Физика п?нін халы?ты? педагогика та?ылымдарымен байланыстыра отырып о?ыту.


Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен
байланыстыра отырып оқыту.
Халық педагогикасының негізгі көздер мақсаты - өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасы, ауыл-аймақтың, Отанын сүюге, ар- намысын қорғауға және адамгершілік қасиеттерге баулу. Білім мен тәрбиенің қайнар көзі- халықтық педагогика. Балаларды халықтық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеуге , құрметтеуге үйреткен абзал. Өз халқының мол мұрасын , ұлттық ерекшеліктерін білудің адам болып қалыптасуына берер пайдасы зор. Міне өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Халықтық педагогика тағылымдарын пайдалану, физика пәнінің әр тарауларынан сабақ түрлері оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау сапалы өткізуге , материалды толық меңгеруге көмектеседі. Бұдан оқушы ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйренеді. Халықық педагогика тағылымдарын физика сабағында қолдану-оның білімділік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде мәні зор. Жекеленген тақырыптарда ұлттық бұйым, ұлттық ұғымдарды пайдалануға болады. Мысалы білезік-физикалық дене, күміс- зат, торсық-дене. Жылу өткізгіштік тақырыбында, киіз үйді айтуға болады. Жүн, киіз,түбіт аң терілерінің ауа қабаттары жылуды нашар өткізеді. Яғни жылуды нашар өткізетін заттар жылуды сақтау үшін қажет. Киіз үйдің уық,керегелерін талдан ааштардан жасайды. Уық, кереге жасалатын ағаштар 40-45 күн көлеңкеде кептіріледі содан түрлі бейнеге келу үшін морға салып балқытады, бұл жерде иілу, бұралу деформациясын, ыстыққа салып балқыту. Міне осы жерде меншікті балқыту температурасын айту керек. Диффузия, конвекция тақырыптарында тері илеу, ыстау құбылыстары, конвекция трубадағы жылы ауаның жоғғары көтеріліп, суық ауа төмен отыққа түсіп, тарту құбылысы конвекция орындалады. Потенциалдық , кинетикалық энергия тақырыптарын өткенде садақ кермесінің, потенциалдық, садақ жебесінің кинетикалық энергияларға ие болатынын айта кету керек. Механикалық энергияның бір түрден екінші түрге айналуын тербелген алтыбақанда, аспалы бесікте энергиялардың түрленуі. Садақты тартқанда керменің потенциалдық энергиясы садақ жебесінің кинетикалық айналуын айтуға болады. Үйкеліс күші- Алғашқы адамдардың шақпақ тасты үйкеу арқылы от жағуы. Дене массасы, көлем тақырыптарында ұлттық масса бірліктері –уыс, қос уыс,шымшым: грамм көлем—елі, қазы, қадам. Уақыт—тал түс, қасқағым, таңсәрі, бір сәт, қас пен көздің арасы. Физика- табиғат, табиғатты зерттеу жөніндегі ғылым. Физика құбылысының терең тылсымына үнілуде адамзат баласы талай тәжірибелер жинақтады. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп, өну ілгерлеу жоқ.
Алматы облысы. Кербұлақ ауданы
Сарыөзек ауылы
«Д.Қонев атындағы орта мектеп» КММ
Физика пәнінің мұғалімі
Тажибаева Шолпан Ержігітқызы