Проект по математике на тему РISA халы?аралы? зерттеуін ж?ргізу аясында о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту


Жоба тақырыбы : РISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Мақсаты : РISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың коммуникативтік,ақпараттық,тұлғалық,технологиялық құзіреттіліктері арқылы математикалық сауаттылығын дамыту және өмірлік жаттығуларды шешуде қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Міндеттері : 1. Тақырып бойынша алған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып,есептей білуге дағдыландыру.
2. Математикалық есептерді шығаруда РISA тапсырмаларын кіріктіре отырып,оқушылардың алынған білімдерін шынайы өмірде қолдану және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Тақырыптың өзектілігі : Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру-алған білімнің,кәсіби дағдыларының негізінде өзгермелі жағдайларда еркін бағдарлайалатын,өзінің білімін іске асыруға,адамгершілік тұрғыдан өз бетінше шешім қабылдайтын қабілетті тұлға қалыптастыру. Сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан-жақты жетілдіру-қазіргі аса маңызды міндеттердің бірі. Бүгінгі экономика,өндіріс және құрылыс өсіп дамыған заманда есептеу техникасының қарпайым және нақты әдістерін есептеуде төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін қолдануға болады. Осы ретте мектеп практикасында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығының ролі зор.
Жетекші идеясы:
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-202 жылдарға арналған бағдарламасы.
2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
Экономикалық ынтымиақтастық даму ұйымының көрсеткіштерінің енгізілуі.
Жаңашылдығы :Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту нәтижесі олардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін құзыреттіліктер жүйесін меңгерту.
Күтілетін нәтиже :
Тақырып бойынша алған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, есептей білуге дағдыланады.
Математикалық есептерді шығаруда РISA тапсырмаларын кіріктіре отырып,оқушылардың алған білімдерін шынайы өмірде қолдану дағдылары қалыптасады,сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамиды.
Оқушылардың пәнге қызығушылығыартады.
Болжамы: Егер РISA тапсырмаларын сабақтарға кіріктіріп отырсақ,онда оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайда қолдану қабілеттері дамып, құзіреттіліктері қалыптасады және білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеулерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді.
Сабақтың тақырыбы : «Төртбұрыштар,олардың қасиеттері мен белгілері»
Сабақтың мақсаты : Оқушылардың алған білімдерін пысықтай отырып,тұлғаның жеке ойлау қабілеттерін дамыту,өмірде кездесетін жаттығуларды қодана білуге үйрету. Ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіне білуге,ізденімпаздыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелу.
Күтілетін нәтиже : 1.Төртбұрыштардың анықтамасын біледі.
2. Олардың қасиеттері мен белгілерін анықтайды.
3.Олардың қасиеттері мен белгілерін қолданып есептер шығарады.
4. РISA тапсырмаларын құрастыра және шеше алады.
Сілтеме : Геометрия оқулығы 8 сынып, әдістемелік нұсқаулық, РISA тапсырмаларының жинағы, күнтізбелік жоспар.
Сабақтың барысы :
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту әдістері
Ұйымдастыру Сәлемдесу. Түгендеу
БББ парақшасын тарату БББ стратегиясы
Оқушыларды 3 топқа бөлу (геометриялық фигуралар арқылы) 1-топ –төртбұрыш,
2-топ ромб,
3-топ квадрат болады. Топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар өткен тақырыптар бойынша дайындап келген тест жұмыстарын өзара алмасып, орындайды.Топ басшылары тексеріп, қорытындысын бағалау парағына жазады. Геометриялық фигуралар арқылы бағаланады.
Өткен тақырыпты қайталау Топтар бір-біріне сұрақтар қояды,топ басшылар бағалайды. Диалогтік оқыту
«Ыстық орындық»
Есептер шығарту.
Оқулық бойынша, үлестірме парақтар бойынша жеке жұмыстар жүргізу Топ № 32 ,
2 топ №48,
3 топ № 56
РISA тапсырмаларын шешу. Тақтамен жұмыс. Топтар бірін-бірі бағалайды.
Сабақты бекіту Венн диаграммасы
1-топ Ромб пен квадрат;
2-топ Тіктөртбұрыш пен ромб;
3-топ Квадрат пен тіктөртбұрыш; Сын тұрғысынан ойлау
Бағалау
Сабақты қорытындылау
Рефлексия БББ кестесін толтыру Бағалау Топ басшылары қорытынды бағаны шығарады Өзара бағалау,жиынтық баға
Үйге тапсырма 1-деңгей : «Тіктөртбұрыш, квадрат,ромб өмірде» эссе жазу
2 деңгей : РISA тапсырмаларын құрастыру Интерактивті тақта
Қорытынды .
Қорыта келе еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ең басты сапалары белсенділік,шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға,кәсіби жолын таңдайалуға қабілеттілік,өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Соған байланысты кез-келген сабақ жоспарында РISA үлгісімен құрастырылған логикалық тапсырмаларды кіріктіре отырып,оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға қол жеткіземіз. Оқушылар тек теориялық білммен шектелмей,мектепте алған білімдерін,іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әр түрлі салаларында,сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттері артады,алған білімдерін шынайы өмірмен байланыстыра отырып,практикада қодана біледі және кез-келген проблемалық ситуацияларды шешуге ұмтылады.
АНЫҚТАЛМАҒАНДЫҚ
1. Жазылуында 1 цифры екі рет, 2 және 3 цифры бір рет кездесетін 4 орынды сан нешеу?
A) 6
B) 7
C) 8
D) 10
E) 12
Жауабы: Е
САНДАР
1.Кестедегі мәліметтерге сүйене отырып, электр энергия үшін наурыз айында төленген ақшаны есептеңіз (Бүтінге дейін жуықта)
Бастапқы көрсеткіш
(кВт) Соңғы көрсеткіш (кВт) Тариф
1кВт/с, тенге
3723 3940 7,9
А) 1761 тенге
В) 1762 тенге
С) 1736 тенге
D) 1714 тенге
E) 1715 тенге
Жауабы: D
Мектеп асханасы
Мектеп асханасында шаршы пішіндес үстелге айнала әр жақтан бір-бірден 4 оқушы отыра алады.Мектеп кешені дәл осындай 4 үстелді бір қатарға қойып, ұзын үстел құрады.
14859009652000
12573006350004000500635000342900063500028575006350002286000635000

14859001778000
Ескерту: 1үстелге 4 оқушы отырады.
05397500
Сұрақ 1: Мектеп асханасы
Осы ұзын үстелді айнала қанша оқушы отыра алады
Сұрақ 2: Мектеп асханасы
Мектеп асханасының еденіне өлшемі 20х20 см болатын 1500 дана плитка төселген. Асхана еденінің ауданы қанша ?
Жұмысыңызды көрсетіңіз.
26289004064000434340040640003771900406400032004004064000Сұрақ 3: Мектеп асханасы

Бір мезгілде 50 оқушы тамақтану үшін асханаға осындай ұзын үстелден неше қатар үстел қою қажет ?
Жауабы: Қатарлар саны: ---------------------
Пайдаланылған әдебиеттер :
1.Геометрия оқулығы 8 сынып
2.Әдістемелік нұсқаулық;
3.ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы «РISA халықаралық зерттеуі» әдістемелік құрал . Астана 2012 жыл
4. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-202 жылдарға арналған бағдарламасы.
5.2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
6.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
7.Экономикалық ынтымиақтастық даму ұйымының көрсеткіштерінің енгізілуі.