6-7 сыныптар?а арнал?ан биология п?нінен саба? жоспарлары
Сабақ №47-48
Сынып: 7
Күні:________
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы. Жыландар. Сарыбас жылан, сұр жылан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға «жыландар» және жорғалаушылар жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамытып, көзқарас аясын кеңейту.
Тәрбиелік: жануарларды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас.Сабақтың әдісі: ұжымдық ойлау.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі (2 минут):
II. Үй тапсырмасын сұрау (15 минут):
Жорғалаушылардың және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтары жойылған. Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен тұрады.
Жорғалаушылардың қаңқасы
Омыртқа жотасы
Жамбас белдеуі мен артқы аяқтары
Бассүйек
Кеуде қуысы
Иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары
Жорғалаушылардың асқорыту жүйесі қосмекенділерге ұқсас. Ауыз қуысының түбінде қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға, айналаны сипап сезуге көмектеседі. Жыланның тілі жіңішке, ұшы екі айыр, ол сипап сезу қызметін атқарады. Жыланның уы үстіңгі жақсүйекте орналасқан улы терістірінде болады. Сілекей бездері өзгеріп, у бөлетін бездерге айналған. Сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады.
Жорғалаушылар өкпесімен ғана тыныс алады. Өкпесі көптеген ұсақ ұяшықтардан тұрады. Ауа өтетін тыныс мүшелері – жұп танау тесіктерінен, жұтқыншақтан, көмекейден, кеңірдектен және ауатамырлардан тұрады.
Жорғалаушылардың сезім мүшелері
Көз
Танау тесіктері мүшелері
Құлақ
Жорғалаушылар – дара жынысты, бәрі де іштей ұрықтанады. Кейбір трі ұрықтанған жұмыртқа салады, ал кейбір түрлері тірі туады. Қаражылан жұмыртқа салады, ал кейбір түрлері де тірі туады. Қаражылан жұмыртқа салады. Жорғалаушылардың көптеген түрлері ылғалы мол әрі жылы, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай аймақтарда таралған. Кейбір жыландар, кесірткелер құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді және биік таулы аумақтарда кездеседі.
Санмен тізбеленген белгілердің қай жануарларға тән екенін кестеге толтырыңдар:
Сүйекті балықтар Қосмекенділер Жорғалаушылар
Қарыншасының арасында жартылай пердесі бар
Жүрегі екі құлақша, бір қарыншадан тұрады
Терісі құрғақ, мүйізді қабыршақтармен қапталған
Өкпесі арқылы ғана тыныс алады
Өкпесімен де, терісімен де тыныс алады
Таспа тәрізді созылыңқы жұп бүйрегі бар
Жамбасқа жақын орналасқан 2 бүйрегі бар
Ми қыртысының нышаны байқалады
Аналь тесігі бар
Клоакасы бар
Іштей ұрықтанады
Түрленіп дамиды
Кеңірдек, ауатамыр мүшелері пайда болады
Омыртқа жотасы: мойын, тұлға, сегізкөз, құйрық бөлімдерін бөлінген
Алғаш рет кеуде қуысы пайда болған
Қанайналымы 2 шеңберден тұрады
Саусаққанаттарының ұшында мүйізді тырнақтары болмайды
Саусақанаттарында мүйізді тырнақтары болады
Денесінде аралас қан тарайды
Сырттай ұрықтанады
Жылан – мүшелдік жыл санауға кірген 6 жыл. Жылан қабырғаларының төменгі ұшы бұлшықеттердің арасында бос жатады. Сондықтан денесін иренлендетіп, тез қозғала алады. Жыланның бас бөлігіндегі көптеген сүйектер бірімен -бірі қозғалмалы байланысқандықтан, ірі қоректерді оңай жұтады.
Қазақстанда кездесетін жыландардың 18 түрінің төрт түрі улы жыландар. Оған кәдімгі және дала сұржыландары, қалқантұмсық оқжылн жатады. Улы жыландар қорегін улы тістері арқылы бөлінетін удың көмегімен ұстайды. Жыланның улы бездері үстіңгі жақ сүйекте, көздің артқы жағында орналасады. Жылан ұшы екі айыр тілі арқылы айналасын сипап сезеді. Жыланның улы мөлдір, сарғыш түсті, иісі болмайды. Сұржыланның уы көбіне қанға әсер етеді де, қан жасушалары, қан тамырлар зақымданады. Кейбір улы жыландардың уы адамның жүйке жүйесіне әсер етеді. Сондықтан адам есінен танып, сандырақтайды, қорқыныш, үрей туындайды.
Сұржыланның жонынан бойлай орналасқан ирелендеген қара жолағы болады. Қалқантұмсықтың басындағы қалқандары ірі. Көзі мен танау тесігінің ортасында ойыс шұңқыры болады. Қалқантұмсық ойыс шұңқыры арқылы айналадағы температураның өзгерісін сезеді. Ол Қазақстанның оңтүстік аумағында кеңінен таралған.
Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі – оқжылан. Оның денесі жіңішке, басы шағын, көзі үлкен. Өте жылдам қозғалуына байланысты «оқжылан» деп аталған. Оның ұсақ улы тістері аузының түбіне жақын орналасқан. Оқжылан қорегін аңдып аулайды және көлдеңінен тістеп ұстайды.
№8 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Тірі кесірткені (улы емес жыланды және тасбақаны) бақылау
Құрал-жабдықтар: кесірткенің суреті, кесірткенің сыртқы құрылысы мен қаңқасының сызбанұсқасы, кесірткенің сыртқы құрылысы мен қаңқасының сызбанұсқасы
Кесірткенің суретінен дене пішінін, бөлімдерін анықтау.
Кесірткенің дене бөлімдеріне, аяқтарының ерекшеліктеріне көңіл аудару.
Жетісулық бақатіс
Үйге тапсырма: Жорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы. Жыландар. Сарыбас жылан, сұр жылан
Оқушылардың білімін бағалау