?аза? тілі. 3 сынып. Саба?ты? та?ырыбы: Мені? сыныбым


№ 4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі
Нұрлыбаева Гуляим Байгуттиевна.
3 «Г» орыс сыныбында өткен ашық сабақ жоспары.Тақырыбы: «Менің сыныбым.» «Нәтиже сабақ.»Мақсаты: «Менің сыныбым»тақырыбы көлемінде сын есімдерді қайталай отырып,жаңа сөздерді қолданып,осы тақырып бойынша өз ойын жеткізе білу,өзгенің айтқанын түсіне білу.Өтілген материалмен байланыстыра отырып,қарапайым сөйлем құрастыру.Ол сөйлемді түрлі тілдік конструкцияда пайдалана білуді үйрету.Тіл дамыту,логикалық ойлау ,сөйлеу қабілетін арттыру,сөздік қорын молайту,тілге деген қызығушылығын арттыру.Топта жұмыс істей білуге,жылдамдыққа,шапшаңдылыққа,өз ойын тез және жүйелі түрде жекізе білуге үйрету.Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:бекіту.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын әлементтерін пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі:сайд,айлар ,апта атаулары, «көктем» суреті,сөзжұмбақ,мақал-мәтелдер,тақырыбқа байланысты суреттер,желім,түрлі-түсті қарындаштар,плакаттар.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.1.1.Психологиялық сәт: Барлығымыз ортаға шығып, шеңбер жасап тұрамыз. Бір-біріміздің қолымызды ұстап, оң жақтағы көршіме, сол жақтағы көршіме күлімсіреп қараймыз да барлығымыз «Саламатсыздар ма» деп ,бір-бірімізге жақсы тілектер айтамыз.
1.2Ауызекі сөйлеу.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем айларын кім атайды?-Қазір қай ай?
-Аптаның қай күні?-Сонан соң?-деп апта күндерін қайталап өтеміз.
1.3.Кластер.
Менің атым ...
Мен ... жастамын.
Біздің сынып ....
Менің досым ...
ІІ.Өткенге шолу.
2.1.Сөзжұмбақты шешу.Барлық сөз жазылғанда,тігінен «сыныбым» деген сөз шығады.
2.2.Постер құру.
1-топ-Менің мектебім.
2-топ -Менің сыныбым.
2.3.Сынып ережесі.(слайд)
Мұғалімді тыңда.Сабақта шулама.Сабаққа кешікпе.Оқу-құралыңа мұқият бол.Сабаққа белсене қатыс.Бір-біріңді тыңдай біл.
ІІІ.Бекіту.
3.1.Фонетикалық тапсырма. Жұмбақ шеш.
Алмада бар,жүзімде жоқ.
Алмұртта бар,шиеде жоқ. . (А)
-А –қандай дыбыс?
3.2.Дәптерде жұмыс .Көркем жазу.Аа
Ақыл көпке жеткізеді,
Өнер көкке жеткізеді. (мақалды адарып,мағынасын ашу)
3.3Тіл дамыту.
-Енді,мен қойылған сауалға «а» дыбысымен басталатын сөздермен жауап беріңдер.
-Сенің атың кім?
-Сенің тегің кім?
-Қай қалада тұрасың?
-Қай үйде тұрасың?
-Нешінші пәтерде тұрасың?
-Досыңның аты кім?
-Анаңның аты кім?
3.4.Білгенге маржан.
(Ы.Алтынсарин туралы мағұлымат тыңдап, «Әке мен бала» ертегін көру.)
-Ы.Алтынсарин кім?
-Қазақ балалары үшін не істеді?
-Ертегі не туралы?
-Еңбек туралы қандай мақал білесің?
-Сендер ,балалар ,қалай еңбектенесіңдр?
-Сабақтан қандай жеміс аласыңдар?
-Ендеше,балалар,сабақта жақсы бағаларға қол жеткізейік.
Түйінді:Мың малың болғанша,
Бір балаң ғалым болсын.
ІV.Сергіту сәті.
«Қара жорға» биі.
3.4.Оқулықпен жұмыс.
202-бет.3-тапсырма.
-Сан есім деген не? Немесе есептік сан есімді реттік сан есімге ауыстырып,көшіріп жазу.
Мен үш ... сыныпта оқимын.Сара екі ... қатарда отыр.Асан бес ... партада отыр.Гүл үш ... терезеде тұр.
3.5.Сөйлеп үйрен.
Оқушы,мұғалім,терезе,тақта.
1.Зат есім.
2.Сын есім.
3.Етістік.
3.6.Үнсіз диктант. Өзін-өзі тексеру.
Мен суреттерді көрсетем,ал сендер сөздің атауларын жазасыңдар.
Тақта,кітап,дәптер,сурет дәптері,сызғыш,өшіргіш,ұштағыш,мұғалім,оқушы.
3.7.Мәнерлеп оқу сайысы.
«Жақсы оқушы боламын.» (С.Қалиев.)
202-бет 1-тапсырма.
V.Сабақты қорытындылау.
Ойын: «Ыстық орындық.»
Мен қазір мінездемелер оқимын, ал сендер бұл кім екенін тауып айтыңдар келістік пе?• Біздің сыныпта ең тәртіпті оқушы ....• Сыныпта ең зерек оқушы ол...• Достықты қадірлей білетін оқушы ...• Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ...• Егер де сыныпта көңілсіз болса, онда бүгін сабақта .... болмағаны • .... тақта алдында жауап бергені бізге өте қызық• Жарыстардың лидері ол ...• Сыныпта ең салмақты .... деп санаймыз• Арамызда өлеңді нақышына келтіріп оқитын ....• Билеуден жан салмайтын ....• Сыныптағы ең ақкөңіл ол....• Көмегін аямайтын ... деп есептеймін
VІ.Бағалау. Үйге тапсырма.
202-бет 1-тапсырма жаттау.