Біріккен 6-8-сыныптарда А.Байт?рсын?лы. «Анама хат», «?ара б?лт» ?ле?дері мен М.Дулатов. «Шешені? балаларын с?юі» ?ле?ін о?ыту.


Біріккен 6-8-сыныптарда А.Байтұрсынұлы. «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдері мен М.Дулатов. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін оқыту.
сынып 6-сынып 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынұлы. «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдері. М.Дулатов. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға қазақ халқының біртуар ақыны А.Байтұрсынұлының ақындық шеберлігін таныту; өлеңдері-нің мазмұнын ашу.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау дағдыларын қалып-тастыру, ақын өлеңдеріндегі басты ойды түсіндіру, ұлттық рухын ояту.
3. Оқушыларды отансүй-гіштікке тәрбиелеу, адамгер-шілік қасиеттерді бойына сіңіру. 1. Оқушыларға қазақ халқы-ның біртуар ақыны М.Дулатов туралы толық мағлұмат беру; өлеңді оқыта отырып, анаға деген махаббатын оқушы сезімімен ұштастыру.
2. Өзіндік ой қорыту, шығар-машылық жұмыстарға баулу арқылы таным-түсініктерін арт-тыру.
3. Оқушыларды аналарын сүюге, құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар, ақынның портреті, үлестірме қиындылар, мақал-мәтелдер жинағы, «Бес арыс» кітап көрмесі.
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, топтастыру, талдау.
Сабақ барысы
І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Ұйымдастыру кезеңі
1.Кластер. (миға шабуыл)
Бес арыс



2.Блум түймедағы
Қарапайым сұрақтар – Бұл сұрақтар нақты деректерді еске түсіріп, жауап беру үшін қойылады
Анықтаушы сұрақтар– алған ақпаратты анықтау үшін бағытталған. «яғни сенің ойынша, бұл... ….», «мен сені дұрыс түсінсем, онда...» (А.Байтұрсынұлы., М.Дулатов. жайлы болмақ.)
ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Оқулықпен жұмыс
Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс. Интерпретациялық сұрақтар (түсіндіруші) белгілі бір мәселелерді шешу барысында жаңа идеяларға итермелеуі мүмкін және түсініксіз іс-әрекеттердің себебін анықтауға көмектеседі (неліктен?)
1. «Анама хат» өлеңін оқып, мазмұнымен танысу (алдымен мұғалім оқиды, содан соң 1-2 оқушыға оқытады) .
2. Өлеңнің мазмұнын талдау:
а) Ақын өлеңді кімге арнаған екен?
ә) Өлең мен ақын тағдырының арасында қандай байланыс бар?
б) Намыс туралы не білесіңдер?
в) Адамға тән намыс пен ұлт мүддесінен туындаған ұлтжандылық өлеңде қалай көрініс тапқан?
3. Түсініксіз сөздерді дәптерге теріп жазу, талдау.
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары.
«Қара бұлт» өлеңін оқып, мазмұнымен танысу.
1. Ақын қара бұлт арқылы қандай адамдарды бейнелеген?
2. Қара бұлттың мақтаншақтығы мен қайырымсыздығын көрген тау қалай тебіренді?
3. «Сай – сайға құяды, бай байға құяды» деген мәтелді қалай түсінуге болады?
4. «Қайырымдылық дегеніміз не?» тақырыбында шағын шығарма жазу. Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары. Шығармашылық сұрақтар(болжам) – «Не болады, егер де,…?»
1. Өлеңді өз бетінше оқып, мазмұнымен танысады.
2. Өлеңдегі ақын ойын қарасөзбен жазу.
Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс.
Өлеңнің құрылысына сатылай кешенді талдау жүргізу.
1. Авторы.
2.Тақырыбы.
3. Жанр түрі.
4. Идеясы.
5. Шумақ саны.
6. Тармақ саны.
7. Бунақ саны.
8. Буын саны.
9. Ұйқас.
10. Әдеби-теориялық ұғым.
11. Түсіндірме сөздік.
12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.
ІІІ КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
БЕКІТУ КЕЗЕҢІ
Сергіту сәті. 1.Джигсо әдісі. (елші)
Ана туралы өзінің білетінін және өлеңнен түсінген ұғымдарды қосып, «Ана деген кім?» деген сұраққа жауап береді.Ортақ үндестікті шығарады. Сергіту сәті. 1.Джигсо әдісі.
Ана туралы өзінің білетінін және өлеңнен түсінген ұғымдарды қосып, «Ана деген кім?» деген сұраққа жауап береді. Ортақ үндестікті шығарады.
Бүгінгі ұғымның асыт сызу.
Бағалаушы сұрақтар(салыстыру) – ойлаудың эмоционалды жағын арттыру үшін бағытталған “Сіз қалай ойлайсыз ?»
Ашық-жабық сұрақтар
Рефлекция. Көңіл күй. Рефлекция. Көңіл күй.
Үйге тапсырма.Бағалау.
«Анама хат» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттап алу. Тәжірибелік сұрақтар– Өмірмен байланыс...
Өлеңді жаттап алу. «Менің анам» тақырыбына шағын шығарма жазу. Тәжірибелік сұрақтар–Өмірмен байланыс ...