Презентация по химии на тему Таланты?мен таныл!Химиялы? турнир
Сыныптан тыс жұмыс
Химиялық турнир «Талантыңмен таныл!»
Мақсаты: 1. Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру.
2. Сұрақ тапсырмаларын, есептер шығару, тәжірибе көрсету арқылы ой-өрісін кеңінен дамыту.
3. білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету.Көрнекілігі: презентация, плакаттар, шарлар, зертханалық құрал-жабдықтар, реактивтер, химиялық формулалар
Жүргізуші:
Біліммен ашасың жол ғылымға,
От боп лаула, су боп кейде құйыл да.
Домалақ жер, аспан көгі, өзен де,
Айтылыпты ақындардың жырында.
Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,
Ол болмаса келіспейді, жетіспейді күйіміз.
Ішсек дәрі, тірі ағзада құбылыс,
Бәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға.
Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде- бір кеме суда жүзе алмаған болар еді. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз - химия ғажайыптары» деп орыс ғалымы М.И.Ломоносовтың сөзі өте орынды айтылған.
Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар! 8 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Талантыңмен таныл!» атты химиялық турнирге қош келдіңіздер!
Жоспармен таныстырып өтейін:
І. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
ІІ. Газеттерін таныстыру (Адам ағзасындағы химиялық элементтер тақырыбы бойынша)
ІІІ. «Блиц-турнир» теоретиктер сайысы
IV. Ситуациялық көрініс (Химия – тұрмыста, медицинада, өндірісте...)
V. «Ізденушілер сайысы» Есептер шығару
VІ. «Сиқыршылар сайысы» (Қызықты тәжірибелер көрсету)
VІІ. Химиялық би
VІІІ. Қорытынды
Сайысымызды әділ бағаларын қойып, бақылап отыратын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Химия пәнінің мұғалімі Кажгалиева Динар Бөкесқызы
Химия пәнінің мұғалімі Хайрекеева Гүлнафиса Қанатқызы
Химия пәнінің мұғалімі Казиханова Эльмира Бейсембайқызы
Жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі барБіреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі барБіреуінің күмбірлеген күйі барБіреуінің қатты істейтін миы барКезекте Топтың өзін таныстыруы
І. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі. Жоғары ұпай 10 балл
І топ: «Хлор» (8а сыныбы)
ІІ топ: «Молекула» (8б сыныбы)
ІІІ топ: «Жалын» (8в сыныбы)
ІV топ: «Өнер химиктері» (8г сыныбы)
Жүргізуші:
Химия - ырыс бұлағыШалқыған байлық мол дәулетАялап күтіп тұр алдаБолашағымыз - нұр сәулетАялдама, алға ұмтылҚұдіретті біздің ойСенде байлық, сенде ырысСенімен өмір сәнді ғой,- деп екінші тапсырмамызға кезек берейік.
ІІ. Газеттерін таныстыру (Адам ағзасындағы химиялық элементтер тақырыбы бойынша).Жоғары ұпай 10 балл. «Адам ағзасындағы химиялық элементтер» тақырыбы бойынша үй тапсырмасы берілген еді. Әрбір топ өз газеттерін таныстырады. Таныстырылымның толық баяндалуы, көркемдігі, материалдың қамтылуы туралы әділқазылар алқасы бағалап отырады. Бұл сайыста да жоғары ұпай саны 10 балл.
Жүргізуші:
Химия мен медицина дамыған,
Өндірісте химияны таныған.
Химиясыз кірмес жердің құнары
Мұндай ғылым әр кез биік тұрады,-
деп үшінші тапсырмамыз теоретиктер сайысымен жалғасады.
ІІІ. «Блиц-турнир» теоретиктер сайысы. Жоғары ұпай 10 балл.
Бұл ойында топ оқушылары өздерінің дайындап келген сұрақтарын қояды. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады дұрыс жауап берген сұраққа бір балл қойылады.
І топ → ІІ топқа; ІІ топ → ІІІ топқа; ІІІ топ →ІV топқа; ІV топ →І топқа.
Әділқазылар алқасы әділ бағасын қойып, бағалап отырады.
Жүргізуші:
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әркімде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде,-деп ендігі кезекте үй тапсырмасы ситуациялық көрініс.
ІV. Ситуациялық көрініс (Химия – тұрмыста, медицинада, өндірісте...). Жоғары ұпай 10 балл.
Бұл сайыста әрбір топ «Химия – тұрмыста, медицинада, өндірісте...» деген тақырыпқа байланысты көрініс көрсетіп, оны түсіндіреді. Маңыздылығына тоқталады. Әділқазылар алқасы бағалап отырады.
Жүргізуші:
Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып,
Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,
Келесі есеп шешер кезегі келіп тұр.
