Разработка урока по казахскому языку для 4 класса Жануарларды ?айталау саба?ы


«Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса
Табиғатты қорғаймыз,
Жаман бала болмаймыз»
Сабақтың тақырыбы: Жануарларды қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жануарлар туралы алған білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру. Білімдерін қайталау тереңдету, дүниетанымдарын кеңейту.
Дамытушылық: Сауатты жазуға, логткалық ой өрісін, тіл байлығын, затты сипаттауға үйрету, келер шақ етістікті, зат есімін септеу,қайталау, тәуелдену, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған өлке табиғатына, онда өмір сүретін жануарларға деген сүйіспеншілігін сезімдерін арттыру, табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді жинақтау «Орман жиналысы».
Сабақтың әдістері:Топпен, жекелеп, шығармашылық ізденіс түріндегі жұмыстар, жауап беру, сөзжұмбақ шешу, диалог, ой қозғау.
Көрнекілік: Журналдардың суреттері, сөзжұмбақ, таблицалар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, жаратылыстану,дүниетану.
Сабақтың барысы :( психологиялық даярлық)
Мұғалім: -Балалар, бүгін бізге қонақтар келді, олар біздің білімдерімізді және сендер қандай оқушылар екендерінді көруге келді.
Ақылдымыз, тәртіптіміз
Ұқыптымыз біз, талаптымыз
Біз үздік оқимыз.
Барлығын көңілге тоқимыз
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын ата?
- Қазір қай ай?
- Сәуір
- Сәуірдің нешесі?
Дәптерлеріңді ашыңдар, бүгінгі күн мен айды жазыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Бүгін біздің сабағымыз ерекше болады.
Балалар, мынау қандай құс?
Мынау – сауысқан (сауысқан)
Бүгін таңертеңнен бастап сауысқан шықылықтай бастайды, сөзден ауызы бір дамыл таппады:
Қыс аяқталды, көктем басталды, уақыт келді қыстан көктемге қалған азықтарын тексеруге, орман тұрғындары бұл жаңалықты естіп, жиналыс өткізбекші болды. Бұл жиналысқа біз де барамыз. Енді біз оларға қонаққа аттанайық. Оқушылар, біз орманда қалай өзімізді ұстауымыз керек, қандай ережелер сақтауымыз керек? (балалар айтады)
1.Орманға біз қыдыруға келсек.
Таза ауа жұтайық
Ойнап секіріп жүгірейік.
Тек есте сақтайық.
2.Орманда шулауға бломайды.
Қатты ән айтып дауыстап, аңдар шошып кетеді
Орманды тастап қорлайды.
3.барлығын біз қорламайық,
Ұрып, соғып, шуламайық
Сен орманда қонақсың
Мұнда емен, бұлан қожайын.
4.Тыныштығын аңдардың сақтайық,
Олар бізге жау емес,
Біз оларды қорғайық.
1-минут әдепті, көркем жазу.
Біз жануарларды қорғаймыз.
Ал енді бұл жиналысқа кім бірінші келетінін білу үшін мына жұмбақты шешіп көрейік:
1.Өзінше ноян
Қорқақ кім? (қоян)
Дұрыс,қоян туралы кім айтады?
2.Жылқы тұмсық
Ешкі құйрық
Есек құлақ
Түйе ерінді,
Төрт аяғы тең емес,
Бірі ұзын, бірі қысқа,
Қорқақ өзі, қыли көзі,
Қоян жыл өмір сүреді
Жазда түсі сұр болады
Қыста ағарады.
Қоян деген сөзге фонетикалық талдау жасау: 4 әріп, 5 дыбыс, 2 буын.
Қ-қатаң дауыссыз
О-жуан дауысты
Я- дауысты
Н- үнді дауыссыз
Ал енді балалар, келесі біздің жиналысымызға кім келетінін осы сөзжұмбақты бірігіп шешіп көрейік.
Жануар
Қоян
Түлкі
Бөлтірік
Аю
Арыстан
Борсық
Қасқыр
Животное
Заяц
Лиса
волчонок
медведь
лев
барсук
волк
Жолбарыс туралы кім айтады?
