Математика. ?ш та?балы сандарды ауызша ?осу ж?не азайту т?сілдері 286+617, 923-236
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері: 286+617, 923-236
Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
1) Үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері дағдыларын жетілдіру;
2) Шамалармен жұмыс жасаудың есептеу біліктерін бекіту;
3) Бірнеше бірлікке кемітуге және бірнеше есе арттыруға, екі қосылғыштың қосындысын табуға арналған құрама есептерді шығару білігін жетілдіру;
4) Математикалық терминологияны мен символиканы қолданып, ауызша және жазбаша түрде өз ойын анық әрі дәл жеткізе білу білігін дамыту;
5) Математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: аралас жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік-илюстративті
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі – Психологиялық дайындық
- Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
- Балалар, біз бүгінгі сабақты бұрынғы сабақтардан өзгеше етіп өткіземіз. Яғни сабақ сайыс түрінде өтеді. Сыныпты 3 топқа бөліп, І топ – Ойшылдар, ІІ топ – Тапқырлар, ІІІ топ – Білгірлер тобы болады.
- Ал, балалар сайысымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген № 5,6 тапсырманы тексеріп шығамын.
ІІІ Жаңа сабақ: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері: 286+617, 923-236
Кім жылдам?
286 923
1042155167041-36147167041+617- 236
903 617
-Баған түрінде есептеуде қандай қорытынды шығаруға болады?
- Үш таңбалы сандарды қалай қосып, азайтады екенбіз?
- Бірліктің астына, бірілікті, ондықтың астына ондықты, жүздіктің астына жүздікті жазып, есептеуді жүргіземіз.
-Дұрыс айтасыңдар.
Оқулықпен жұмыс: № 1 .Ойын «Жаңылмай тап»
56 21100100
24482601556111602105198120670656154940-36147146985+44+79-24-18
1001007 6 82
Математикалық диктант:
850-50 450+40 650+250 920-100
№ 2 Есептеу тәсілін түсіндір:
Бірінші бағанды өзім түсіндіріп, шығарамыз, қалған бағандарды 3 топқа бөліп беремін.
Б)
345+655=10001000-645=355245+693=938802+198=1000
782+218=10001000-367=633239+377=616933-399=534
666+334=10001000-443=557755-564=1911000-888=112
№ 3
582+418=1000 1000-826=174
715+285=1000 1000-721=279
519+481= 1000 1000-173=827
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Қарлығаш боп ұш
Төрт, бес, алты
Қарлығаш боп қалқы
Жеті, сегіз, тоғыз, он
Қайта орныңа қон
№ 4. Айжанда 1000 тг болды. Ол дүкеннен 329 тг сурет дәптерін және 386 тг кітап сатып алды. Айжанда қанша тг қалды?
Ш: 1000-(329+386)=285
Ж: 285 тг қалды.
№ 5 . Амалдардың орындалу тәртібін анықта.
(540-80)+(930-820)=460+110=570 320+(860-660)+120=520+120=640
(650+350)-(450+50)=1000-500=500 1000-(210-110)+30=930
№ 6. Көкөніс дүкенінде 455 кг сәбіз және 129 кг қызанақ бар. Бірнеше кг көкөніс сатылғаннан кейін, онда тағы 245 кг қалды. Неше кг көкөніс сатылды?
-балалар, есеп не туралы? Есепте не белгілі? Не белгісіз?
-дұрыс, сәбіз-455кг екені белгілі, қызанақ-129 кг екені белгілі. Сатылғаны белгілі ме? –иә, белгісіз. Қалғаны ше?- қалғаны белгілі-245 кг. –сонда нені табуымыз керек?-сатылғанын табуымыз керек. Ол үшін қандай амал қолданамыз?
Сәбіз-455
Қызанақ-129
Қалғаны-245
Сатылғаны?
Ш: (455+129)-245=584-245=339
Ж: сатылғаны 339 кг көкөніс
«Миға шабуыл» Логикалық тапсырмалар:
Бұтақта 6 құс қонып отыр еді. 2 құс осы ағаштың келесі бұтағына орын ауыстырды. Ағашта неше құс қалды? (6)
Ағаш басында 12 балық отыр еді. Оған тағы 10 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (балық ағаш басында отырмайды)
Шешесі балаларына 10 кәмпитті бөліп, қыздарына 3-тен, ұлдарына 2-ден берді. Қыздар неше, ұлдар нешеу? (2-ұл, 2-қыз)
Рефлексия: -Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?- Бүгінгі сабақтан не үйрендік? Не білдік? Сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма беру: № 3 129-бет
Бағалау – Жеңімпаз топты анықтап, мадақтау, бағалау.