Саба?ты? та?ырыбы: «Мен волейбол ойнаймын». ?айталау саба?ы.
Бектемирова Б.Б.,Мәртөк ауданы, Жайсаң орта мектебі.
Сабақтың тақырыбы: «Мен волейбол ойнаймын».
Қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
1.Спорттың бір түрі волейбол мен таныстырып,өткен тақырыптарда алған білімдерін пысықтау,спорт туралы түсініктерін кеңейту,тереңдету;
2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту,дүниетанымын кеңейту,
сөздік қорын байыту,өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру,
балалармен ойын арқылы өткенді қайталап,еске түсіру.Ой-өрісін кеңейту,
белсенділігін арттыру;
3. Мемлекеттік тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:cұрақ-жауап,аудару
Түрі: дәстүрлі
Көрнекілігі:оқулық, тақырыптық суреттер,сюжеттік суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.№1,сөздік 169 бет
ІІІ. «Мен волейбол ойнаймын».Қайталау сабағы.
а(Психологиялық дайындық:
Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп,
Жұлдыздай жарқырап
Қазақ тілін бастаймыз!
-Волейбол ойынына не қажет суретке қарап айтыңдаршы?
-Волейболды біз қолмен ойнаймыз,ал футболды аяқпен ойнаймыз.
б)Сөздік
футбол,волейбол,баскетбол ағылшын тілінен енген сөздер
ІҮ. Тапсырмалар орындату:
№1. Мәтінді түсініп оқы.
Бұл-біздің спортзал.Бүгін дене тәрбиесі сабағы бар.
Біз волейбол ойнаймыз. Ол – өте қызық ойын.
№2.Сұраққа жауап бер.
Мен не істедім?
165946716065500 алдым.
16594672139951659466213995 Мен допты соқтым.
бердім.
№3. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Волейбол
Допты жерге түсірмей,
Қағып ал да,досқа бер.
Ол өзіңе қайырып
«Қарсы жаққа таста»,-дер.
Келсе егер ыңғайға
Тор асыра ұр допты.
Біле-білсең,мұндайда,
Тек ептілер құрметті. ﴾ Ә.Қайырбеков)
№4.Сөйлеп үйрен.
Ойын ойнату «Әрі оқу,әрі ойын».
1. Убегай – қаш
Открой - ... /аш/
2. Знамя – ту
Догони - .../қу/
3. Зеркало – айна
Играй - .../ойна/
4. Сохрани – сақта
Доска - .../тақта
5. Лопата – күрек
Сердце - .../жүрек/
6. Знамя – ту
Вода - .../су/
7. Предмет – пән
Песня - .../ән/
8. Вернется – қайтады
Скажет - ... /айтады/
9. Народ – халық
Рыба - .../балық/
10. Иди – бар
Снег - .../қар/.
Ү.Сергіту сәті.
№5 тапсырма.Сөз тіркестерін аудар.
После урока.После упражнения.После старта.
Сабақтан соң.Жаттығудан кейін.Мәреден соң.
№6 тапсырма. «ДОП» сөзінен үш сөйлем құра.
№7 тапсырма.Сөйлемді толықтырып жаз.
Б...л – бізд...ң спорт...ал. Спортзалда д...не тәр...иесі с...бағы б...лады.
Спортзал үл...ен, ә...емі, т...за.
Ү.Дидактикалық ойын «Спорттық сөздер.» /қол шапалақтау/
Доп,кітап,қала,күн,футбол,қағаз,шаш,волейбол, шаңғы, алма,домбыра,асық, теннис,компьютер,дойбы.
ҮІ.Жұмбақтар шешу:
1)Жерге түсірмеу үшін допты,
Қос қолмен қағып,
Бір қолмен соқты. ﴾Волейбол ойыны﴿
2)Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. ﴾шаңғы-лыжа﴿
ҮІІ. Бекіту.
Спорт – адам өмірінің ұзаруына,салауатты өмір сүруде таптырмас құрал.Спорт өнеріне жеткіншектерді баулу – ерте заманнан қалыптасқан дәстүр. Волейбол – мектеп оқушыларында шыдамдылық,сұлулық пен тұрақтылықтың қалыптасуына жол ашатын спорт түрі.Бұл – балалардың өміріне өте қажет дене жаттығуларының үйлесімділігін жақсартатын ойын. Волейбол ойыны үшін спорт залы,спорт кешендері таза болуы керек.
ҮІІІ. Бағалау.ІХ. Үйге:Сөздік,№1 тап.түсінік.