Урок по казахскому языку на тему «Наурыз тойы» ( 2 класс)


Сабақтың тақырыбы: «Наурыз тойы»
                                                          
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Қазақ   халқының  ежелден  сақталып,атадан  балаға мұра  етіп  қалдырған  салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, дамыту  және көркейту.
Дамытушылық : Окушылардың  ой -қиялын, өрісін,іздену негіздерін   дамыта отыра, ауызекі сөйлеу тілін  жетілдіру.
Тәрбиелік :   Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың   салт-дәстүрін қастерлеп, сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың  түрі:     жаңа  сабақты  меңгерту
Сабақтың  әдіс-тәсілдері:   түсіндіру, сөйлесу, ойын,  сұрақ - жауап                                                                                                                                 Сабақтың  көрнекілігі:   тақта,карточкалар
Сабақтың  барысы:  І  Ұйымдастыру кезеңі
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық! (амандасу)
-Кезекші кім?
-Кім жоқ?
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз
Үй жұмысын  тексеру (6- жаттығу)
І. Тіл дамыту сұрақтары.Айтылым
1.      Қазір қай жыл мезгілі?
2.       Көктем айларын ата.
3.      Көктемде қандай мерекелер бар?
4.      Күн не істеді?
5.      Табиғат не істейді?
6.      Құстар қайдан ұшып келеді?
7.      Көктемнің үшінші айын ата.
 
ІІ.Жаңа сабақ .Наурыз тойы (күннің жадысын жазу)
 
Наурыз – жаңарған тіршілікті алып келген жыл басы. Наурыз –парсы тілі.Жаңа күн – деген сөз. Табиғат ажарынан  көріктенген әлемнің әдемілік әнін, сұлулық сәнін әкелген Ұлы күн.Ұлыс күні қазан толса,ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса,олжалы болар делінген.
«Наурыз» персидское слово,что означает «Новый день». Наурыз для народов Востока всегда был самым главным праздником.. ".Наурыз новый год,праздник весны,когда возраждается природа, наступает весеннее равноденствие,праздник солидарности людей. В этот день все обиды прощаются. Соседи друг-друга  угощают  Наурыз көже.Наурыз –это день, когда тепло побеждает холод,добро  побеждает зло.
 Наурыздың жеті нышаны
 
1.      Наурыз  ертегісі
2.      Наурыз  көк
3.      Наурыз  құсы
4.      Наурыз  әні (тақпақ)
5.      Наурыздың негізгі түстері
6.      Наурыз  дәм
7.      Наурыз бата
 
ІІІ. Сөздікпен жұмыс (қайталату,сөзтіркесі,сөйлем құру)
Жылбасы – начало года
бәйшешек - подснежник
     көңіл - настроение
    мерекеңмен - с праздником
    ән салу – петь
       бата – благословение
IV  Наурыз ертегісі (шағын сахналық көрініс)
Ертеде жануарлар өзара таласады...   
V"Танымыңды толықтыр”
Наурыз  көк. Күн жылысымен қардың арасынан жарып шығатын көктемнің алғашқы көгі.  Ол -бәйшешек гүлі. Содан соң, жауқазын  (қызғалдақ) өсіп шығады.
Наурыз  құсы. Көктемде бірінші болып  көрінетін жыл құстарының бірі.
Ол құс - Нәурізек деп аталады
Оқылым
2 - жаттығу. 112 бет. Оқы,аудар.(жуан,жіңішке сөздерді айыру)
         Бүгін мереке.Жаңа жыл. Наурыз –жылбасы. Адамдар көңілді.Олар ән салады,би билейді.
Сергіту сәті (Наурыз өлең)
Жазылым
 
3 –жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып ,сөйлемдерді көшір.
Көктем  ... . Қар... . Күн ... . Құстар... .
Керекті сөздер: еріді,келді,жылы,ұшып келді.
VI .Наурыздың түстері:
1.Ақ-сүт тағамдарына байланысты.
2.Қызыл түс -Наурызда қазанға салатын етіміздің түсі қызыл болады, жаңа сойылған ет деген мағынада. Наурыздағы гүлдің, қызғалдақтың түсі
3. Қара түс -қарабас тұздың түсі
4.Көк,көгілдір түс -су
5.Сары -май
6.Жасыл - жерден өсетін өнімнің бәрі алдымен жасыл шөп болып шығады.
7. Қоңыр түс -бидай, тары, талқан, көжеге
қосатын ұнның (бидай) түстері дән күйінде қоңыр болады.
 Жеті сөз тауып оқы
К Н А У Р Ы З
Ө Д Қ Ұ С Ь М
К Г Ш З Ә Л П
Т О А Й У Р Ф
Е К Ү Н І Ж Ө
М А М Ы Р Ө Х
 
 
VII.Наурыз дәм. (қазан толтыру)
Тақтаға қазанның суреті ілініп,айналасына тағам атаулары жазылған сөздер ілінеді.Оқушылар солардың ішінен наурыз көжеге салынатын тағам атауларын таңдап алып,қазанға салады.
  Наурыз бата
Уа, құдайым, оңдасын,
 Жаманшылық болмасын.
Әруақ біткен жар болып,
Қызыр бабам қолдасын.
Аман сактап, төл басын,
Еккен егін солмасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Пәле-жала қазақты,
 Іздесе де таппасын.     Әумин
VIII.Бекіту
 
Наурыз қашан тойланады?
Наурыз сөзі қандай мағына береді?
Наурыз тойының басты тағамы?
Наурызкөжеге қанша түрлі дәм салынады?
Жыл басы не болды?
IX.Үй жұмысы
1.      Жаңа сөз жатқа . 111- бет
2.      А-4 форматына  «Наурыз тойы» тақырыбына сурет салып келу
X.Бағалау.Аяқтау.