?аза? тілі п?нінен саба? Кел ойнайы?, жатты?айы?!
Сабақ: Қазақ тілі
Мұғалім: Ахметова З.Б.
Сынып: 1
Сабақтың тақырыбы: “Кел,ойынайық,жаттығайық!”
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Жүйелі білім беру мақсатын көздеп,оқушыларды епттілікке,бірізділікке баулу.Сабақта өтілген ойыншық атауларын еске түсіре отырып,ойын өткізу,жаңа сөздерді еске түсіріп,қайталау,білімдерін ойыншық атаулары арқылы толықтыру;
Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын молайту, жауапкершілікті сезінуін ,қисынды ойлауын қалыптастыру .сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін зейіндерін, тілдерін ойын арқылы сөздік қорларын дамыту.Тәрбиелілік: Тапқырлыққа,жылдамдыққа,ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, достыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сурет бойынша жұмыс, сұрақ-жауап,ойлану.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,жаңа сөздер жазылған плакат, ойыншықтар суреттері,сандар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлемдесу;
-Оқушыларды түгендеу;
-Қандай жыл мезгілі?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақта өткенді сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.
Сабақтың тақырыбы: «Кел,ойнайық!» мақсаты: диалог мәтінін тыңдау, сұрақтарға дұрыс жауап беру;
Сөздікпен жұмыс.
Иә-да Ойыншық-игрушка бар-есть
неше? қанша?-сколько? жоқ – нет ойына – играй
қандай?какой? (-ая,-ое) текше-кубик
1. Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап айтады. Оқушылар тыңдап отырады.
2. Мұғаліммен бірге оқушылар қайталайды.
Ой қозғау: -Балалар,сендердің қандай ойыншықтарың бар?
-Кімде қандай ойыншықтар бар?
Кітаппен жұмыс: 1-тапсырма. Мәтінді тыңда.
1.Мұғалім дауыстап диалогті оқып шығады,аударады.
2.Оқушылар тыңдайды. Кезектесіп оқиды.
-Саша,сенде доп бар ма?
-Иә,доп бар.
2-тапсырма. Мәтінді тыңда.
1.Мұғалім дауыстыап оқиды,оқушылар тыңдайды.
2.Мәтінді аударады.Кезектесіп оқушылар оқиды.
Саша машинамен ойнады.Ленаның қуыршағы бар.Арай текшемен ойнады.
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті-беске қосқанда,
Болып шықты он саусақ.
Оқушылар сергітуді іс-қимыл арқылы көрсетіп,бірнеше рет қайталайды.
Топтық жұмыс.
1.Оқушыларды екі топқа бөлу.1-топтан бір оқушы шығады,2-топтан бір оқушы шығады.
2. 1-топтағы оқушы бұйрық береді,екінші оқушы орындайды.
3.2-топтың оқушысы бұйрықты береді,1-топтың оқушысы орындайды.
4.Егер орындаушы дұрыс орындаса ,ол топтың оқушысына «Алғыр» атағын береміз.
Басыңды көрсет. Сол қолыңды көтер.
Аузыңды аш.Оң қолыңды көтер.
Оң қолыңды көтер. Есікті аш.
3-тапсырма.Өлеңді тыңдап,жаттап ал.
Үй алдында Ваня ағай,
Велосипед майладй.
Вова шығып далаға,
Вагон сүйреп ойнады. (Е.Өтетілеуов)
IV Қорытынды кезеңі: Сыныптастарына бұйрық беріп орындат.
Тұрындар!
Қолдарыңды көтеріңдер!
Қолдарынды түсіріңдер!
Оң қолдарына кітап алыңдар!
Сол қолдарыңа қалам алыңдар!
Оларды партаға қойыңдар
Сабақ аяқталды!
Сау болыңдар!