Саба?ты? та?ырыбы: Ахмет Байт?рсын?лы «?ара б?лт», «Анама хат» ?ле?дері.
Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 8.11.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат» өлеңдері.
Білімділік: А.Байтұрсынұлының шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің мазмұнын игерту,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
Тәрбиелік: оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, баяндау, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті, суреттер т.б.
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: музыка, ағылшын, орыс тілі т.б
Көрнекілігі:Ақын портреті, кітаптар, көрнекі кеспе қағаздар.
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу.2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам ,адам болып», «Мен-қазақ»
ІІІ.Жаңа тақырып .Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
ІV.Оқулықпен жұмыс.
«Қара бұлт» өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, талқылау.
«Венн диаграммасы»
БҰЛТ адам ТАУ ойындағы қасиеттер
Бұлт пен таудың астарында қандай адамдар жатыр?
Бұлтқа ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
Тауға ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
Бұлт қандай бейне?
Тау қандай бейне?
Ақын қара бұлт арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген?
Таудың сөзімен адамдардың қандай қасиетін көрсетпек болған?
Қара бұлттың мақтаншақтығы мен қайырымсыздығын көрген тау не деп тіл қатты?
1.«Анама хат» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу.
2.Хат қалай жазылатынын, хаттың қандай түрлері бар екенін естеріңе түсіріңдер.
3.Ақын өмірі мен өлеңнің арасындағы байланысты анықтаңдар.
4.Өлең мазмұнын қарасөзбен жазып шығыңдар.
5.Өлеңнен ақынның анасына деген қандай сезімдерін аңғаруға болады?
6.Ақын абақтыны сөзбен қалай суреттеген? Оқып беріңдер.
Сөзмаржан (діни ұғым бойынша)
Лаухұлмахбуз – адам тағдыры жазылатын тақта
Лаж-айла, амал,шара
Астарлау
Құбылтудың бір түрі –астарлау (символ, грекше –шартты белгі)-бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей , бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге , не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу. Ойды ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.
Мысалы:
Отырмын теңіз бойында,
Ойнайды дауыл ойымда.
Соғады толқын, шың,жарды,
Шертеді көңілім мұңды әнді.
V Ой қорыту» (пікіралысу)— Қайырымдылық деген не?Қазіргі заманда қайырымдылық керек пе немесе керек емес пе?
Түйін:Адам — өмірге қонақ.Мақсат — бүгінгі айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, қайырымды, адал өмір сүру.
VІ.Үйге тапсырма:
1. «Қара бұлт» өлеңін жаттау2. Тақырыптық сурет салып келу.3. «Анама хат» өлеңін талдап келу.