5-10 ?асырларды?ы Батыс Еуропа


Пән: орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: V-X ғасырлардағы Батыс Еуропа
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Герман тайпалары, олардың Батыс Рим империясына басып кіру, ғасырлардағы ғұндар туралы айта отырып, оқушыларға Франк мемлекетінің құрылуын, Франктер мемлекетіндегі биліктің жаңа түрі феодалдық монархияның қалыптасып, мемлекеттің империяға айналып, кейін қайтадан ыдырау себептерін түсіндіру
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, карта, кесте, оқулықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, карта, оқулық, терминдермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: оқушыларды өзге елдің тарихын құрметтеуге үйрету, азаматтық тәрбие беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: термин, карта, оқулық, кестемен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау, ой тaлқы
Сабақтың көрнекілігі: карта, хронологиялық кесте, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, оқулық, тест материалдары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. амандасу
2. оқушыларды түгендеу, сабаққа бағыттау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. ауызша
2. сұрақ-жауап
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі. IV-V ғасырлардағы ғұндар
2. Франк мемлекетінің құрылуы, басқаруы, жер иеленуі
3. Франктердің христиан дініне енуі
4. Майордомдар билігі
5. Меровингтер әулетінің ақыры. Қортық Пипиннің билігі
6. Ұлы Карл және оның империясы. Франктер империясының құрылуы
1. Герман тайпалары туралы қысқаша баяндай отырып, негізгі оқиғаларды хронологиялық кесте арқылы түсіндіру.
Жылы Болған оқиға
395 Рим империясы Батыс және Шығыс империя ьолып екіге бөлінді
378 Адрианополь қаласы маңында германдық вестготтар император Валенттің өзі басқарған Рим әскерін талқандады
410 Аларих бастаған вестготтар Римді басып алды
418 Оңтүстік Батыс Галлияда Вестгот корольдігі құрылды
429 Солтүстік Африкада Вандал корольдігі құрылды
476 Батыс Рим империясы құлап, құл иеленушілік қоғам жойылды
486 Солтүстік Галлияда Франк мемлекеті құрылды
498 Франктер христиан дініне енді
2. Франк мемлекетінің құрылуы, басқаруы, жер иеленуі жөнінде ауызша баяндау.
Мемлекетті басқару ісіне, жер иеленуіне қатысты жаңа терминдерді дәптерлеріне жаздыру.
Король - барлық халық бағынатын, өкімет билігін өзінің әулетіне мұраға қалдыра алатын, ең жоғарғы мемлекет басшысы.
Граф - салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы.
Аллод - жасақ басшылары мен нөкерлердің жер иеліктері.
3. Франктердің христиан дініне енуін ауызша түсіндіріп, кездескен терминдердің анықтамасын жаздыру.
Вандализм - мәдениетті, рухани байлықты хайуандық жолмен құрту. «Вандал» деген сөз топас, дөрекі, шапқыншы, мәдениетті құртушы деген мағынада қолданылады.
Варварлар - гректің «жат жерлік адам» деген сөзінен шыққан надан, қатыгез адамдар
4. Майордомдар билігінің орнауы туралы баяндай отырып, жаңа терминдерді жаздыру.
Майордом (латынның «үлкен үй» деген сөзінен шыққан) франк мемлекетіндегі V ғасырдың аяғы VIII ғасырдың ортасындағы сарай меңгерушісі, ең жоғарғы мемлекет басшысы. Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары
5. Мировингтер әулетінің ақыры, Қортық Пипиннің билігі жөнінде кесте арқылы түсіндіру.
Жылы Қандай оқиға болды?
741 ж. Майордом Қортық Пипин
751 ж. Пипин король жарияланды
768 ж. Пипиннің өлімі.Ұлы Карл билігі
768-814 ж.ж. Ұлы Карл билігі
800 ж. Ұлы Карл император жарияланды

6. Ұлы Карл империясы және оның ыдырау себептері жөнінде баяндау, Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті туралы оқулықты пайдалана отырып түсіндіру.
IV. Бекіту
Жаңа сабақты сөзжұмбақ шешу арқылы бекіту.
Жауаптары:
1. Христиан
2. Вандал
3. Король