?зін-?зі тану п?нінен Мені? сыныбым- мені? ?жымым та?ырыбына саба? жоспары


Күні:
Сынып 4
Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым-менің ұжымым Ұжымда болу-бақыт. Ә.Табылдиев.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
* Өзара татулық,сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
* Бірлікке,сыйластыққа,достыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «ұжым», «достық»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық.
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.Балалар «Дос болайық бәрәміз» әнін шырқайды.
Әңгімелесу* Бірлік,сыйластық,түсіністік,ұйымшылдық,ұжымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
* Өз сыныбың несімен ұнайды?
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға сынып ұжымындағы қарым-қатынастар туралы түсінік беру мақсатында М.Гумеровтың «Күмән»әңгімесін оқу.
Дәйексөз
Ә.Табылдиевтың «Ұжым болу-бақыт» дегн нақыл сөзінің мәнін ашып түсіндіру.
Жаңа ақпарат
Оқушылардың сабақта алған білімдерін жаңа ақпарат арқылы толықтыру. Тыныштық сәті Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт денесі,ойы сергітіледі.
Жағдаяттарды талдау
Оқушылардың сынып ұжымы туралы пікірлерін білу мақсатында жаттығу-ойлану жүргізіледі.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген бос жолдарға өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жазу.
Қорытындылау -Біз бүгінгі сабақта сыныптастар арасында өзара сыйластық,достық,түсіністік,кешірімділік болуы тиістігін ұғындық.Біз бір ұжым екендігімізді сезіндік.
Жүректен жүреккеБалалар кезектесіп сыныптастарына тілек айтады және А.Шамкеновтың «Біздің сынып»атты өлеңін түсініп оқиды.