Разработка урока по казахскому языку для 3 класса по теме Сырганак


Сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: сырғанакта
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәнерлеп сырғанау спорты жайлы қысқаша мәлімет беру.
Білімділік: Айтылым, жазылым және оқылым әдістері арқылы, оқушылардың байланыстырып сөйлеу қабілеттерін және сөздік қорларын молайту.
Дамытушылық: Әр түрлі ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардыңспортқа деген қызығушылықтарын, соның ішінде мәнерлеп сырғанау спортымен айналысуға бағыттау.
Сабақтың пән аралық байланысы: дене шынықтыру, орыс тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, слайд, суреттер.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: (2-мин)
Сәлемдесі, түгендеу,
Оқушылармен диалог.
Ауа райы қалай?
Сабаққа дайынбыз ба?
Бүгін қандай күн?
Көңіл-күйлерің қандай?
Психологиялық ахуал.
« Жүректен-жүрекке » жаттығуы (3-мин)
Мақсаты : Оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру.
Шарты: Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап бір-біріне тілек тілейді.
Үй тапсырмасын тексеру: қыс туралы 4-мақал-мәтел жазып келу.
«Мәнерлеп сырғанау»(3-мин)
1-тапсырма. Мәтінді оқы. Қазақ тіліне тән әріптердің астын бір сызықпен сызу
Мәнерлеп сырғанау-спортқа жатады.Онда адамдар конькимен сырғанайды.Мәнерлеп сырғанау Ұлыбританиядан шыққын.Спорттың бұл түріне баланы 7-8 жаста үйренеді.
«Орнын тап» ойыны.(5-мин)
Мақсаты: Оқушыларды дұрыс және қатесіз жаза білуге дағдыландыру.
Шарты: Әр топқа әр түрлі орындары ауысқан сөздер беріледі:
1-топ:
ғ, а, ң ,ш, ы –.........
а, н, ш, а - ........,
я, з, а -.........
у, ы, қ ,с -..........
қ, п, н, а - ...........
л, п, ұ, а - ...........
т, е, о, қ, с, н, ж,л,а – ......................
с, ы, қ - ..................
2-топ:
а, қ, а, л, қ, а -.............
ұ, з, м, а, д, ы, н, ы, й-................
е, м, д, е, у -...............
а, ң, қ, р, а, т -.................
ө, к, е, й, б, а, б - ..............
ы, с, р, ғ, н, а, қ, а-......................
ұ, л, а, қ, ш, ы, н- .........
а, қ, р - ...........................
«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны.(5-мин)
Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
1-топ: жауады қар қыста. тебеді коньки балалар. және күн аяз салқын. шаңғы тептім мен. сырғанақ тептік біз.
2-топ:жасады аққал балалар. мәнерлеп сырғанады Айдана. Аяз болады қыста. тебеді балалр шана қыста. Айдос сырғанады конькимен.
Сергіту сәті.(3-мин)
Көжегім тұршы,
Бетіңді жушы
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы
Мектепке баршы,
Орныңа отыршы.
«Артық суретті көрсет» ойыны. (3-мин)
Мақсаты: Оқушылардың заттарды ажырата білу қабілеттерін дамыту.
Шарты: Оқушылар берілген суреттерден қысқа байланысты суреттерді теріп алып, сол сөзден сөйлем құрастыру.

«Фонетика еліне саяхат»(5-мин)
Мәнерлеп сырғанау сөздеріне фонетикалық талдау жасау.
1-топ: Мәнерлеп – сөзі беріледі.
2-топ: сырғанау сөзі беріледі.
«Мәнерлеп сырғанау елінде» ойыны.(5-мин)
Әр топқа ватмон беріледі . ватмонға мәнерлеп сырғанау суретін салып, оны қорғау.
Оқылым бөлімі: Жаңылпаш оқып жарысу: (3-мин)
Ақ мақта ақ қарда аппақ па?
Ақ қар ақ мақтадан аппақ па?
Күш, күш, күшігім,
Қарда жатсаң үсідің.
Кір, кір, үйге, күшігім,
Ки көкемнің ішігін!
Сабақты бекіту:Бір-бірін тексереді. (5-мин)
1. «Мәнерлеп сырғанау» аудармасы.
А) фигурное катание
Ә) фигурное лыжа
Б) фигурное коньки
2. «Ұлпа» сөзінің аудармасы
А) снег
Ә) мороз
Б) снежинка
3. «Құлақшын» сөзінің аудармасы.
А) шапка
Ә) шарф
Б) варешки
4. Зимой идет снег.
А) Қыста аяз болады.
Ә) Қыста жылы болады.
Б) Қыста қар жауады.
5. Фигурное катание аудармасын тап
А) Мәнерлеп сырғанау
Ә) Мәнерлеп жүру
Б) Мәнерлеп оқу
Үй тапсырмасын беру: Мен мәнерлеп сырғанаймын әңгіме құру. (2-мин)
Бағалау: Оқушыларды білімдерін бағалау. (1-мин)
Рефлексия: «Суық торғайлар» ойыны.
Ағашқа суық торғайларды қондыру арқылы оқушылардың ойларын білу.