Т?рт т?лігім — ырысым
Сабақтың тақырыбы: «Төрт түлігім – ырысым»
Сабақтың мақсаты: 1. Төрт түлік ата-бабамыздың кисе киімі, мінсе көлігі, жесе тамағы
екенін оқушылардың көзін жеткізу.
2. Төрт түлікті қадірлей білуге үйрету, оны бағып, күту қажеттілігін
сезіндіру.
Көрнекілігі: 1. Төрт түлігім- ырысым
2. Түлік төлден өседі
3. Ұлттық бұйымдар, тағамдар
4. Кітап бұрышы
Кіріспе сөз. Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Мал олардың киімі, көлігі, тамағы. Бір сөзбен айтқанда, барлық тіршілігі, күнелтісі малға байланысты айтқан. Сондықтан да қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп-бағуды, өсіруді ойдағыдай игеріп, отбасы қажетіне қарай, іріктеп сойып жеп отырған. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Халқымыз өздерінің тіршілік, шаруашылық өмірін осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Малдың етін, сүтін, терісін, мүйізін, сүйегіне дейін өз қажетіне ұқсата білген. Сондықтан қасиетті төрт түліккке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіспіз.
Жүргізуші: төрт түліктің өсуіне байланысты әр түрлі атаулары бар. Кәне атап беріңіздер. (оқушылар төрт топқа бөлініп, төрт түліктің бірінің суретін ұстап тұру) Әр топтағы оқушылар өздеріне сәйкес малдың қадір-қасиетіне айтады.
І топ оқушылары: түйе, оның өсу, аталу жолдары мынадай: бота, тайлақ, буыршын, бұзбаша, інген, атан, бура. Түйені қасиетіне қарай: біртуған, бекпатша, күлпатша, нар, аруана, жанпоз, мая, желмая, айыр, қоспақ, балқоспақ, үлек деп бөледі. Түйенің азғын түрлері: көрт, көйін дейді.
ІІ топ оқушылары: жылқы: құлын, тай, жабағы, құнан, байтал, дөнен, бие, ат, сәурік, айғыр деп жасына қарай ажыратылады. Бұрынғы ел қорғаған ерлер жылқы ішіндегі таңдаулыларын мінген. Олар: жорға, сужорға, текежәуміт, жүйрік, тұлпар, қазанат, саңлақ, сәйгүлік, пырақ, арғымақ. Жылқыны жүрісіне қарап былай жіктелген: аяң, жортақ, бүлгек, желбасар, желіс, шоқырақ, шабыс.
ІІІ топ оқушылары: сиыр жасына қарай былай аталады. Олар: бұзау, баспақ, торпақ, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа.
ІҮ топ оқушылары: қой жасына қарап былай аталады. Олар: қозы, көбеген, марқа, көрпеш, торпақ, тайынша, қашар, бағылан, тұсақ, көбей, кебе, іскек, азбан, ақауыз, қой.
Ешкіні жасына қарай былай атайды: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке, саулық.
Жүргізуші: халық ұғымында әр малдың пірі, иесі бар деп түсіндіріледі.
І топ оқушысы: түйеде –Ойсылқара
ІІ топ оқушысы: жылқыда – Қамбарата
ІІІ топ оқушысы: сиырда – Зеңгібаба
ІҮ топ оқушысы: қойда – Шопаната
ешкіде – Шекшеката
Жүргізуші: халқымыз малды шақырғанда әр малға лайық мағына берген.
І топ оқушысы: түйені- «көс-көс»
ІІ топ оқушысы: жылқыны- «құрау-құрау»
ІІІ топ оқушысы: сиырды – «аухау-аухау»
ІҮ топ оқушысы: қойды- «пұшайт-пұшайт»
ешкіні- «шөре-шөре»
Жүргізуші: әр малдың өз үні бар.
І топ оқушысы. Түйе – боздайды.
ІІ топ оқушысы. Жылқы-кісінейді.
ІІІ топ оқушысы. Сиыр- мөңірейді.
ІҮ топ оқушысы. Қой, ешкі-маңырайды.
Жүргізуші: әр малдың өзіне тән аурулары бар.
