Саба? Орта ?асырларды?ы ?аза?стан ?алалары
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 25. Ортағасырлық Қазақстан қалалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Орта ғасырда өмір сүрген Қазақстан қалалары, олардың саяси-әкімшілік қызметі, қала құрылысының ерекшеліктері туралы білім беру.
Дамытушылық: Салыстыра отырып, қала мәдениеті туралы түсініктің қалыптасуы, көшпелілік және отырықшылық арасындағы айырмашылықтарын таба білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру, эстетикалык тәрбие беру.
Сабақтың түрі: лекция
Әдісі: баяндау
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Ортағасырлық Қазақстан картасы.
2. ҚР картасы.
3. «Қала бөліктерінің кызметі» кестесі.
4. «Кім тез табады?» кестесі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақтан «Қазақ елінің ежелгі ғалымдары» тақырыпшасы бойынша өтілген материалды еске түсіру үшін, оқушылармен «Кім тез табады?» кестесін ойын түрінде еткіземін. Ол үшін төмендегі кестедегі әр ғалымның аты жазылған бағанға қарама-қарсы бөлігін бос қалдырады, оқушыларға осы кестедегі сұрақтардың жауабын қағаз қиындыларына жазып, араластырып үлестіріп беремін, оқушылар оның дұрыс жауабын тақтадағы кестенің әр ғалымның қарама-қарсы бос бөлшегіне апарып жабыстыруы керек.
Ғалымдар Өмір сүрген жылы Туған жері Еңбегінің аты Не туралы айтылған?
Жүсіп Баласағұн Махмұт Қашкари Ахмет Йасауи Өбу Райхан Бируни Бұдан кейін 2-3 оқушыдан «Әл-Фараби - Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбының ауызша мазмұнын сұраймын. Қалған оқушылардан «Отырар кітапханасы» бойынша оқушылардың өздері қосымша жазып алып әкелген деректері тыңдалады. Үй тапсырмасын Отырар қаласындағы осындай әлемдегі ірі кітапханалардың болғандығы, сол замандағы қала мәдениетінің дамығандығының көрсеткіші деп, бүгінгі «Ортағасырлық Қазақстан қалалары» деген тақырыппен байланыстырып жіберемін.
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Қалалардың пайда болуы.
2. Қала бөліктері мен олардың қызметі.
3. Қазақстан қалаларының орналасу картасы.
Археологиялык зерттеулер VІ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жаксы дамып, өркендегенін көрсетеді. Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу еңірлерінде қолөнер мен сауда жөне мәдениеттің шоғырланған орталықтары - қалалар қалыптасты. Бұл қалалар ертеде шағын елді мекен ретінде салынып, бірте-бірте қаланың көлемі мен халқының саны көбейіп, ірі орталықтарға айналған. Қазақстан аумағында алғашқы қалалар бұдан екі жарым мың жыл бұрын салынған екен деп қала деген сөзге анықтама береді. Ортағасырлық қалалар негізі үш бөліктен тұрған. Олар орда (қитадель), шахристан, рабат деп аталды. Төмендегі кестені пайдаланып, олардың қызметін түсіндіремін.
ҚАЛА
Орда (қитадель) - патша сарайы мен әкімшілік баскару органдары орналасқан орталық бөлігі.
Шахристан - қызметкерлер, яғни кіші билеуші топ өкілдері, саудагерлер мекен ететін қаланың ішкі бөлігі.
Рабат - еңбекші халық мекен ететін қаланың сырткы бөлігі.
Ортағасырлық Қазакстан қалалары халқының саны мен көлемі әр түрлі болды. Олар Қарашокы, Қойлық, Екіоғыз, Ашнас, Баршынкент, Қалабалғасын, Бұзок, Йассы, Сауран. Тараз т.б. деп оларды картадан көрсетемін. Қалабалғасын қаласы туралы бұрын тарих оқулықтарында айтылмағандықтан, қосымша әдебиеттерді пайдаланамын:
Ж. О. Артықбаевт. б. Орта Ертіс өңірі қимақ дәуірінде. Астана, 2004.
Бұл қалалар хандар мен сұлтандардың меншігінде еді, қаланың өз билеушісі болған. Сондықтан олар қалаларында сауда орындары мен моншалар салуға мүдделі, себебі бұл олардың негізгі табыс көзі еді. Ортағасырлық қалалардың өзіндік ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтемін. Мысалы: Отырар қаласында көпшілікке арналған монша салынған. Моншаның едені кірпіш тақталармен тәселген, моншаны қыздыру үшін еден астынан жылу еткізгіш каналдар жүйесі жүргізілген.
Түркістан қаласының ежелгі атауы Йассы, ол қазіргі Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан. Түркістан - «түріктер мекені» деген мағынаны білдіреді. Мұнда қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесі орналасқан. Түркістан Есім ханның тұсынан бастап қазақ хандығының астанасы болған.
Қорытындылау: Қалалар санының өсуі сауда экономикалық байланыстардың артуына және жартылай көшпелі тайпалардың отырықшылыққа көшуінің басты себебі болды. Қала гүлденген мәдениеттің, мемлекеттің көрсеткіші.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 25-параграф.