Жаратылыстану п?ніні? ерекшелігі . Баяндама
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман. Білім сапасы, жас жеткіншектердің ғылымға ден қойғаны ең бірінші ұстаздардың біліктілігіне тікелей байланысты. Қазіргі заманғы ғылымның көптеген бағыттары бар. Өмірін ғылымға арнаған ғалымдар теориялық та, практикалық та тұрғыда зерттеулер жасай алады. Олар барлық қолда бар құжаттарды зерттейді немесе әртүрлі тәжірибелік бақылаулар жүргізеді. Биылға жылдың тағы бір ерекшелігі 1 сыныптан бастап жаратылыстану пәнінің енгізілуі.Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи білімқұмарлықтың дамуына, әлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың және қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі. Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:
-қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын;
-табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын;
-өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін;
-жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын түсінеді.
Жаратылыстану пәнінің негізгі мазмұны –оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді.Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «синтездейді».
«Жаратылыстану» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз
ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс. [1]
Осы пәнді оқу арқылы оқушылар зерттеушілер дегеніміздің белгілі бір ғылым саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістері мен құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізеді.
Мысалы: Ғарыш тақырбын өткен кезде оқушылар осы тақырыпты жақсы деңгейде меңгеру үшін сыныпты ғарыш әлемінде отырғандай етіп безендірім ,оқушыларды"Зерттеушілер","Мүсіншілер","Құрастырушылар", "Суретшілер"болып 4 топқа бөліп сабақ өткіздім..Бұл сабақта зерттеушілер тобындағы оқушылар тігілген скафандр киіп отыруға болады.Зерттеушілер зымыранның қалай ұшатынын зерттеу үшін тәжірибе жасайды.Ол үшін жіпті жоғарға байлап, төменгі жағына шарды үріп арнайы түтікшеге байлап ұршыру арқылы зымыранның қалай ұшатынына көз жеткізеді.Тағы тәжірибе жасау үшін үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қойдым. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасады.Бұндай тәжірибелер арқылы оқушылар зерттеуше машықтанады және көзбен көру арқылы көз жеткізеді. Осы сабақты бекіту мақсатында "Кэрролл" диаграммасын пайдалануға болады. Осыған сәйкес суреттерді жапсырады
Ғарыш әлемі (Күн,Марс,Юпитер т.с.с) Ғарыш әлемі емес (глобус,шар т.с.с)
Дөңгелек Дөңгелке емес
Кэрролл диаграммасы арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады,топтастырады.
Осы сабақта bilimland,Imektep сайттарынан осы сабаққа байланысты фильмдер көрсетуге болады.Осы фильмдерді көру арқылы оқушылар жаңа тақырыпты есте сақтап қалады және сол фильмдегі ойын жаттығулар оқушалрға өте жақсы көмектесті. Электр сабағын өткен кезде алдымен оқушылардың қызығушылығын ояту үшін "Жетістік жолы" әдісін пайдаланамын. Оқушылар өздері қалаған нүктелерге шоғырланады. "Білемін", "Білмеймін","Үйрендім","Досыма көмектестім" нүктелеріне шроғырланады. Бұл сабақта оқушылар зерттеу жұмысын жүргізу үшін пультпен жүретін әртүрлі ойыншықтар пайдаланады және ток шәйнекті әкеліп көздерін жеткізуге болады. Кері байланыс кезінде жаңағы "Жетістік жолына" қайта шоғырланады. Не себептен шоғырланғанын дәлелдейді. мысалы осы әдісті пайдаланған кезде Мади білмедім нүктесіне шоғырланып қалды. Ол жерге тұру себебін сабақ барысында тапсырмаларды орындауда қателесіп кеткенін айтып дәлелдеп берді. Бұл әдістер оқушыларды дәлелдеумен қатар өзін-өзі бағалауға және шынайылыққа үйретеді. [2]
Осы сабақтың соңында" Фишбоун" әдісін пайдаландым
41395657661910Балықтың қабырғаларна әртүрлі сұрақтар жазылады.
Екінші топ қарсы қабырғаларына жауаптарын жазады.
Бұл әдіс оқушыларды талдай білуге және инақтай білуге үйретеді.
Осы сабқта "Сөйлейтін қабырға "әдісін пайдаландым.
Табиғи жарық Жасанды жарық
Кестедегі екі жарық түрін салыстырады, айтады. Бұл әдісте оқушы салыстыруға, сөйлеуге,тыңдай білуге үйренеді.
Сабақтарды көптеген әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың жиынтық бағалауынан жақсы нәтиже көрсетуіне жағдай жасадым.
Жаратылыстану пәнінің ерекшелігі – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтінбөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға бағытталған.
Жалпы қорыта айтқанда Жаратылыстану пәні арқылы оқушылар мынандай нәрселерді үйренеді;
- қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізуге;
- өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін анықтауға;
- заманауи технологияларды сауатты пайдалануға;
- өзіндік қарапайым зерттеулерден қорытындыларын жасауға үйренеді. [4]
Қолданылған әдебиеттер:
1.Жаратылыстану оқу бағдарламасы
2.Жаратылыстану оқулығы
3. 45minutkz
4.Мұғалімге арналған нұсқаулық