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі
Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқып, мағынасын ашу
Күтілетін нәтижелер: Тақырыптың маңыздылығымен танысады,
өз бетінше қорытынды шығарады;
Жауаперкершілікті сезінуге үйренеді.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдістер: Сұрақ-жауап, қорытындылау
Сабақ кезеңдері уақыт Мұғалім әрекеті: Оқушы әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі 2мин Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Оқушылардың сабаққа керек құралдарын даярлату Оқушылар сабаққа назарларын аударады.
Қызығушылықты ояту Тірі организмдер өсу үшін тіршілік ортасына бейімделеді.
Тіршілік ортасына бейімделе алмаған тірі организмдер Жер бетінен жойылып кетеді. Оқушылар қарайды,тыңдайды,қайталайды.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 3 мин Үй тапсырмасын оқушылардан жеке-жеке сұрау. Оқушылар жеке-жеке тақтаға шығады. Мазмұны айтылып болған соң сұрақтар қояды.
Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі мин 1.Ауа - райы деген не?2. ауа - райын бақылау үшін не қажет?3. неге бақылайды?4. ауа - райының қандай құбылыстарын білеміз? Әр оқушы сұрақтарға жауаптарын айтады.
Мақсат қою кезеңі Оқушылар сабақтың мазмұнын түсіне отырып, идеясын ашу. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
5 мин Барлық тірі организмдер өздері тіршілік ететін ортасына бейімделуге тиісті. Осылай болған жағдайда олар тірі қалады. Болмаған жағдайда олар қырылып қалады. Кейбір өсімдіктер мен жануарларда өмір сүру жағдайына бейімделуге көмектесетін ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер тұқым қуу арқылы олардың келесі ұрпағына беріліп, олардың тірі қалуын қамтамасыз етеді. Оқушылар назар аударып тыңдайды.Жауап береді.
Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі 14 мин Бейімделе алмаған организмдерге не болады?
Олар құриды. Яғни олар біздің жер шарымызда енді тіршілік ете алмайды. Мыңдаған тірі организмдер адам пайда болғанға дейін жойылып кеткен. Біз олар туралы қазбалардан табылып, тасқа айналған қалдықтары арқылы білеміз. Мүмкін динозаврлар өздерінің тіршілік ортасының өзгерісіне бейімделе алмай жойылып кеткен болар.
ЭССЕ жазу
Топтарға Өсімдіктер және жануарлардың рөліне кіру. Оқушылар сұрақтар бойынша жауап береді.
Топпен жұмыс жасайды.
Сергіту сәті 3 мин Сергіту сәті.
Ендi бiз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйiнiп,
Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз.
Жиi-жиi жаттығып,
Үлкен кiсi боламыз. Оқушылар тыңдайды,көреді,қайталайды.
Бекіту кезеңі 14 мин Дәптермен жұмыс.
Өсімдіктер мен жануарлар неге өзінің тіршілік ортасына бейімделуі керек?
Қандай жануарларды жойылып кеткен дейміз?
Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
5 жолды өлең
Тірі организм
Тіршілік етеді,өледі
Ерекше,бейімделгіш және бейімделе алмайтын
Адам да тірі организмге жатады.
Тіршілік иелері Жазады.
Үйге тапсырма беру, бағалау кезеңі Мазмұндау Үй тапсырмасынан түсінбегенін сұрайды.