Аткрытый урок на тему Дауыссыз дыбыс ?ріптері.Т?йе.Бота?ан. (1 класс)


Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыс әріптері
(20-21 жаттығулар)Түйе.Ботақан
Сабақтың мақсаты;
оқушылардың дауыссыз дыбыс әріптері және төрт түлік
туралы алған білімдерін кеңейту. Төрт-түліктің бірі түйе ,
ботақан туралы білімдерін толықтыру.
Оқушылардың оқу жылдамдықтарын, байланыстыра
сөйлеу тілдерін дамыта отырып, сөздік қорларын молайту.
өлеңді жатқа айтып,мәнерлеп оқу дағыларын қалыптастыру.
Төрт түлікті сүюге, малды қастерлеуге, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер, дауыссыз дыбыс әріптері, қима карточкалар,интерактивті тақта.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушылармен амандасу.
Сыныпты түгендеу.
Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Дауыссыз дыбыс әріптерін жатқа сұрау.
2.« Төлді қалай шақырады?» өлеңін мәнерлеп оқыту.
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
Интерактивті тақтада көрсетілген сурақтарға жауап беру.(1 слайд)
IV. Мақсат қою кезеңі.
4)Біздің тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар туралы түсінікті жаттығулар барысында кеңейту.Төрт түліктің бірі түйе мен оның төлі ботақан туралы білетін боласыңдар.
V. Жаңа сабақ
Дауыссыз дыбыс әріптері бойынша түсініктерін кеңейту(2 слайд)
5) 20-жаттығу.(тақтаға орындау)
Сөйлемдерді көшіріп жаздыру.Қарамен жазылған сөздердегі дауыссыз дыбыс әріптерін тауып астын сызғызу.
Түйе боздайды. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Жылқы кісінейді.
6) 21-жаттығу (Өз беттерінше орындау).
7) Сергіту сәті.(Қошақан әні)
8)Төрт-түліктің пайдасы туралы түсінік беру.(3-слайд)
9)Өлең авторы Фариза Оңғарсынова туралы мағлұмат беру.(4 слайд)
10) Өлеңді мәнерлеп оқып беру және мағынасын түсіндіру.
Оқушыларға іштей,тізбектей оқыту.
11)Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
- Әкелерің мен шешелерің сендерді неліктен «Ботам», «Ботақаным»
деп еркелетеді -деп ойлайсыңдар?
VI. Жаңа материалды пысықтау(5 слайд)
1/Дауыссыз дыбыс әріптерін атаңдар ?
2/Дауысты дыбыс әріптерін атаңдар?
3/Төрт түлік туралы жеке-жеке сұрақ
4/Түйе туралы сұрау.Ботақан деген не?
VII. Бекіту
Сөздік диктантын жаздыру.
Сөздердегі дауысты дыбыстардың астын екі рет, дауыссыз дыбыстардың астын бір рет сыздыру.
VIIIҮйге тапсырма, бағалау .
«Ботақан» өлеңін мәнерлеп оқу.
.Өткен тақырыптарды қайталау.