?лы Отан со?ысында?ы ?аза?станны? р?лі ?аза?стан тарихы 5 сынып
5 сынып
Пән мұғалімі: Ермекқалиев Ғабит Хамитұлы
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы:Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның рөлі
Сабақтың мақсаты.А) білімділік
Оқушыларды Ұлы отан соғысы дегенімізді түсіндіру осы соғысқа Қазақтардың қосқан үлесі туралы сипаттай отырып, «фашизм», «агрессия» ұғымдарына мағлұмат беру.
Ә) Дамытушылық
Оқушылардың ой өрісі мен білім, қызығушылық, есте сақтау іскерлік, шапшаңдық жігерлік қабілеттірін ынтасын дамыту
Б) Тәрбиелік
Оқушыларды Отаншылқыққа өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Компьютерлік сабақ
Сабақтың әдісі:интерактивті әдіс
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, буклет.
Сабақтың пән аралық байланысы:математика, әдебиет,
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа зейінін бұра отырып , сабаққа даярлығын , қызығушылығын арттыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Біз өткен сабағымызда қандай тақырыпқа тоқталған едік?
Қазақстан 1920-1930 ж.ж. деген тақырыпты өткен болатынбыз. Жан-жақты талқылаған едік.Олай болса сол тақырыбымызды тағы еске түсіріп өтейік
ІІ. Тапқыр болсаң, тауып көр
Қазақтың қолындағы малдың азаюына не себеп болды? ......................
Қазақстанда Азамат соғысы алдында ............................... астам шағын зауыт, фабрикалар болған еді.
............. жекелеген облыстар аштыққа қандай себептің салдарынан ........... аштыққа ұрынды
....Кеңес елінде ........ бағыты қабылданды
Индустрияландыру дегеніміз ..........................................
Индустрияландыру жылдары іске қосылған комбинаттар............... ................................іске қосылды
Индустрияландыру жылдары ең алғашқы құрылыстың бірі ......... .........................болды
.......... аштықта Қазақстанда қанша адам қырылды?
Ұжымдастыру қарсаңында республикада Мал басы 40,5 болса , 1933 жылы оның саны ..............дейін азайған
Мұғалімнің сөзі: Осы жағдайға байланысты Т.Рысқұлов 1939 ж. наурызда Сталинге хат жазған еді. Бірақ бәрі кеш еді.Кеңес Үкіметінің осындай сұрқия саясатына қарамастан қазақ халқы өмір үшін күресті.
Міне балалар , берілген тапсырмаларға толықтай жауап бере отырып , үй тапсырмасын жан-жақты талқыладық
Ал балалар жаңа тақырыпты бастамас бұрын осы тақырып бойынша не білетінімізді ортаға салсақ
Дүние жүзін дүркіндірген соғыстардың бірі Ұлы Отан соғысы. Ұлы Жеңіске қанша жыл толады.
Ұлы Жеңістің 65 жылдығы
ІІІ. Жаңа сабақ: Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның рөлі
Екінші дүниежүзілік соғысты әзірленуші және бастаушы организм Германия болды.
Фашизм-дүние жүзіне үстемдік орнатуға тырысатын кертартпа топ.
Германия өзінің агрессиялық соғыс жоспарын жүзеге асыруды 1939 ж. бастады.
Агрессия –мемлекеттің тәуелсіздігі мен аумақтық біртұтастығын , егемендігін әскери күшпен бұзу.
1939 ж. 1 қыркүйекте Польша жеріне басып күрумен екінші дүние жүзілік соғыс басталды.
КСРО шекарасына 1941 ж. 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында фашистік Германия әскері батыс аумағына баса көктеп кірді. Кеңес халқы тарапынан баса бұл соғыс тарихи әдебиеттерде «Ұлы Отан соғысы» деп аталады.
