?аза?стан тарихы бойынша ?айталау саба?ы сынып: 8 «Білгір – топ басшысы
Қазақстан тарихы бойынша қайталау сабағы
сынып: 8
«Білгір – топ басшысы»Сабақтың мақсаты: Қазақстан тарихы бойынша алған білімдерін жинақтап одан әрі танымдылығын арттыру.Оқушылардың қазақ тарихын білуге қызығушылығын арттыру, қосымша іздеуге мүмкіндік жасау.Елін, отанын сүюге, адамгершілікке , ерлікке, адамдыққа тәрбиелеу. Қазақ халқының мақал – мәтелдерін, даналық сөздерін оқып – үйренуіне шешендікке баулау.Көрнекілік: Плакатқа жазылған сөздер, слайдттар«Ел көшін бастау маған – сын, мені қостау елге сын,»
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»Сабақ түрі: Интеллектуалды шоу – ойыны.Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Әділқазы алқасы.3. Ойынды балдық жүйемен бағалау. (10 балдан – 40 балға)Ойын сатылары:
• Бәйге Тарихыңды білесің бе?• Көкпар (Отан, туған жер туралы мақал – мәтел тартысы)• Даналардан шыққан сөз.• Шешендік (Оратор) «Тәуелсіздікті нығайту үшін күрес – елге тиген үлес.»Ұйымдастыру. Топ оқушылары екі топқа бөлінеді. Сабаққа шақырылған мұғалімдерден әділ қазы сайланды.
Ойын нәтижесі: екі топтың ішінен топ басшысын анықтау.
І.тур Бәйге.
Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған»Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары: Сәмеке мен ӘбілқайырЖоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы: 1724-1725жылыҚазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731жылыКіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна ИоанновнаXVIII ғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы: Әбілқайыр ханКіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндағұлұлы, Қоштайұлы1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшы1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс:Ор1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы : В.ТатищевӘбілқайырды 1748 жылы өлтірген:Барақ сұлтанОрынбор қаласының салынуы :1743 жылы1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан: Қайып сұлтанXVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп : Колыван шебіXVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары: Семей, Өскемен, Бұқтырма1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі:Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды: Жайық жағалауына мал жаюғаЖайық бойында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды: 1756 жылы1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан: Әбілмәмбет
Сайыс қорытындысы шығарылады, ұпайлар саналады.ІІ тур, екі топ бір – біріне мақал айтып, «Көкпарға» түседі. Кім тапқыр, білгір!Мақалдың жартысы айтылады, жасырылған сөзді, қазақ – орыс тілінде айту.
І топ
1. Ашу бар жерде,
Ақыл тұрмайды. Ақыл – ум 2. Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген хат таныр. Хат – письмо.3. Ойламаған ми сасиды,
Көп тұрған су сасиды. Су – вода.4. Ерді намыс ,
Қоянды қамыс өлтіреді. Қоян – заяц.5. Кітап – білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы. Білім – знание6. Ағаны көріп, іні өсер
Аға – брат
Апаны көріп, сіңлі өсер. Апа – сестра
ІІ топ
Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті. Нан – хлеб2. Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар. Қол – рука3. Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар. Сөз – слова4. Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі. Мың – тысяча5. Адамды адам еткен
Еңбек – труд6. Оқу инемен құдық қазғандай
Ине – игла
ІІІ тур. Даналардан шыққан сөз... кімнің айтқаны.
1. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Әуелі – надандық, 2 - еріншектік,
3 - залымдылық» (Абай)2. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,Шындықтың уын ішіп жүрген артық» (Б. Момышұлы)3..... Еш бір дұшпан басынбаған елміз,Басымыздан сөзді асырмаған елміз. (Қазыбек би)4. Ана тілін ұмытқан адам,Өз халқын өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. (Ғ. Мүсірепов) 1. Мен - қазақпын биікпін байтақ елмін,Қайта тудым, өмірге қайта келдім. (Ж. Молдағалиев)2. Ойыл деген ойынды, отын тапсаң тойыңды. (Асан қайғы)
3. Байлық – еритін мұз,Бала – артта қалған із. (Төле би)4..... Оңай деген не?Қиын деген не?Оңай ақыл айту,Қиын орындау. (Мөңке би)
ІІІ турдың қорытындысын айту әділ қазыға беріледі.Екі топтан көп бал жинаған екі оқушы шығып, «Тәуелсіздікті нығайту үшін күрес – елге тиген үлес» тақырыбы бойынша шешендік сайысына қатысады.ІV турдың қорытындысы бойынша «Топ басшысы» анықталады.
Сабақ соңында жақсы жауап берген оқушылар бағаланады.