Жолбарыс күшті, жыртқыш аң
Ол 9-10 метр жерге секіре алады.
Сағатына 120 шақырым жүгіре алады.
Сиқырлы сандық: берілген сөйлемдерде келер шақта тұрған сөздерді тап?
Жолбарыс жүгіреді
Биікке секіреді
Аң аулайды
Орманда болады.
Ал келесі кім келетінін білу үшін жқмбақты шешуіміз керек.
қаймықпайды күшті аңнан
қорқады тек тышқаннан. (піл)
2. Сандарды сөйлет: 9 тонна, 140 салмағы, 70-80 жыл,100-200 литр.
3.Піл деген сөзді тәуелдеу
І жақ: Менің пілім
ІІ жақ: Сенің пілін
ІІІ жақ: Оның пілі
Келесі кім жиналысқа келетінін, мына жұмбақтарды шешуіміз керек.
1.Тәтті көрсе бас салар,
Аумайды баладан
Үп-үлкен боп жасқандар
Кіп-кішкентай арадан (аю)
Қыста аю ұйқыға кетеді
Көктемде қонжықтармен шығады.
Олар көктемде құмырсқалар, өсімдіктерді жейді.
2.Аю деген сөзді септеу
А.с. Не? Аю
І.с. Ненің? Аюдың
Б.с. Неге? Аюға
Т.с. Нені? Аюды
Ж.с. Неде? Аюда
Ш.с. Неден? Аюдан
К.с. Немен? Аюмен
Сергіту сәті.
Келесі жиналысқа кім келетінін білу үшін, осы жұмбақтарды шешуіміз керек.
1.Шырша саясы-күркесі
Өзі орман еркесі
Қарғып жүрер жан-жаққа (тиін)
Тиіннің дайындайтын азық түрлері: жаңғақ, бүр, саңырауқұлақ берілген сөздерді буынға бөлу.
Келесі қандай аң жиналысқа келетінін диалог тыңдағасын білеміз.
Сәлеметсіз бе!
Сәлеметсіз бе.
Сенің атын кім?
Менің атым...
Сен қайда тұрасын?
Мен Солтүстік Қазақстан облысында Ғ. Мүсірепов атындағы ауданында, Новосел ауылында тұрамын.
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Мен 4 сыныпта оқимын
Сенің отбасында неше адам бар?
Менің отбасымда....адам бар
Олар кім?
Олар....
Сенің досың бар ма?
Менің досым бар
Оның аты кім?
Оның аты...
Ол қалай оқиды?
Сенің досың қандай?
Ол ақылды, зерек, тәрбиелі
Сен бос уақытта не істейсің?
Саған қандай аң ұнайды?
Маған арыстан ұнайды
Ол саған неге ұнайды
Арыстан аң патшасы.
Мен арыстанның суретін салдым.
Жақсы салыпсың.
Жарайды, сау бол!
Сонымен балалар, келесі жиналысқа келген аң, аң-патшасы арыстан. Арыстан келгесін орман жиналысы ашылды. Ал енді балалар, біз да кішкене орман тұрғындарымен болатұрайық және бұл жиналысқа қатысайық. Ал халайық, біз аман - есен қыстан шықтық. Қыстан көктемге қалған азықтарымызды тексердік. Бұл жаңғақ, бүр, өсімдік, саңырауқұлақ. Сонымен жарқыраған жазға дейін әр кімде қалған азықтарымызды ұқыпты бөлісіп жеткізейік.
Сонымен балалар, біз орманға бардық. Орман жаңалықтарымен, аңдар туралы білдік, олар қандай азықтар дайындайтынын білдік. Сабаққа қалай ден қойып ұқыпты тыңдағандарыңызды мына жұмыстар арқылы тексерейік. Ол үшін партаның үстінде жатқан жануарлардың суреттерін менің белгім бойынша тақтаға жазылып тұрған таблицаға қандай аң, қалай қоректенеді,өмір сүреді соған ілесіңдер.
Ал балалар, барлық аңдар міне алдымызға жиналып отыр. Сендер өздерің қалай ойлайсыңдар, біз оларға қандай жағдай жасаумыз керек?
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.