Разработка урока по казахскому языку для 5 класса «?депті балалар»


5 сынып Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қаратал ауылы, «Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі МДШО-мен» КММ, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Есимханова Данагуль Шариповна
Сабақтың тақырыбы: «Әдепті балалар» Сілтеме: 5-cынып қазақ тілі. Т.М. Артыкова
Жалпы мақсат: « Әдептілік » тақырыбында оқушылармен әңгіме жүргізу, бекіту, қазақ әліпбиі жайында түсіндіру, фонетика жайында айтып жеткізу, фонетикалық талдауды үлгі бойынша көрсету, әдептілік жайында түсінік беру.
Оқыту нәтижелері: « Сәлеметсізбе?!» « Сәлем» сөздерінің мағыналарын ұғындыру,сәлемдесу түрлерін есте сақтауға үйрету,өзі жайлы таныстыра алуға,сұраққа дұрыс жауап бере алуға дағдыландыру.
Түйінді идеялар: Мәтінді түсініп оқу,қазақ әліпбиін есте сақтауға үйрету,ойлана білуге жағдай туғызу, дауысты және дауыссыз дыбыстарды айыра білуге дағдыландыру, тазалыққа ,сауатты жазуға, әсемдікке,жауапкершілікке шақыру,әдепті,ибалы болуға сыйластыққа шақыру, сурет бойынша сөз тіркестерін дұрыс қолдана білу, топпен, жұппен ынтымақта, бірлікте жұмыс істеуге дағдыландыру, тақырыпты меңгерту, тақырып бойынша сөздікті толық игеріп еркін тілдесу әрекетіне жеткізу, жаңа сөздерді есте сақтау.
Жаттығулар: 1.Психологиялық дайындық.
2.МШ «Әдептілік» «Әдепсіздік» деген не?
3. Сөздікпен жұмыс
4.Оқулықпен жұмыс (жұптық жұмыс)
5. Қазақ әліпбиі ( фонетикалық талдау )
6. Оқулықпен жұмыс.
8. Рефлексия
9. Үйге тапсырма.
10.Оқушыларды бағалау
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сыныптағы кедергілерді анықтау,жою, сынып назарын сабаққа аудару.
2.Психологиялық тренинг. « Сен маған ...» жаттығуы
Мақсаты : оқушылардың бір- біріне деген қарым қатынасын бақылау.
2.МШ «Әдептілік» «Әдепсіздік» деген не?» топтарға сұрақ қоя отырып олардың ойларын тыңдай жаңа сабақтың тақырыбын айтып сабақты бастаймын.
3. Сөздікпен жұмыс. «қара,жап,айт,жаз, тексер» стратегиясы бойынша сөздікпен жұмыс жасатамын.
4.Оқулықпен жұмыс. (жұптық жұмыс)
Оқулықтағы диалогті жұп болып оқып береді.
5. Қазақ әліпбиі ( фонетикалық талдау ) Фонетика жайында білімдерін бекітемін.
6. Оқулықпен жұмыс. «Өзің жайлы айтшы» Мәтінді оқып аудару.
7. Рефлексия Не өттік? Не білдік?
8. Үйден оқуға. ережені жаттау9.Оқушыларды бағалау. Оқушылар жауаптарын бақылап бағалаймын.Сабақты бағалау.