Краткосрочный план открытого урока по английскому языку на тему: «My favourite subject» (3 класс)


Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: ағылшын тілі
Сыныбы: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Күтілетін нәтиже:

Түйінді идеясы:
Әдіс – тәсілдер:
Ресурстар:
Бағалау: «My favourite subject»
«Менің жақсы көретін сүйікті пәнім»
Мектептегі сүйікті пәндерін айтып, оқу құралдарына деген өз қарым-қатынастарын білдіре алу, оның ішінен сүйікті затты бөліп көрсете алу;
Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріп, жаттығулар орындау;
Бір-бірімен сөйлесу арқылы сөздік қорды молайту.
Оқушылар:
Мектептегі сүйікті пәндерін айтып, оқу құралдарына деген өз қарым-қатынастарын білдіре алады;
оның ішінен сүйікті затты бөліп көрсете алады;
мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріп, жаттығулар орындайды;
бір-бірімен сөйлесу арқылы сөздік қорды молайтады;
тақырып бойынша сөздерді біліп, қолдана алады;
Топпен, жұппен жұмыста сыни ойлау дағдысын қалыптастырады;
Жаңа түсінік қалыптаса бастайды;
бірлесе отырып оқу арқылы жаңа білім меңгеріледі.
Оқушыларға топтық жұмыстар ұсыну арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасауға жағдай жасау.
Миға шабуыл, ой қозғау, түрлі – түсті парақтар арқылы топтастыру, топтық жұмыс, жеке жұмыс, сергіту сәті, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс.
Үлестірме материалдар, плакат А2, маркерлер, ИТ, кері байланыс жасауға стикерлер, түрлі-түсті парақтар.
Бағалау парағы арқылы ұпай бере отырып, қалыптастырушы бағалау. Бағалау парағы бойынша жинақты баға қою.
Сабақтың барысы:
уақыт Бөлім Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
5 мин Кіріспе. 1.Мұғалім амандасады, оқушыларды түгелдеп, үй жұмысына талдау ұсынылады. Үйге берілген ерекше тапсырмаларын сұрап, қорытындылайды. Содан соң түрлі - түсті парақшалар арқылы топқа бөледі. Оқушылар амандасады, оқушылар бұрын білетінін жаңғыртып жауаптарын айтады, өткен тапсырмаларға пысықтау жасайды.
8 мин Таныстырылым. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін «ой қозғау» жүргізеді. Онда тақтадан әр түрлі пәндерге қажетті құралдарды көрсетіп, соған байланысты сұрақтар койып, жаңа тақырыпты ашады.
Топка жаттығулар беріліп, жеке дәптермен жұмыс жасауға тапсырма беріледі.
І топқа – 3 жаттығу 1-2ші сөйлем ж.д.33 бет
ІІ топқа – 3 жаттығу, 3-4-ші, 33 бет
ІІІ топқа – 3 жаттығу, 5-6-шы, 33 бет
Ой қозғауға қатысады.
1.Оқулықпен жұмыс жасайды.
2.Оқушылар берілген тапсырмалармен жұмыс жасап, жұпта талқылайды.
20 мин Негізгі бөлім.
8 минут
2 минут
8 минут
2 минут 1.Мұғалім жаңа тақырып бойынша топқа әр түрлі тапсырма беріп, топтық жұмыс жасайтынын айтады. Мәтінмен жұмыс жасап, постерге тірек-сызба ретінде түсіреді.
І топқа – Art
ІІ топқа – PE
ІІІ топқа – Music
2. Сергіту сәті.
3. Жоба қорғау тапсырылады.
4. Әр топтың жұмысын «басбармақ» тәсілі бойынша басқа топтар бағалайды. 1. Таратпа материалдармен жұмыс жасау арқылы сөйлем құрастырып, оны топта талқылап, постер жасайды.
2. Сергіту сәтін жасайды.
3. Жоба қорғау.
4. Оқушылар өзара талқылау барысында тақырыпқа толықтырулар жасайды.
12 мин Қорытынды.
Бағалау. 1. Мұғалім сабақты «Деңгейлік тапсырмалар» арқылы қорытындылайды.
2. Үйге тапсырма: 3,5 жаттығуларды толықтыру, 33 бет
Ерекше тапсырма. «Менің айналысатын сүйікті ісім» тақырыбына шығарма жазып келу. 1. Оқушылар бірін - бірі бағалайды, табыс критерийлері арқылы.
Мұғалімге жинақты бағасын қойғызады.
Кері байланыс:
Не ұнады---
Не қиын болды-----
Ұсынысым------
Жинаған алмаларына сабақтың өтілуі бойынша ойларын жазып, Жеміс себетіне салады.