V. «Ізденушілер сайысы» ( «Кім жүйрік?») Деңгейлік тапсырма. Жоғары ұпай 10 балл.
Бұл сайыста әрбір топқа шарлар таратылады. Сол шарлардың іштеріндегі деңгейлік есептерді шығарып, әділқазылар алқасына тапсырады. Уақыт шектеулі. Әділқазылар әділ бағасын қояды.
І деңгей
1.Массасы 10 г неон газында қанша атом болатынын табыңдар.
2. Зат мөлшері 1,5 моль мынадай газдардың а) оттек; ә) сутек; б) иіс газы көлемдерін (қ.ж.) есептеңдер.
ІІ деңгей
1.Айжан абайсызда массасы 15 г болатын бір асқасық қантты С12Н22О11 жерге шашып алды. Ол қанттың қанша молекуласын шашып алғанын есептеңдер.
ІІІ деңгей
1. Үш валентті металдың 10,8 грамы қышқылмен әрекеттескенде 13,44 л (қ.ж.) сутек бөлінді. Қышқылмен қай металл әрекеттескенін табыңдар.
Жүргізуші:
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңалап бірі жаралған.
Енді бір сәт химия ғылымының қыры мен сырын білсем деген құштарлығы артқандар үшін «Сиқыршылар сайысына» назар аударсақ.
VІ. «Сиқыршылар сайысы» (Қызықты тәжірибелер көрсету).Жоғары ұпай 10 балл
Әрбір топ өзінің дайындап келген тәжірибелерін көрсетіп, құпияларының сырын ашып түсіндіреді.Әділқазылар әділ бағаларын қойып бағалайды.
VІІ. Химиялық би
Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша, көрермендермен «Химиялық би» сергіту сәті өткізіледі.
Формуланы құрасаң, Қане барып кассадан,
Би билеуге барасың. Формуланы сатып ал.
Қате болса формула Дұрыс тапсаң жұбыңды,
Билей алмай қаласың. Дөңгелетіп билеп қал.
Қыз балаларға қызыл түсті формулалар: K2, Na, H2, Fe,Ag, Cu, Ba, Li, AI, Sr, K, Ca.
Ұл балаларға сары түсті формулалар: I2, Br, SO4, SiO3, CI, F2, CI3, NO3, S, (OH)2, OH. таратылады.Қазылар алқасы формуланы дұрыс құрағандарға билеуге рұқсат береді.
Жүргізуші:
Білім сайыс болғаннан соң шабысы
Қосылады әр сыныптың мықтысы
Қобалжисың топтан қалай озам деп
Көрінеді алған білім табысы – деп,
Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.
Жүргізуші:
Ойын – толқын айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та,
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын- толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - деп бүгінгі « Талантыңмен таныл!» атты химиялық турнирімізді аяқтаймыз.
Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!!! Сау болыңыздар!!!
V. «Ізденушілер сайысы» ( «Кім жүйрік?»)
І деңгей
Зат мөлшері 1,5 моль мынадай газдардың а) оттек; ә) сутек; б) иіс газы көлемдерін (қ.ж.) есептеңдер.
ІІ деңгей
Айжан абайсызда массасы 15 г болатын бір асқасық қантты С12Н22О11 жерге шашып алды. Ол қанттың қанша молекуласын шашып алғанын есептеңдер.
ІІІ деңгей
1. Үш валентті металдың 10,8 грамы қышқылмен әрекеттескенде 13,44 л қ.ж. сутек бөлінді. Қышқылмен қай металл әрекеттескенін табыңдар.
V. «Ізденушілер сайысы» ( «Кім жүйрік?»)
І деңгей
Зат мөлшері 1,5 моль мынадай газдардың а) оттек; ә) сутек; б) иіс газы көлемдерін (қ.ж.) есептеңдер.
ІІ деңгей
Айжан абайсызда массасы 15 г болатын бір асқасық қантты С12Н22О11 жерге шашып алды. Ол қанттың қанша молекуласын шашып алғанын есептеңдер.
ІІІ деңгей
1. Үш валентті металдың 10,8 грамы қышқылмен әрекеттескенде 13,44 л қ.ж. сутек бөлінді. Қышқылмен қай металл әрекеттескенін табыңдар.
V. «Ізденушілер сайысы» ( «Кім жүйрік?»)
І деңгей
Зат мөлшері 1,5 моль мынадай газдардың а) оттек; ә) сутек; б) иіс газы көлемдерін (қ.ж.) есептеңдер.
ІІ деңгей
Айжан абайсызда массасы 15 г болатын бір асқасық қантты С12Н22О11 жерге шашып алды. Ол қанттың қанша молекуласын шашып алғанын есептеңдер.
ІІІ деңгей
1. Үш валентті металдың 10,8 грамы қышқылмен әрекеттескенде 13,44 л қ.ж. сутек бөлінді. Қышқылмен қай металл әрекеттескенін табыңдар.