І топ оқушысы. Түйеде - ақшелек, қатпа
ІІ топ оқушысы. Жылқы – маңқа, жамандату, шөміршек
ІІІ топ оқушысы. Сиыр – қарасаң, аусыл
ІҮ топ оқушысы. Қой, ешкіде – топалаң.
Жүргізуші: әр малды байлағанда оның жеке атаулары бар.
І топ оқушысы. Түйеде – мұрындық,бұйда
ІІ топ оқушысы. Жылқыда – ноқта
ІІІ топ оқушысы. Сиырда –басжіп
ІҮ топ оқушысы. Қойда-көген
Жүргізуші: әр мезгілде малдың жүнін, қылын, түбітін алу үшін тарайды.
І топ оқушысы. Түйені-жүндейді.
ІІ топ оқушысы. Жылқыны-күзейді
ІІІ топ оқушысы. Қойды –қырқады, ешкінің түбітін алу үшін тарайды.
Жүргізуші: әр малдың көтеру мерзімі бар.
І топ оқушысы. Түйе – 12 ай
ІІ топ оқушысы. Жылқы – 10 ай
ІІІ топ оқушысы. Сиыр - 9 ай
ІҮ топ оқушысы. Қой, ешкі -5 ай. Кейбір қой, ешкілер жылына екі рет төлдейді.
Жүргізуші: малдың сүтінен әр түрлі тағамдар жасалады.
І топ оқушысы. Түйенің шұбаты
ІІ топ оқушысы. Жылқының қымызы
ІІІ топ оқушысы. Сиырдың сүтінен уыз, қымыз, айран, қатық, қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, құрт, ежегей, сарысу, тосап жасалады.
Жүргізуші: малдың терісі мен жүнінен әр түрлі бұйымдар жасап, пайдалана білген.
І топ оқушысы. Түйенің терісін керегенің көгіне пайдаланған. Қой терісінен тон, қозы терісінен қаракөл дайындап, бас киім тіккен. Лақ терісінен мес жасаған. Жылқы қылынан арқан ескен. Түйе мен қой, ешкі жүндерінен шұлық, қолғап, шарқат т.б. әр түрлі киімдер тоқыған. Баспақ пен ешкі ішегінен бүйен жасап оған май салып сақтаған.
Жүргізуші: жылқыныңи дене мүшелері халық емшілігінде пайдаланылады.Жылқы түлігінен алынатын әр түрлі тағамдардың да дәрілік қаситі көп.
ІІ топ оқушысы. Жылқының қазы, қарта, жаясы әр түрлі суықтан пайда болған ауруларға дәру. Көкжөтел, өкпе ауруларына жылқының өкпесін шала пісіріп жегізеді. Биенің сүті, қымызы, өкпе ауруларына дәрі. Сынықты қайта таңу үшін жылқы сүті, сорпасы, майы арқылы қайта сынған сүйекті айырады. Тай терісіне оранып ауру адам желден айығады. Түйенің шудасын ісікті қайтару үшін, қойдың құйрық майын салқын тиіп, ыстығы көтерілгенде пайдаланады.
Жүргізуші: халқымыз малды қадірлей білген. Малдың бағым, күтіміне, құрал-жабдығына қатысты көптеген ырымдары бар.
ІІІ топ оқушысы: «Қазақтың ырымдары».
Малды айдап бара жатқанда көрсе, кездескенде: «айдар көбейсін!» дейді, ал малшыға «бағар көбейсін!» деген тілек білдіреді.
Малдың бірінші сауымынан алынған майды қазақтар асқа қолданбайды, онымен жақтау, табалдырықтың жоғары бөлігін, киіз үйдің сол жағын жауып тұрған киізді майлайды.
Бие сауатын тері ыдысты төңкермейді және түбірге таяқпен немесе қолмен ұруға тыйым салынады.
Асқа немесе тойға толтырып қымыз әкелген сабаны біржола сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.
Қой қоздап жатқанда малды сатпайды.
Аттың басынан ұрмайды.
Атты сыйлағанда немесе сатқанда, ноқта –жүген берілмейді.
Жүргізуші:түйе мен жылқы малына қатысты көлік тұрмандары бар.
ІҮ топ оқушылары «Көлік тұрмандары».
