?йымдастырыл?ан о?у іс ?рекетіні? технологиялы? картасы Та?ырыбы:2 саны ж?не цифры 2саныны? жасалу жолы, «+»ж?не «=»та?балар


Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Жасы: (5-6 жас) «Қарлығаш» тобы
Тәрбиешінің аты-жөні: Аушамина.Г.З.
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
Тақырыбы:2 саны және цифры 2санының жасалу жолы, «+»және «=»таңбалар.
Мақсаты: Балалардың 2санының пайда болуы, 2 нің алдындағы санды шығарып алуға үйрету. 2цифрын жазуға үйрету. «+» және «=»таныстыру.
Алдын-ала жұмыс және оқу іс әрекетіне дайындық:санамақ санау
Сөздік жұмыс:екі саны,қосу,тең таңбалары
Дидактикалық құралдар:жұмыс дәптері,қоян,сәбіз суреті,үлестірмелі көрнекіліктер, 2саны,қосу,тең таңбасы,игровизор
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс-әрекеті
І кезең- мотвациялық- қозғаушы «Сиқырлы дорба»(дорбадан зат алғызу сұрағына жауап беру)
Бүгін аптаның нешінші күні?
Бірден бес санына дейін тура сана?
Күз мезгілінің нешінші айы?
Бестен бір санына дейін кері сана?
Балалар енді қараңдаршы біздің дорбадан алған заттарымыз нешеуден?
Балалар сұрақтарға жауап береді
Бір бірден
ІІ кезең-проблемалық-
ізденушілік Балаларды орындарына отыр ғызу.
Балалардың назарын тақтаға аударту.
Жұмбақ жасыру:
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.Ол не?
Қоянның суретін тақтаға ілу
Тақтада қоян нешеу?(балалар жолақшаның жоғарғы жағына сол жақтан бастап бір қоянды қойғызу.)
Тағы бір қоянды қоямын.
Бір қоянның қасына бір қоян ды қойдым.Неше қоян болды?
Екі қоян болды.
Екі санын көрсету.Балалар бұл екі саны.
Балалар біз бір қоянға бір қоян ды қостық.Сөйтіп екі саны шықты.Балалар екі саны неге ұқсайды?
Мынау қосу таңбасы(көрсету таңбаны,тақтаға ілу)
Балалар қоян не жейді?
Тақтаға бір сәбізді ілемін.Не ше сәбіз ілдім?
Дұрыс.Сендер де жолақшаның төменгі жолағына бір сәбізді қойыңдар?
Балалар бір сәбіз екі қоянға жете ме?
Ол үшін не істейміз?
Иә тағы бір сәбізді қосамыз.Не ше сәбіз болды?
Неше сәбіз қостық?
Енді қарайық жоғарыдағы қояндар нешеу болды?
Ал төмендегі сәбіздер нешеу?
Қояндар қанша болса сәбіздер сонша,яғни тең.Балалар тең таңбасын былай белгілейміз. (тең таңбасын көрсетіп ілу)
Сергіту сәті:
Дәптерге екі санын бастырып жазғызу.
«Қателеспе»ойынын ойнау(балалар сандар устап тура,кері тез тұру)
Игровизормен жұмыс жасау ды ұсыну Балалар орындарына отырады
Қоян
Біреу,балалар бір қоянды жолақшаның жоғарғы жағына сол жақтан бастап қояды
Тағы екінші қоянды қояды
Екі
Балалар мұқият тыңдайды, қарайды
Құстың мойнына
Сәбіз жейді
Біреу
Балалар жолақшаның төмеңгі жағына бір сәбізді қояды.
Жетпейді
Тағы бір сәбізге бір сәбіз
Екеу
екеу
Қолды алға созайық,
Аяқты түзу қояйық.
Бір отырамыз,
Екі тұрамыз,
Орнымызды табамыз.
Балалар дәптермен жұмыс жасайды
Балалар ойынға белсене қатсады
Игровизормен жұмыс жасайды
ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші Балалар бүгін қай санмен таныстық?
Қандай жұмыс жасадық?
Қойылған сұрақтарға толық жауап бере отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: . 2санын білу «+» және «=»таңбаларды білуі
Түсінеді: екі саны қалай жасалатынын,таңбаларды
Қолданады:екі санын,таңбаларды жаза алу,тану