Саба? Тікт?ртб?рышпен шаршыны? ауданы (3 сынып)
«Қостанай қаласы әкімдігінің
№ 18 мектеп-гимназиясы» ММ
бастауыш сынып мұғалімі -
Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Математика сабағы – 3 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Тіктөртбұрышпен шаршының ауданы. Ауданның өлшем бірлігі – (см2 , дм2, м2 )
Сабақтың мақсаты: фигураның ауданы туралы білімдерін нақтылау; тіктөртбұрыштың ауданын есептеу тәсілі туралы білімдерін пысықтау; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; еңбек етуге баулу
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, оқулық, геометриялық фигуралар, метр, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
үй тапсырмасын тексеру
«Ия – жоқ» математикалық диктанты. Тұжырымдарды оқимын оқушылар тұрымдармен келісетінін не келіспейтіндерін жазады
Тіктөрбұрыштың периметрі- бұл екі қабырғасының қосындысы.
Ұшбұрыштың барлық бұрыштары тік.
Төртбұрыштың төрт бұрышы бар.
Шаршының барлық қабырғалары тең.
Фигураның ауданы см2 мен өлшенеді.
Периметр квадрат сантиметрмен өлшенеді
Геометриялық фигуралардың ауданы кв. См-мен өлшенеді.
Соңынан өздері тексереді, бағалайды.
Жаңа сабақты еңгізу
Жаңа сабақты қабылдауға дайындық жұмысы үшін бірнеше геомтриялық фигуралардың ауданын табуды ұсынамын
Балалар компьютермен жұмыс істейді ауданын табады
Дм2 және м2 мен таныстыру үшін сынып тақтасының және парталарының ауданын анықтауды және үлкен заттарды кв.см – мен өлшеудің қолайлылығын сұраймын.
Қандай өлшем бірлікті қолданған ыңғайлы?
Сынып бөлмесінің ауданын қандай өлшеммен өлшеген қолайлы?
Қабырғасының ұзындығы 1 дм- бұл дм 2. 1дм2 – бұл 100 см2
Егер бізге сыныптың ұзындығы мен енін есептеу ыңғайлы болса, сынып ауданын квадрат метрмен есептеген дұрыс,
1м2 бұл 100 дм2
Балалар тәжірибе үшін сынып бөлмесіндегі заттардың ауданын табады
Сергіту сәті
Көзге арналған жаттығулар жасатамын
Есептің шартын қысқаша жазуға үйретемін
а- 6 мS-12 м 2
в – 4 ма- 3м
S - ?в- ? м
Оқулықпен жұмыс
Бекіту алғашқы бекіту үшін № 1 тапсырма
а -10сма -1дм
в-10смв – 1 дм
S - ?S - ?
10*10 = 100 см21*1 = 1 дм2
Жауабы; 100 см2Жауабы: 1 дм2
3 тапсырма
а -4см
в -3см
S - ?
4*3 = 12
Жауабы: 12 см2а -5см
в -3см
S - ?
5*3 = 15
Жауабы: 15 см2
Содан кейін № 4, 5 тапсырманың материалдарын сүйене отырып, оқушылар тіктөртбұрыштың ауданын табу және ауыстырымдылық қасиеттерімен танысады
457200152400S тіктөртб. = а*в = в*а
00S тіктөртб. = а*в = в*а
Өткен тақырыппен жұмыс
№ 6 тапсырманы орындатам Балалар 1000 теңгеге қанша тауар алатындарын және қанша ақшалары қалатындарын есептейді.
7. Өздік жұмыс
Балаларға жеке жеке кеспе қағаздарын үлестіремін
8 Сабақты қортындылау
Үйде орындауға № 7 (ә) тапсырмасын беремін. Үйде өз бөлмелерінің ауданын табады.
9. Бағалау