Жегін құралдары: тарантас, пәуеске, арба, шана, күймелі шана, сүйреткі, жайдақ шана.
Жегін әбзелдері: қамыт, доға, шілия, ершік, ыңыршық, жүген, ноқта, божы, желбе, бұйда, шыбыртқы, мойынтұрық, шүй, бас жіп.
Түйе малының құралдары: ноқта, мұрындық, бұйда, қом, шөлке, желқом, ашамай.
Жылқы малына қатысты тұрмандар: ер-тоқым, ер, тебінгі, таралғы, терлік, төсайыл, шап айыл, бөктергі, қанжыға, көпшік, қамшы, жүген, ауыздық, кеңсірік, сулық, шығыршық, тізгін, сағалдырық, ноқта, шылбыр, өмілдірік, құйысқан, тұсау, кесен, өре, желпуіш, жабу, аттарақ, шідер.
Төрт түлікке қатысты тақпақтар айту:
«Түйе», «Бота», «Қой», «Қозы», «Ешкі», «Лақ», «Сиыр», «Жылқы», «Құлыншақ», «Ала бұзау» деп әр топ оқушылары тақпақтар айтып береді.
Оқушыларға төрт түлікке қатысты жұмбақтар береді. Егер кім көп дұрыс шешімін тапса, сол ойын жеңімпазы болып есептеледі.
Қойылған жұмбақтар:
Табаны өзінікі,
Мойыны қаздікі.
Ерні-қояндікі,
Ол не? (Түйе)
Еткендей мазақ,
«Жүнді жау» - дейді қазақ. (Қой)
Төрт аяғында темір,
Өзіңе жеңіл,
Кигені кебіс пе,
Не бұл? (Жылқының тағасы)
Найзасы басында
Көнегі қасында. (Сиыр)
Мінсең – желдей жүйткейді,
Көңілің таудай өседі.
«Алып ұшар алысқа,
Ер қанаты»- деседі. (Тұлпар)
Төрт бұлағы- сүт
Баққанға ол-құт (Сиыр)
Отырғаным –өркештің ортасы
Тепкенім – темір баспалдақ. (Ер –тұрман)
Кім қалай су ішеді?
Бас алмастан семіріп,
Демде қанып алады.
Томпаң-томпаң жүгіріп,
Өріске ұзап барады. (Қой)
Қара мұның айласын,
Байқап-байқап ішеді.
Шаңырақ мүйіз дәу басын,
Шайқап-шайқап ішеді. (Сиыр)
3 Ұзын мойын қашыққа
Бұрып-бұрып ішеді.
Асық, мейлің асықпа,
Тұрып-тұрып ішеді. (Түйе)
Жан – жағына елеңдеп,
Үзіп-үзіп ішеді.
Тұнық суға тереңдеп,
Жүзіп-жүзіп ішеді. (Жылқы)
Қойларменен таласып,
Иықтасып ішеді.
Әркімге бір жанасып,
Тиіп-қашып ішеді. (Ешкі)
«Табақ тарту» рәсімі.
Қазақ халқы- қонақжай халық.»Қонақ келсе-қой сой» деген мақал тегін айтылмаған. Қазақтар үйіне келген қонақтарға қой сойып, сый-сияпат көрсеткен. Қой соя білу-бұл да өнер. Қойды сойып, оны жіліктей білу керек. Қазанға тамақ салғанда келген қонақтарға сәйкес малдың жілігі салынады, яғни келген қонаққа лайық асып таратудың да өз мәні бар.
Табақ түрлері мынадай:
Бас табақ-құда-құдағай, сыйлы қонақтарға, ауыл ақсақалдарына ұсынады.
Орта табақ- сыйлы қонақтарға берілетін екінші табақ. Оған асықты жілік, кейде жамбас, қосымша тоқпан жілік салынуы тиіс.
Күйеу табақ-асықты жілік, төс, омыртқа
Келін табақ-ұлтабар, жүрек, ішек-қарын, сирақ
Қыз табақ-астыңғы жақсүйекпен бірге тіл, бүйрек,құйымшақ
Тәрбие сағатының соңында оқушылар төрт түлікке арналған әндер орындайды.
Мұғалім тәрбие сағатын қорытындылайды.