Соғыс туралы хабар қазақ даласына тез тарады. Қазақстандық ұл-қыздар соғыстың алғашқы күндерінен қолдарына қару алды. Отан алдында парыздарын өтеуге өтініш білдіріп өз еркімен майдан даласына аттанған қазақ қаншама.
Балалар сендер қазақ батырларын білесіңдер ме?
Мәлік Ғабдуллин
Төлеген Тоқтаров
Рамазан Елебаев
Мәншүк Маметова
Әлия Молдағұлова
Бауыржан Момышұлы
Талғат Бигелдинов
Рақымжан Қошқарбаев. Бұл аталған кісілерге қандай атақ берілді?
Қазақстан Халық қаһарманы атағы берілді. Соғыс жылдары Қазақстандықтар «Бірі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін», деген үндеумен түн демей, күн демей еңбек етті. Мәселен: Ыбырай Жақаев күріштен, Шығанақ Берсиев тары өсіруден. Жазылбек Қуанышбаев төл алудан рекорд жасады.
Қазақстанның ауыл еңбекшңлері жауды жеңу үшін, Отансүйгіштік және еңбек парызын жанқиярлықпен өтеді. Соғыс жылдары 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет, басқа да азыө-түлік, шикізат берді.
Ұлы Отан соғысы жылдары 1 млн 200 мың қазақстандыө майданға аттанды деген сөз. 1941-1945 ж.ж жарамды ер-азаматтың көпшілігі соғысқа аттанды.
1945 жылы 9 мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияныі астанасы Берлин төбесіне қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбаев қызыл ту тікті. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдындағы беделі асқақтан түсті.
Сандар сөйлейді.
1939 ж
1 қыркүйекте 1941 ж
22 маусымда 1942 ж. 220 1942 ж
өз еркімен 1945 ж
9 мамырда Шығармашылық ізденіс.
«Отан үшін алға!» деп барлық жауынгерлерді соңына ерткен Әлия жауға қарсы ұмтылды.
Отан туралы мақал-мәтелдер.
Ой ашар.
Тест.
1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
А) 1939 ж Ә) 1941ж Б) 1948 ж В) 1940ж
2. КСРО –ның Батыс өлкесіннен Қазақстанға қанша завод фабрика көшірілді
А) 110 Ә) 2
Б) 80 В) 100
3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық армия қатарына алынды?
А) 1 млн 200 мың Ә) 2 млн Б) 500 мың
В) 1 млн 300 мың
4. Ленинград үшін шайқаста қай қазақстандық батыр жау пулеметін өз денесімен жауып ерлікпен қаза тапты?
А) Б.Момышұлы Ә) Ә.Молдағұлова
Б) М.Мәметова В) С.Баймағанбетов
5. Ұлы Отан соғысы жылдарында күріш өсіруден рекорд жасаған кім?
А) Ж.Қуанышбаев Ә) Ш.Берсиев
Б) Ы.Жақаев В) Б.Дисекбаев
6. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып қаһармандық ерліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық дивизия
А) 316 атқыштар дивизия Ә) 238 атқыштар дивизия
Б) 310 атқыштар дивизия В) 314 атқыштар дивизия
7. Ә.Молдағұлованың өмір сүрген жылдарын атаңдар
А) 1921-1940 ж.ж Ә) 1925-1944 ж.ж
Б) 1915-1942 ж.ж В) 1920-1943 ж.ж
8. Б.Момышұлының өмір сүрген жылдары
А) 1910-1982 ж.ж Ә) 1900-1945 ж.ж
Б) 1905-1978 ж.ж В) 1908-1980 ж.ж
9. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?
А) 1939 ж Ә) 1942 ж
Б) 1945 ж В) 1944 ж.
IV. Үйге тапсырма: Ұлы Отан соғысы туралы деректер жинау.
V. Оқушыларды бағалау.А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
-47590115612
Ашық сабақ
5 сынып
«Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның рөлі»
Ермекқалиев Ғ.Х.
2014-15 оқу жылы