?МЖ. Символды? ж?не жолды? шамалар.Символды? м?ліметтерді енгізу. (9 сынып)
Қысқа мерзімді жоспар
Күні:
Сыныбы: 9 «А»-сынып
Пәні: информатика
Пән мұғалімі: Қ.АрыновТақырыбы Символдық және жолдық шамалар.Символдық мәліметтерді енгізу.
Сілтеме Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық.
Мақсаты Паскаль программалау тілінде символдық және жолдық шамаларды практикалық жұмыстар арқылы үйрету.
Оқу нәтижесі: Оқушылар паскаль программалау тілінде символдарды және жолдық шамаларды түрлерін ажырата алады, символдық мәліметтерді ендіре алады.
Түйінді идеялар: Оқушылардың жеке, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақта СТО технологиясының әдіс тәсілдерін пайдаланып оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Жаттығулар: 1. Сергіту сәті 2. Топта жұмыс істеу ережесі 3. Топтық жұмысты бақылау және бағалау
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: топтық жұмыстар өзгенің пікірін құрметтей білу өзін-өзі және өзгені бағалау
Дереккөздер: Информатика Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық Интернеттен алынған ақпараттар қосымша дидактикалық материлдар
Оқуға арналған тапсырма: Оқулық оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстары. Практикум
Кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру
Жағымды ахуал
(5 минут) Сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа назарын аударту.
Кезекші сынып жайлы ақпар береді.Оқушылар оқу – құралдарын түгелдіп, сабаққа назарын аударады.. Үй тапсырмасын сұрау
7 минут
Жеке жұмыс және ұжымдық жұмыс Қойылған сұрақтардың мағынасын ашып, түсіндіруін қадағалайды
Мәтін жазу тәсілі
Outtext және Outtextxy тәсілдерінің айырмашылығы Қойылған сұраққа өз бетінше және алған білімдері бойынша жауап береді Белгілермен бағалау Жаңа сабақ.
(10 мин.)
Оқулықпен жұмыс
Символдық мәліметтердегеніміз сөз тіркестері түрінде берілген мәтін элементтері.Символдық мәліметтерді өңдеу символдық (литерлік) типті анықтайтын СНАR (ағылшынның СНАRАСТЕR — символ деген сөзінен қысқартылып алынған) түйінді сөзі арқылы жүзеге асырылады. СНАR типіндегі айнымалының мәні компьютерде пайдаланылатын кез келген жеке символ болып, ол мәлімет өрнектеудің кодтық кестесінің белгілі бір мәніне сәйкес келуі тиіс. Әрбір символ 0 мен 255 арасындағы кез келген бір бүтін санмен бейнеленеді, оның негізі болып АSСІІ кодтары саналады. Оның 0-127 кодтарына сәйкес символдары әмбебап таңбалар болып табылады, оларға латын әріптері, тыныс белгілері, цифрлар, арифметикалық операция таңбалары және баскару символдары кіреді. Ал 128—255 кодтарына сәйкес символдар арнайы символдар мен ұлттық алфавит әріптері үшін қолданылады. Орыс, қазақ алфавитінің әріптері осы соңғы топта орналасқан. Оқушылар топта бірлесе отырып талқылау жасайды және қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады. оқулық
Тәжірибелік жұмыс
(13 минут)
Жеке жұмыс Практикалық №15
Оқушылар жеке практикалық жұмысты орындайды.Жұптарымен алмаса отырып, тексереді. Өзара бағалау
оқулық
304165784860Сабақты бекіту
(5 минут)
«Қаламсап» стратегиясы
Қаламсаптарды таңдау.
2-3 оқушның қаламсабын таңдау. Жаңа сабақ бойынша меңгергендіктерін оқушылардың өздері пысықтату. Бүгінгі меңгерген тақырып бойынша сөйлеп өтеді.Сұрақтар қойып, жауап береді. қаламсап
Бағалау
(2 минут) Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау Үйге тапсырма
(1 минут) Қосымша мәлімет жинақтау. Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке түсіріп алады. күнделік
Кері байланыс.
(2 минут) «Бес саусақ» әдісі бойынша пікірлерін жазып түсіру.
Оқушылар кері байланыс бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Парақшалар
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ханділлә