Мені? сыныбым мені? ?жымым (4 сынып)


Өзiн-өзi тану сабағы
Бекітемін
Мерзiм____________№_____
Тақырып: Менің сыныбым менің ұжымым
Құндылық:
Қасиеттер:бірлік, сыйластық, достық
Сынып:
Сабақтың мақсаты: оқушылардың «ұжым» , «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу; Сабақ барысы:
Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жәймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Ресурстар:
Үй тапсырмасын тексеру.
1.А.Шамкеновтің «Біздің сынып» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
2.Суреттегі балалардың көңіл күйі туралы айтып беру. (26 бет) Сабақ барысын талқылау:
Әңгiмелеу (сұхбат).
М.Гумеровтың «Күмән» әңгімесі
Әңгімедегі оқиғадан сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады?
Олардың бойынан қандай жағымсыз қасиеттерді байқадыңдар? Одан қалай арылуға болады? Сендер не істеген болар едіңдер?
Өз сыныптарыңда осыған ұқсас оқиғалар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Дәйек сөз.
«Ұжымда болу бақыт»
Ә.Табылдиев
Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жағдаяттарды талдау.
1 жағдаят
Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «бас жүлде» алып жеңіспен оралды. Қуанышында шек жоқ.
Оның қуанышын қалай бөлісер едің?
2 жағдаят
Сыныптасың «Білімнің биік шыңы» атты сайысқа жеңіліп қалды. Ол қатты ренжулі.
Оған қалай көмектесер едіңдер?
3 жағдаят
Сынып балалары ылғи тәртіпсіздік жасайды. Осылары үшін кезекші сынып оларды «Кірпі» газетіне шығарды.
Осыдан кейін қандай шешім қабылдар едіңдер?
Топпен ән айту.
Дос болайық бәріміз
Сөзін жазған: Х.Талғаров
Әнін жазған: И.Нүсіпбаев
Үй тапсырмасы.
Әже әңгімесін оқып келу.
Қ. Мырза Әлидің «Арман мен ақыл» өлеңін мәнерлеп оқу. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.