?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекетіні? технологиялы? картасы.Та?ырыбы: «Си?ырлы магнит»
«Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің
технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»Кіші сала:Қоршаған ортамен танысу.Мүсіндеу. Тақырыбы: «Сиқырлы магнит» Тәрбиеші:Аушамина Г.З.Мақсаты: «Цель» Магниттің қасиетін ұғыну.Міндетер: «Задачи» Магнит және оның қасиеті туралы ұғымын дамыту.Практикалық тәжірибе барысында жалпы шолу, қорытынды жасау және білімді меңгере алу қабілетін қалыптастыру.Бір - біріне өзара көмектесу, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Ермексаздан домалақ жасау.Ұқыптылыққа үйретіу.Балалардың қызығушылықтарың арттыру.
1.Развить у детей значение магнита и его свойства.
2. В ходе практического опыта провести общий обзор, закрепить способность анализировать и формировать полученные знания.
3. Оказывать друг-другу взаимопомощь. «придать пластелину круглую форму»
Дидактикалақ құралдар: Қолғап ішінде магнитімен, темір және пластмасса қасықтар, магниттер, темір үгінділері, пластмасса түймелер, түйреуіш, су құйылған ыдыс балықтарымен және темір заттармен,картон,көбелектерӘр балаға темір, пластмасса, ағаш, магнит, қарындаш
Іс-әрекет кезендері Тәрбиешінің басқарымдық
қызметі Балалардың іс- әрекеті
/-кезең
Ұйымдастыру кезеңі - Балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?
-Дұрыс.
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Кәне ата өтіндерші.
-Қазір қандай ай?
-Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?
-Көктем мезгілінде не жауды?
- Көктем мезгілінде нелер ұшып келеді?
- Балалар! Мен дүкеннен қолғап сатып алдым жәй қолғап емес, «сиқырлы» қолғап.
Ал қолғаптың сиқырлы екенін қалай білуге болады екен?
Не байқадыңдар?
-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде үш ай бар,
- Наурыз, Сәуір, Мамыр.
-Қазір сәуір.
- Ауа райы жылынады.
- көктем мезхгілінде жаңбыр жауады.
-Көктем мезгілінде құстар ұшып келеді.
Балалар сиқырлы қолғапқа назарларын аударады,танғалып қарайды.
- Қолғапты киіп қораптың ішіндегі заттарды шығаруды ұсынады.
Балалар кейбір заттар қара тасқа қолғаптың ішіне жабысып қалғанын айтады.
//-кезең
Мотивациялық қозғаушылық
Тәрбиеші қолғаптың ішінде бір нәрсе бар, екенін айтады.Қолғаптың ішіндегі тасты шығарады. Бұл магнит - темір заттарды өзіне тартып алатын және темірге жабысатын қасиеті бар екенің түсіндіреді.
Балалар мен сендерге магнит сөзі қайдан шыққаның айтып беремін.
Ертеде Магнус деген қойшы, тау үстінде қой бағып жүріп аяғындағы аяқ киіміне және қолындағы таяғының басы үшкір темір болған екен .Аяқ киіміне жабысқан қара тастарды бірнешеун алып келіп көршілерін таң қалдырған екен. Содан кейін магнит деп атай бастаған.
Сендердің әрбіреуіңде әртүрлі пішінді және көлемді магниттер бар.
Оларды қолдарыңа алып, не сезетіндеріңді айтыңдаршы?
- Балалар магнит барлық заттарды тарта ала ма екен?Біз енді осыны тексеріп тәжірибе өткізейік№1-тәжірибе:
Тәрбиеші үстел бетінде әртүрлі заттар қояды, жұмсақ ойыншық, ағаш қарындаш, пластмасса түймелер, темір заттар, түйреуіш, шеге, қасық темір, кішкентай магнит.Магнитті әр затқа кезек - кезек жақындатыруды сұрайды . Әр балаға өзіне ұнаған затты таңдап, оны магнитпен тексеруді ұсынады. Магнитке тартылатын заттарды бір қорапшаға , тартылмайтын заттарды бір қорапшаға салатындарын айтады.
Тәрбиеші жасаған тәжірибесіне қорытынды жасауларын сұрайды.
Қандай заттарға магнит әсер етпейді?
-Тәрбиеші магниттің ғажайып қасиеттерін әрі қарай зерттеуге ұсыныс жасайды .
