Технологиялы? карта. Балаба?ша.Реттік санаумен танысу. Жо?арыда о? жа? б?рышы, т?менгі о? жа? б?рышы, жо?ар?ы сол жа? б?рышы, т?менгі сол жа? б?рышы, ортасы.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №19
Күні:
Білім беру саласы : «Таным».
Бөлімі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: Реттік санаумен танысу. Жоғарыда оң жақ бұрышы, төменгі оң жақ бұрышы, жоғарғы сол жақ бұрышы, төменгі сол жақ бұрышы, ортасы.
Мақсаты: 5 саны көлемінде реттік санау, сандық және реттік санауды айыра білу (есептік және реттік санау), «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына жауап беру. Қағаз бетінде бағдарлауға үйрету, заттардың арасынан геометриялық фигураларды таба білуге үйрету, 5 затты ұзындығына сәйкестендіру, заттардың ұзындығының кемуіне және өсуіне қарай сәйкестендіру, заттардың ұзындығының кемуіне және өсуіне қарай бір қатарға орналастыру.
Үлестірмелі материал: әр балаға ұзындығы 20-дан 12 см-ге дейін біртіндеп қысқарып отыратын 5 жолақша беру, тақырыптың мазмұнын ашатын суреттер.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Қағаз бетінде бағдарлау жұмыстары
Қостілділік компонент/билингвальный/: жолақша-полоски, ұзындық-длина
Оқу қызметініңкезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Балабақшам базарлы үй,
Ауылдағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
- Жарайсыңдар!
Ал оқу қызметі басталды, іске сәт!
№1 сурет бойынша реттік санауды үйретемін.

- Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?
- Қане, ретімен санайықшы.
- Реттік санауды білесіңдер ме?
- Қанекей, реттік санап үйренеміз. Ол үшін мына суретке назар аударыңдар?
Есептік және реттік санаудың сұрақтары “қанша?”, “нешінші” болады.
Суретті кезекпен санап шығайықшы.
Бірінші не тұр? Екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы деп жалғастырылады.
Осы топтағы балаларды айтсақ, бірінші қатарда кім бірінші болып тұрады?
Сонымен балалар реттік санауды түсіндік пе?
Қане, қайталап санап шығайық!
Кеме нешінші тұр? Үйшік ше? Т.б жалғастырылып, білімдері пысықталады.
№2 суретті көрсете отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау,ашық сұрақтар арқылы зейінін шоғырландыру.

Шаттық шеңберін бірлесіп, көңілді орындайды
Рахмет!
Құлпынай, шырша, гүл,саңырауқұлақ, кеме, үй.
Бірінші құлпынай, екінші шырша, үшінші гүл, төртінші саңырауқұлақ, бесінші кеме, алтыншы үй.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік - Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?
- Суретте қандай аңдар бейнеленген?
- Бұл қай ертегі? Естеріңе түсті ме?
- Жарайсыңдар!
- Жоғарыда оң жақ бұрышында не тұр?
- Төменгі оң жақ бұрышында ше?
- Жоғарғы сол жақ бұрышында не көріп тұрмыз?
- Төменгі сол жақ бұрышында ше?
- Ал енді ортасында не тұр?
- Сонымен бүгін біз, реттік санаумен, жоғарыда оң жақ бұрышы, төменгі оң жақ бұрышы, жоғарғы сол жақ бұрышы, төменгі сол жақ бұрышы, ортасы тақырыбын меңгеріп алуымыз керек. Ол үшін бірнеше тапсырмаларды мұқият орындайық.
№3 суретте неше зат бар? Олар қалай орналасқан?
Жоғарыда сол жақта не тұр?
Төменде сол жақта не тұр?
Төменде оң жақта не тұр?
Жоғарыда оң жақта ше?

Сергіту сәтін жүргізу:
Бас бармағым -атам,
Балалы үйрек – әжем,
Ортан терек —  әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкене бөбек – мен.
Міне, менің барлық отбасым.
Суреттермен жұмыс: Д\о: «Кеңістікті бағдарла» мақсаты: Суреттегі заттардың орналасқан орнын айту, төмен, жоғары биік, аласа, оң, сол жақ сөздерін қолдану. Еске сақтау қабілетін арттыру. Аңдардың суретін. Суретте аю, түлкі, қасқыр, қоян және ортасында бауырсақ.
Бауырсақ ертегісі
Түлкі тұр.
Қасқыр.
Аю.
Қоян.
Бауырсақ тұр.
Бес зат бар.
Күн.
Иттің үйшігі.
Гүл.
Бұлт.
Сергіту сәтін бәрі бірге орындайды. Естеріне сақтайды.

Қолдарында не бар және нешеу?


Дәптермен жұмыс жүргізіледі.
Дидактикалық ойынға бәрі қатысады.
Жоғарыда сол жақта тиін. Біреу. Ол жаңғақ.
Төменде оң жақта кірпі. Үшеу. Алма.
Жоғарыда аспалы шамдар. Төменде кілемше.
Тәрелкеде бір алма.
Себетте алты алма бар.
Жоғарыда сол жақта үшбұрыш, жоғарыда оң жақта дөңгелек,
Орасында тіктөртбұрыш, төменде оң жақта шеңбер, сол жақта шаршыРефлексиялық – түзетушілік
- Балалар мына суреттерге қарап, бүгінгі не үйренгендеріңді анықтауға болады.
- Олай болса, суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Жоғарыда, төменде не бар?
- Оң, сол жақта ше?
- Оңға қарай және солға қарай нелер бар?
- Реттік санап көрейікші?
- Ал қане, бес бала тақтаға шықсын. Қатарға тұрып рет санына санал. Бірінші мен Ернар, екінші мен Назерке т.б- Балалар сіздерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
- Несімен ұнады? Суреттерге қарап алған білімдерін пайдаланып жауап береді.
Реттік санап шығады.
Оқу қызметі несімен ұнағанын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жаңғыртады : 5 саны көлемінде санауды, заттардан геометриялық фигураларды табуды.
түсінеді: сандық және реттік санауды бір-бірінен ажырата білуді, қағаз бетіне бағдарлауды.
қолданады :  жоғарыда оң жақ бұрышы, төменгі оң жақ бұрышы, жоғарғы сол жақ бұрышы, төменгі сол жақ бұрышы, ортасын, реттік санауды.