?йымдастырыл?ан о?у іс ?рекетіні? технологиялы? картасы Бізге ?уырша?тар келді
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттің технологиялық картасы.
Тобы: ІІ кішілер тобы
Күні:
Тәрбиеші:Ихсангалиева.А.
Білім беру саласы «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі:Тіл дамыту
Тақырыбы: « Бізге қуыршақтар келді»
Мақсаты:Сөйлем құрастыра білуге, сұраққа дұрыс жауап бере білуге үйретуді
жалғастыру. Қамқорлыққа баулу, мейірімділікке тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:өлең жолдарын жаттау
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын,
Қажетті көрнекі құралдары:Ойыншық ыдыстар тағамдар.
Билингвальды компоненті:Әдемі-красивый, көйлек-платье, қуыршақ-кукла,
Іс- әрекет бөлімі Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Себепті қызығу-шылығын
ояту
Шаттық шеңбері:
Біздің топтың ұл қыздары
Тату тәтті ойнайды
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлайды.
Балалар бүгін бізге қуыршақтар қонаққа келіпті.Олар Шолпан мен оның інісі Қанат
Қуыршақтар әртүрлі екен.
Қайсысының жасы үлкен, қайсысының жасы кішкентай?
-Қанттыңжасы кіші
Олар сендермен ойнағысы келеді: Қанаттың қолында не бар?Ол машинамен ойнағанды ұнатады.
Шолпанның көйлегінің түсі қандай?
Қанат қандай жейде киіп алған,түсі қандай?
Балалар олар бізге қонаққа келді қонақты қалай күтеміз?
Дастархан әзірлейміз бе?
-Мынау-нан,шәй қант,тәрелке шәйнек кесе.Нан,қант,шәй тағамдар деп аталады.Ал кесе,шәйнек, тәрелке ыдыстар деп аталады.
Дыбыстық жаттығуы.
Ыс-ыс –ыдыс.
Ғам-ғам-тағам
Ыдыстарға тағамдар салынады.Ыдыстың үлкен кішілігін сұрау.
Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.
Қанаттың жасы кішкентай
-Шолпанныңтүсі қызыл
қызыл
сәнді жағасы ақ, көк көйлек киіп алыпты.
Балалар жауаптары тыңдалады.
Ыс-ыс –ыдыс.
Ғам-ғам-тағам
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі Сергіту сәті.
Күнге қарап қол созамыз,1,2,3,
Қызғалдақтай ырғаламыз,1,2,3,
Дөңгеленіп би билейміз 1,2,3,
Үлкен болып біз өсеміз.1,2,3.
Билингвальді компонент:Қуыршақ-кукла,
Қонақ-гости
Балалар мына жерде нелер бар? Осы заттардың ішінен дастарханға қажет емес заттарды таңдап алып тастайық.
Дидактикалық ойын :Не артық?
Мақсаты: Шай жасауға қажетті заттардың ішінен артық заттарды табу.
Балалар тағамдарды ыдысқа салып,үстелге қойып,Әйкерім мен Динараны үстелге шақырады.
Балалар тамақ ішер алдында қолымызды жууды әрқашан естен шығармау керек.
«Қонақ күту»Сюжетті-рольдік ойыны:
Мақсаты: Балаларды қонақтарға шай даярлап, қонақ күту мәдениетімен таныстыру.
Балалар үйге қонақ келгенде ең
Өлең
Мен қайырымды баламын
Тек жақсылық ойлаймын
Кішілерге қамқор боп
Үлкеннің тілін аламын. Тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар артық заттарды
Тауып айтады
Ойын ойнайды.
Балалар бір-бірімен қарым-қатынаста болады
Балалар өлең жолдарын
2-3 ретқайталайды
Іс- әрекетті бағалау кезеңі Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Балалар бізге қонаққа кімдер келді?
Қонаққа біз не ұсындық?
Дұрыс айта алмаған балаларға көмектесу.
Белсенділік танытқан балаларды мадақтау.
-
Сұрақтарға жауап беріп үйренеді.
Әйкерім мен Динара келді
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Тағамдар мен ыдыстардың аттарын:
Қандай түсініктерді меңгерді: Тағамдар мен ыдыстар туралы сөйлем құрауды .
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қонақ күту мәдениетін меңгереді