«БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ?ОЛДАНЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАР»
«БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР»
Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ. Н.Ә. Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр» - дегенін естен шығармауымыз керек.
ХХІ ғасырдың жан – жақты білімді де, саналы адамын қалыптастыру мәселесі үнемі мемлекетіміздің назарында. Ал білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар, оқытудың әр түрлі әдістерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі қоғамның басты мақсаты.
Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Жас ұрпақтарымызды еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс – тәсілдердің де озығын пайдалану керек. Біліммен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмей мәселе десек, бастауыш мектеп соның бастауы. Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Мұны біз ұстаздық өмірімізде күн сайын, әрбір минут сайын ұмытпаймыз. Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуында, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді тануға қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір – қасиетін сезіндіру. Бүгінгі ұстаз, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы қажет.
А.С.Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттернің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіңне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп. Ойын сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар – оқушылардың жан – жақты дамуына әсері мол. Олар: жұп картинкалар, лото, домино, жұмбақты лотолар ойлау қабілетін дамытса, тіл сабақтарында зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мысалы, «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз» ойындары болса, ал математика сабағында есептеудің дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру. « Цифрлар жарылысы», «Аздан көпке қарай», «Сиқырлы карта», «Бизнесмен» бұлардың бір тиімділігі логикалық ойын есептер жылдам ойлауын қалыптастырады.
Дидактикалық оқыту мазмұнына сәйкес былай беріледі.
1. Ойын саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді., бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық – оңай жолмен; қажеттілер – қызық жолмен беріледі.
2. Ойын тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Бұл ойындар « Не болар еді?», « Мен не істер едім, егер...» деген сұрақтарға негізделеді.Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
4. Ойын жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой - әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым – қатынасына негізделеді. Бұл қарым – қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлауға мүмкіндік туғызады.
Сабақ барысында қолданылған дидактикалық ойындар, олимпиадалар, сайыстар, жарыс сабақтар жақсы дайындықпен өткізілсе, сабақ тиімді әрі оқушының білімі де сапалы болады және ой - өрісін дамытады , өзіне деген сенімін күшейтеді. Қазіргі заман - білімді жастар заманы. Сондықтан да, оларды тәрбиелей отырып, сапалы білім беру біздің міндетіміз. Оқушылардың келешекте бақытты өмір сүруі үшін көп білуі, ізденуі және алға ұмтылуы қажет.Ол үшін біз оқушылардың білімге деген көз қарасын арттыруымыз керек. Сабақта үнемі дидактикалық ойындарды пайдалану – сыныпта пайдаланатын ең қызықты жұмыстардың бірі. Оқушылар дидактикалық материалдар мен ойындарды қызыға орындайтыны белгілі, сондықтан да сабақ үстінде жүргізіп отырған өте тиімді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ақтаев М.,Түймебаев М.,Асқарова А.Т. «Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер» ІІ том Шымкент 2012ж
2. Кенжебекова Р.И.Бастауыш каластарда математика сабағында қазақ халық педагогикасының идеяларын қолдану Әдістемелік құрал-Шымкент, 2004
3. Кенжебекова Р.И.І-ІV сынып математикасынан сыныптан тыс жұмыстарды өткізуге ойын есептерін пайдалану Әдістемелік құрал-Шымкент, 2006