Саба? жоспары Адам а?засы ж?не оны куту


АДАМ АҒЗАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ КҮТУ
1 – сабақ
Тақырыбы: Адам – табиғат перзенті.
Мақсаты: Адамның тіршілік етіп, өмір сүру табиғатпен байланысты екенін түсіндіру.
Міндеті.
Адам мен жануарлардың өмір сүру үшін қолайлы жағдайларды теріп айтып, оны түсіндіру.
Адам табиғат перзенті екенін дәлел келтіріп әңгімелеу.
Мақал – мәтелдерден мыса келтіріп, мағынасын түсіндіру.
Сабақтың барысы.
Психологиялық икем
Сабақтың бұл бөлігі оқушының алда тұрған жұмысқа икемделіп, ойын жинақтап, оқу материалын қабылдауға және дайындауға көмектесетін ең маңызды бөлігі.
Әрбір сабақ басталғанда оқушының сабаққа деген ынта – жігерін, оған сенімділігін арттырып отыруға тырысу керек.
«Дүниетану» пәніне кіріспе әңгіме.
Пәннің мақсат – міндеті, оның қоршаған ортамен байланысын түсіндіріп, алдағы уақытта алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалануға болатындығын түсіндіру. Оқулықпен және бақылау күнделігімен танысу. Шартты белгілермен, сабақта берілген жұмыстың түрлерімен танысу. Күнделікті оқуға қажетті құрал – жабдықтарды, оқулықты ұқыпты ұстауға баулу және ескерту.
Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі.
Оқушыларға 1 – 2 сыныптарда Дүниетану сабағында не айтылғанын, қайсы тақырып есінде қалғанын және білімдерін жазғы каникулда пайдаланып көргендерін естеріне түсіруін сұрайды. Қандай түсініктердің дәлелін көрдің, қандай бақылау жасадың. Дүниетану сабағында алған білімің қандай проблемаларды шешуге көмектеседі.
Тапсырма.
Айналасы 2 – 3 минуттың ішінде не айтқың келгеніңнің суретін сал. Бірнеше мысал келтір. «Қазіргі дүние қандай керекмет» , «менің бақылауым», «Ғаламшарға менің көмегім» және т.б. тақырыптардың аттарын тақтаға жазып оқушылардың таңдап алуын айтыңыз. Сол тақырып туралы өз білген көргендерін әңгімелеп берсін. 3-4 оқушының ойын тыңдап қалған оқушылардың салған суреттерін тақтаға іліп қою. Жұмыстың қорытындысын шығару.
Сұрақ. Табиғат аясында болғанда сендерде қандай сезім туындады?
Оқушылардан көрген – білгендерін емес, қандай сезімде болғандығын сұрау.
5-6 оқушының ойын тындау.
Сұрақ. Сенің ойыңша адамның табиғатқа қандай қатынасы бар? Бізді қоршаған табиғатқа кімбіз?
Жаңа материалмен жұмыс жасау.
Не үшін адам табиғаттың бір бөлігі?
Қалай ойлайсыңдар?
3-4 оқушының жауабын тыңдайды.
Жұмысты 2 ощқушы орындайды. Тапсырма. Парақты екіге бөліңдер.
Тапсырма. Парақ қағазға жануарлардың өмір сүруіне қажетті жағдайларды жазада. 12 минут уақыт беріледі.
Тапсырма. Парақтың екінші жағына адамның өмір сүру үшін қажетті жағдайларды жазады. Екеуін салыстырып оқушылар өз ойларын айту керек. Жұмысқа 1 мин беріледі.
Оқулықпен жұмыс жасау.
Абзацты оқып болып сұрақа жауап беру үшін аялдау. Жаңа жолды мұғалім оқушы немесе бірнеше оқушы бірігіп оқуына болады.
1-аялдау. Өсімдіктер, жануарлар, адамдардың өмір сүру үшін қажетті жағдайларды санап шгығу.
Неліктен адамды табиғаттың бір бөлігі дейміз?
2- аялдау. Адамның жануарлар тіршілігіндегі ұқсастықты айтыңдар.
3-аялдау. Ненің арқасында адам өзінің айналасына қолайлы жағдай жасап алды? Табиғаттың құпиясын шешуде қандай ерекшеліктер адамға көмектеседі және пайдалануына мүмкіншілік береді.
Суреттерге назар аударып, адам мен жануарлардың тіршілігін салыстыру.
Ой – қиял. Топпен жұмыс жасау.
Мақалды оқып, оның мән – мағынасын түсіндіріңдер (сыныпты бірнеше топқа бөліп, оқулықтағы мақалды немесе басқа мақалды ұсынуға болады)
Жеке топқа арналған мақалдар.
1.Ең киелі ас – нан.
Ең киелі есім – адам.
2.Еңбек – ер азығы, жауын жер азығы.
3.Адамның адамсыз өмірі жоқ.
4.Армансыз адам – ағашы жоқ құлазыған қу даламен тең.
5. Жайылымы болмаса мал азады,
Қайырымы болмаса жан азады.
6. Жігіттің күшін сұрама, бітірген ісін сұра. Өз жұмыстарын таныстыру үшін оларға белгілі бір уақытта мөлшерін қою қажет. Яғни регламент қою қажет. Әдетте бір топқа берілген регламент 1-2 минут.
6.Үйге тапсырма.
4-5 мәтінді оқып, сұраққа жауап бер.
Қандай ортада өмір сүргің келеді? Суретін сал.