Білгір химик 8 сынып о?ушыларына сыныптан тыс ж?мыс



Сыныптан тыс жұмыс
Сыныбы: 8
Тақырыбы: «Білгір химик»
Мақсаты: Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беру. Оқушының пәнге қызығуын арттыру. Алған білімдерін тұрмыста, еңбекте, өмірде қолданып дамыту. Адамгершілікке, эстетикаға, шеберлікке, жинақылыққа, сөз сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Жұмыстың түрі : сайыс
Барысы:
Сайыстың жүру жоспары:
Топты таныстыру (эмблема, газет шығару)
Химиялық диктант (1 мин ішінде химиялық элементтердің формулаларын жазу)
«Кәне танысайық» диктант
«Химик эрудит» капитандар сайысы.
«Жоғалып кеткен сөздер»
«Химик-экспериментшілер»
«Бақытты сәт» ойыны . Кім көп бідеді?
8. Үй тапсырмасы: қызықты тәжирибе көрсету
Басқарушы:
Адамнан ғылым айла асырмаған.
Құпиясын құлыптап жасырмаған
Қел екеуіміз ғылымның тілін зерттеп,
Бір жұмбағын ашайық ашылмаған, -дей отырып, «Қызықты химия ғажайыптары» сайысын бастаймыз.
1. Топты таныстыру (эмблема, газет шығару) Әр топ жетекшілері өздерін таныстырады.
Химиялық диктант (әр топтан 1 оқушыдан шығып ,1 мин ішінде химиялық элементтердің формулаларын жазып шығу керек).
«Кәне танысайық» диктант . Қалған оқушылар мына тапсырмаларды орындайды :
1 Тапсырма. Мына құбылыстарды физикалық құбылысқа жатса «Ф» деп, химиялық құбылысқа жатса, «Х» деп белгіледер.
Судың булануы
Әк суының көмірқышқыл газы әсерінен лайлануы
Май шамның жануы
Металдың таттануы
Ағаштың жануы
Шегенің тот басуы.
Дұрыс жауап: ФХХХХХ
2- тапсырма . Мына заттар егер таза затқа жататын болса, «З» деп, қоспа болса «Қ» деп белгілеңіздер.
1). Дистильденген су; 2.) топырақ; 3) ауа ; 4) мыс; 5) қант; 6) фосфор
Дұрыс жауап: ЗҚҚЗЗЗ
3-тапсырма. Қай сөйлемде химиялық элемент жөнінде сөз болып тұр, ал қай сөйлемде жай зат ретінде айтылып тұр.
1) Мыс купоросының құрамында мыс бар
2) Балық судағы еріген оттегімен тыныс алады.
3) Таттың құрамына темір кіреді.
4) Күкірт пен темір араластырылған.
6) Мыс оксидінің құрамында мыс және оттек кіреді.
Дұрыс жауап: ЭЖЭЖЖЭ
Бақарушы: Білмейтінің білем деп олжа қуар,
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.
Химияны болжаммен ұға алмайсын,

Формуланың оң жағы мен сол жағы бар,- дей отырып «Химик эрудит» капитандар сайсына кезек береміз.
Тапсырма. «Теңестіріп үйреңіңіз».Төмендегі реакциялардың сызбасын көшіріп жазып, коэффициенттерін қайып, теңестіріңіз. Қай типіне жататының анықтаңыз.
1) P 2O5 + ...... → H 3PO4
2) Na 2O + …… → NaOH
3) K 2O + …… → KCI+H 2O
4) PH3 +…… → P 2O 5+H 2O
5) SO3 + ……→Na 2SO 4+H 2O
6) CaO + …… → CaSiO3
4. «Жоғалып кеткен сөздер» орнына «атом» немесе «молекула» сөздерін қойыңыздар.
1-команданың тапсырмасы:
1. Ауадағы газдардың құрамына оттектің.......................... кіреді.
2. Су..................оттектің және сутектің ......................... тұрады.
3. Жемістің қайнатпа болуы оның құрамындағы қант ....................... байланысты.
2-команданың тапсырмасы:
1. Шіріген жұмыртқаның иісі күкіртсутек .................... байланысты.
2. Күкіртсутек сутек............... және күкірт ................ тұрады.
3. Қантты суда еріткенде қант ................... су ............... арасында тарайды.
«Химик-экспериментшілер»
1-команданың тапсырмасы:
Сыртында этикеткасы жоқ екі сынауықтың біреуінде-қышқыл, екіншісінде-негіз. Қай сынауықта қандай зат бар екенің тәжирибе арқылы анықта.
2-команданың тапсырмасы: Сыртында этикеткасы жоқ екі сынауықтың біреуінде-оттегі газы, екіншісінде-сутегі газы. Қай сынауықта қандай зат бар екенің тәжирибе арқылы анықта.
«Бақытты сәт» ойыны . Кім көп бідеді? (1 мин ішінде екі топ қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек. Дұрыс жауап берген топқа 1 ұпай беріледі.)
1-команданың сұрақтары:
1 .Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сандар? ( коэффициенттер)
2.Авогадро тұрақтысы? (6,023*1023 )
3 Ас тұзының формуласы?
4. Азот қышқылының тұздары? (нитраттар)
5.Оксидтер жіктеледі? (негіздік, қышқылдық, екідайлы)
6. Физикалық денелерді құрайтың нәрсе? (заттар)
7. Ауаның құрамында оттектің неше пайызы бар? ( 21% )
8. Бөлінбейтін ең ұсақ бөлшек? (атом)
9. Атом-молекулалық ілімді жасаған орыс ғалымы? ( М В Ломоносов)
10. Мыстың латынша аты? ( купрум)
2-команданың сұрақтары:
1. Заттардың өзара ұқсастығын көрсететін белгілері ? ( қасиеттері).
2. Негіздер жіктеледі? ( еритін, ерімейтін, екідайлы).
3. Күкірт қышқылының тұздары? (сульфаттар)
4. Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым? ( Н Н Бекетов)
5. Ауаның құрамында азоттың неше пайызы бар? ( 78% )
6. Өнеркәсіпте оттекті неден алады?( ауадан)
7. Қышқыл және сілті ортада өздерінің түсін өзгертетін заттар? (индикатор)
8. Фосфор қышқылының формуласы?
9. Жылу және жарық бөле жүретін реакция? (жану реакциясы)
10. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі ? (моль)
Үй тапсырмасы: қ ызықты тәжирибе көрсету. ( Әр команда өздерінің қызықты тәжірибелерін көрсетеді)