Разроботка на осенний балл


А.Т.Кажикова, Өлеңті жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы «Бөбектер» шағын орталығының тәрбиешісі Павлодар облысы, Екібастұз ауданы.
Күз сыйыТәрбиеші:Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Күз сыйы» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
(Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді)
Тәрбиеші:
Бұлттар төніп, жерге шөгіп, Дымқыл тұман болады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала сұры қашады. Бой жаза алмай, ойнай алмай, Денең мұздап тоңады.Айтыңдаршы, балаларБұл қай кезде болады? Балалар: - Күзде. Тәрбиеші: Балалар, мінекей күз мезгілі де келіп жетті. Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық , астық, көкөністер, жемістер. Осының бәрі күзде піседі. Дала да, егін де, тоғай да сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді. 
Балалар,күзде қандай өзгерістер болатынын айтып беріңдерші: (балалардың жауабы)
• Күн суытады • Жапырақтар сарғайып жерге түседі • Жеміс-жидектер піседі • Құстар жылы жаққа ұшып кетеді • Жаңбыр жауады • Егін жиналады.
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар, балалар.
Күтпеген сәт: 
Осы кезде ішке «Алтын күз» себетке салған жемістері бар кіреді.
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме,балалар? Сәлеметсіздерме , қонақтар!                    Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.                    Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!                   Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,                   Ойын ойнар түр-түрлі!
Тәрбиеші: Төрлетіңіз, Алтын күз. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз! (Алтын күз отырады)
Дәуіт: Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді. Ілияс: Жемісі мол теретін Күз дос екен бізбенен Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген. 
Қарақат: Берекелі, мерекелі, Келді жомарт алтын күз, Қалада да, далада да, Жанның бәрі жарқын күз. 
Еркежан:
Ағаштардан жамырап,Ұшты кенет жапырақ.О, алақай, тамаша! Шашу шашты жапырақ.Асанәлі:
Алтын нұрдай тамшылап, Жапырақтар төгілді.
Мейрамбек: 
Көктемде егін егетін.Күзде жиып беретін.Біздің дала - бай дала, Алтын астық айнала.
Ән: «Күз-жомарт»
Алтын күз:Балалар! Өте өнерлі екенсіңдер. Ендеше, балалар сендермен «Жалғасын тап» ойынын ойнайық. Ойын шарты: Жемістер мен көкөністердің жалғасын тауып құрастырып жабыстыру.
Тәрбиеші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін,      Мақтанбақшы сіздерге, көкөністер сан түрлі!
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз –деп «Көкөністер айтысын» тамашалаңыздар.
Қызылша-Ілияс
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелде!
Қырыққабат-Дәуіт
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!
Пияз- Асанәлі
Асханадан шықпаймын,
Атым - пияз, бұқпаймын.Алма-Еркежан
Мен тәп-тәтті алмамын.
Картоп-Қарақат
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар!
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.
 Барлығы:
Көкөністер бәрі де,              
Денсаулыққа пайдалы.               
 Оларды жақсы көріңдер! Тәрбиеші:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, кәне шешіп көреміз бе?Қызыл, сары кемелер,Су бетінде қалқиды.Соқса егер салқын жел,Ырғалады, толқиды. (жапырақ)
Аспай түскен, қайнамай  піскен. (жеміс)
Жүргізуші: Балалар, қане бәріміз тыңдайықшы біздің топқа біреу келе жатқан секілді.  Осы кезде қолында үлкен сәбізі бар қоян келеді.  
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар? Қыс мезгілі жақындап қалды маған сәбіз жинауға көмектесесіңдер ме?
Қоян балаларға «Сәбіз жинау» ойынын ойнатады.
Ойынның шарты: Жерде жатқан жемістердің ішінен себетке тек қана сәбіздерді жинап салу керек.
Қоян: Қысқы азығымды көп қылып жинап бердіңдер, рахмет сендерге балалар.Тәрбиеші:Балалар, қоянға арнап өлең айтып берейік.
Ән: «Сұр қоян».
«Шалқан» ертегісін тамашалаңыздар.
Алтын  Күз:Балалар, өнерлерің көп екен. Риза болып отырмыз. Біз қайтатын кез болды. Сау болыңдар! (Алтын күз бен қоян балаларға рахметтерін айтып қоштасады).
Тәрбиеші: Балалар осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Бәрің мерекеге жақсы қатыстыңдар.