№2-тәжірибе: Балық аулауСендер көріп тұрғандай, алдымызда су құйылған ыдыста кішкентай балықтар жүзіп жүр. Қазір біз оларды аулаймыз. Магнитті банкіде жүзіп жүрген балықтарға жақындатамыз. Магнитті ыдыстың сыртынан ақырын жоғары жүргіземіз. Балық магнитпен бірге су бетіне дейін жылжиды, осы әдіспен балықтарды аулаймыз.
Тәрбиеші жасаған тәжірибесіне қорытынды жасауға сұрайды.
№3-тәжірибе: ойыны «Көбелек»Келесі тәжірибе үшін бізге гүлдердің суреті бар қағаз және төменгі жағынан скрепка қыстырылған, қағаздан жасалған көбелек. Көбелекті қағаз бетіне қоямыз. Оны бір гүлден екінші гүлге ұшып баратындай жылжытатындарын айтады.Қандай қорытынды жасауға болады?
№4-тәжірибе: «Қолды сулатпай алу»
Тәрбиеші мына шыны ыдыстын ішіне скрепкалар түсіп кеткенің айтады.Магнитті ыдыстың сыртынан ақырын жоғары жүргізу әдіспен барлық скрепкаларды жинауға ұсынады.
Қандай қорытынды жасауға болады?
Сергіту сәті: Саусақ жаттығуы.
Балалар біз жеке жұмыс орындаймыз. Алдарыңдағы ермексаздан магнит жасайық. Ермек сазды екі алақанға уқалаймыз дөңгелетеміз. Балалар енді бізде не пайда болды?
Түсі қандай?
Балалар біз магниттің пішінің жасадық.Түсі қара ,және дөңгелек.
Қандай қорытынды жасауға болады?
- Балалар қолғаптың ішінде бір қара тас бар, екенің көреді оның темірге жабысатын қасиеті бар екенін түсінеді.
Балалар «магнит»сөзі қайдан шықан әңгімені мұқият тындайды.
- Балалар магниттерді қолдарына алып суық, қатты, темір, ауыр деп жауап береді.
Балалар тәжірибе жасауға кіріседі.
Балалар үстел бетіндегі заттарға назарларын аударады,қызығушылықпен қарайды.
Магнитті әр затқа кезек - кезек жақындатады. Әр бала өзіне ұнаған затты таңдап, оны магнитпен тексереді. Магнитке тартылатын заттарды бір қорапшаға , тартылмайтын заттарды екінші қорапшаға салады.
Балалар жасаған тәжірибесіне қорытынды жасайды темір заттар магнитке тартылады, ал темір емес заттарға магнит әсер етпейді.
Бұларға: ағаш, пластмасса, мата, және т. б. осы заттарды атап шығады, олар неден жасалғанын айтады.
Магнитті су бетіне банкіде жүзіп жүрген балықтарға жақындатады.Магнитті ақырын жоғары жүргізеді. Балық магнитпен бірге су бетіне дейін жылжиды, осы әдіспен балықтарды аулайды.
Балалар қорытынды жасайды магнит судың сыртынан әсер етеді.
Балалар көбелекті қағаз бетіне қояды. Оны гүлдін үстінде ұшып баратындай жылжытады Қорытынды:
Магнит, картон, қағаз, пластмасса арқылы әсер ете алатындарын айтады.
Балалар қауырсын
ыдыстын ішіне скрепкаларды түсіп кеткенін көреді.Магнитпен ыдыстың сыртынан ақырын жоғары жүргізу
әдіспен барлық скрепкаларды жинауға тырысады.
Магнит қауырсын арқылы әсер ете алатындарын айтады.
Жаттығуды қайталайды.
Балалар ермексаздан дөңгелек жасйды.
-Дөңгелек.
-Қара
///-кезең
Рефлексивті
түзетушілік
Өте жақсы балалар.Бүгін сендер жақсы жұмыс істедіңдер, керемет тас магнитпен таныстыңдар.
Біздің топта қай жерде магнит бар? Балалар, жан - жақтарыңа қарап, топта қай жерде магнит бар екенің айтады.
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді:Магниттердің қасиетімен
Ұғынады:Магнит және оның қасиеті туралы
Қолданады: Практикалық тәжірибе барысында жалпы шолу, қорытынды жасау