Адам ?айдан ,?ашан пайда бол?ан 4 сынып
Дүниетану- 4 класс
№1.Тақырыбы: Адам қайдан ,қашан пайда болған?
Мақсаты: Адам қайдан, қашан пайда болғаны жөнінде қасиетті діни кітап пен ғылыми зерттеудегі айтылған ойларды талқылап ,түсіндіру. Ой-өрісін, әңгімелеп жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке ,адамдық қасиетті бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.Дүниетану оқулығын таныстыру. Кітапта шартты белгілер бар,сендердің кітаппен тез тіл табысып, әрі дұрыс пайдалануларыңа қолайлы болсын деп жасалған.. Осы жаңа кітап сендердің адал достарың, көмекшілерің.Сендерден кейін басқада жас өспірімдер бұл кітапты пайдаланады. «Білім еш уақытта ескірмейді» Сондықтан кітапты күтіп ұстау керектігін есіңнен шығарма.
Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап
хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.
Қуанамын мен де , Білімді тексеру кезеңі:
Қуанасың сен де.
Қуанайық ,достарым,
Арайлап атқан күнге.
-Балалар , Дүниетану сабағы бізге нені үйретті?
-Бізді қоршаған орта деп нені атаймыз?
-Адам мен табиғат бір-біріне тәуелді ме?
-Адамға ең қажетті не деп ойлайсыңдар?
IV. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау
Адам қайдан ,қалай пайда болған?
Балаларға мақсатын айтып өтемін
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: -Бұл - адамдарды ежелден толғандырып келе жатқан сұрақ. Ғылым әлі дамымаған кезде әртүрлі аңыздар айтылып жүрді.
Мұндай аңыздар діни кітаптардан да орын алып жүрді.Онда Алла-тағала өз құдіретімен әуелі жер-дүниені, жан—жануарларды ,одан кейін барып ,топырақтан ең алғашқы адамды ,яғни Адам Атаны жаратқаны айтылады.
Ғылым саласында үлкен сұраққа жауапты ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин 19 ғасырда
«Адамның шығу тегі және табиғи сұрыпталу »атты еңбегінде өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің өзгергіштігін анықтап , қазіргі түрлерінің табиғи сұрыпталу жолымен ертедегі басқа түрлерден шыққанын дәлелдеді. Ал адамның арғы тегі маймылдардың ерекше бір түрі болып табылатынын баяндады.
Өте ерте заманда өмір сүрген адам тәрізді маймылдар мен адамдардың жер қыртысында сақталған қалдықтарын зерттеудің арқасында олардың басының көлемі кішірек ,қаңқа сүйектері жүрген кезде қолға сүйемелдеуге келетіндей болған .Яғни әр адым аттаған сайын адам мен хайуанаттар арасындағы айырмашылықтардың күшейе түсуі ,әсіресе адамдардың ойлау жүйесінің артуы, бұл қасиет «сана» деп аталады. Осы қасиеттің арқасында адам тәрізді маймылдар тастан түрлі күнделікті тұрмысқа қажетті құралдарды жасап, еңбек түрлерін қолдана білді.
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Оқушыларға оқыту.
а) іштей ә) дауыстап тізбектей оқу
Сурет бойынша әңгімелету.
VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау
-Алғашқы адамның жаралуы туралы ғылымда не дейді, діни кітаптарда не дейді?
-Адамның пайда болуы жайлы жазған ғалым кім? -Маймыл мен адамның ұқсастығы бар ма?
-Ерекшелігі неде деп ойлайсың?
VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 5,6,7 беттерді оқып, мазмұнын айту
Бағалау.
№2 Тақырыбы: Алғашқы адам.
Максаты: Алғашқы адам туралы түсінік беру .Өткен материалды меңгергенін тексеру.
Ой-өрісін, тіл байлығын, алғашқы адам туралы білімдерін дамыту.
Бірлесіп еңбек етуге , достыққа , тарихты құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Адам қайдан ,қалай пайда болды? (Оқушылардан мазмұнын сұрау). Алғашқы адам туралы мұражайдан білгендері болса, әңгімелету.
IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. «Алғашқы адам».
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Алғашқы адам қазақ жерінде бұдан 1 миллиондай жыл бұрын пайда болған .Мұны археологтардың жүргізген зерттеулері дәлелдеп отыр. «Археолог» деген тарихты зерттеуші мамандар.Жердің даму тарихында «Мұз дәуірі»деп аталатын кезең болған. Бұл дәуірде жердің оңтүстігінде де, солтүстігінде де ауа райы күрт суытып ,соның салдарынан ормандар жойылып, оның орнына далалы жерлер пайда болды. Ормандарда тіршілік еткен маймылдар енді ашық жерде қалып қойды. Енді маймылдарға өз тіршілігін сақтап қалу оңайға соқпады. Суық желден ,азулы, тырнақты, жүйрік жыртқыштардан қорғануға, даланы кезіп, азық тауып жеуге бейімделу керек болды. Осындай суық ауа райына төзе алмағандары қырылып кетті. Ал тірі қалғандары таяқ,тас,сүйек сияқты заттарды алдыңғы аяқтарымен ұстап,солардың көмегімен жауларынан қорғанып, қорегін тауып жеді. Найзағай түсіп жанған отқа жылынды. Өртеніп өлген жануар етін жеп, оның шикі еттен дәмді екенін сезді.Қатал табиғат жағдайына бейімделгендері іріктеліп, сұрыпталып, жаңа жағдайға төзімділігін арттыратын белгілері дамып, жетілгендері ғана тірі қалды.
Табиғаттың өзі ағзаға әсер етті . Табиғи сұрыптау нәтижесінде көне дәуір адамы пайда болды. Бұны –табиғат перзенті деуге болады.
Қосымша материал бойынша алғашқы адамдардың пайдаланған құралдарын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.
Алғашқы адамдардың қолданған құралдарын, олардың біртіндеп даму кезеңіндегі қалыптасқан қасиеттерін теріп жазу.
3.Сурет бойынша жұмыс Сергіту сәті
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқулықпен жұмыс 8,9,10 беттер Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап тізбектей
VII. Бекіту кезеңі: -«Мұз дәуірі» маймылдар тіршілігіне қандай өзгеріс әкелді?
-Маймыл адам мен алғашқы адамның негізгі ерекшелігі неде деп ойлайсың?
-Қазақ жерінде шамамен қанша жыл бұрын адам пайда болған?
Қорытындылау «Адамдардың алғашқы өмірі»деген тақырыпқа суретке қарап ауызша әңгімелеп беру.
VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 8,9,10, беттердіоқу ,мазмұнын меңгеру, сурет бойынша ауызша әңгімелегенін жазбаша орындау.
Бағалау Оқушыларды бағалап,күнделіктеріне түсіру.