Сынып 8 а, К?ні: 06.02.17 Та?ырып §38 Орманды дала ж?не дала зоналары Ма?саты Білімділік ?аза?станны? орманды дала ж?не дала зоналары та?ырыбы бойынша о?ушылар?а осы екі зонаны? жер бедері мен климаты таби?ат зоналарыны? ?алыптасуын


Сынып 8 а,ә,б,в,г Күні: 06.02.17 Тақырып §38 Орманды дала және дала зоналары
Мақсаты
Білімділік Қазақстанның орманды дала және дала зоналары тақырыбы бойынша оқушыларға осы екі зонаның жер бедері мен климаты табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндіру.
Тәрбиелік: орманды дала, дала зоналарының табиғатын ұқыптылықпен ұстап сақтап тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарының дамуына қалай ықпал ететіні туралы мағлұмат бере отырып ой-өрісін дамыту.
Көрнекілік Қазақстанның физикалық карталары, 8 сыныпқа арналған атлас, оқулық.
Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, картамен жұмыс.
Үй тапсырмасын сұрау.Оқушылар 3 топқа бөлінеді. «Ыстық орындық» ойыны. Бұл ойынға барлық оқушылар қатысады. Бір-бірден шыққан ойыншылар сұрақтарға жауап береді. Аталған обьектілерді картадан көрсетіліп отырады.
1.Өсімдік қалыптасуының даму кезеңі? (Қазақстан аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады.
2.Қай кезеңде Тұран ойпатын теңіз басып жатты? ( Палеогенде)
3.Тұран жазығы қай бұғаз арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан? (Торғай бұғазы) 4.Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты қаншаға бөлген? (2-ге)
5.Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында қандай өсімдіктер тараған? ( жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған.
6. Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) қандай өсімдіктер тараған? (мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы)
7.Торғай флорасы дегеніміз не? Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.)
8.Қазақстанға жануарлар дүниесінің ерекшелігі ? (Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.
9.«Қызыл кітап» деген не? Ол қай жылы құрылды? оған қандай жануарлар кіреді? Мысал.( алғашқы «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылды жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі енгізіледі. Олардың ішінде сүткоректілерден (қарақұйрық, арқар, қабылан, қар барысы, тянъ-шанъ қоңыр аюы, шағыл мысығы,), кұстардан (қоқиқаз, бура және қызғылт бірқазан, дуадақ, қырғауыл)
10.Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау максатында қандай ұлттық парктер ұйымдастырылған. (Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы,Алтынемел, Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт, Қорғалжын, Батыс Алтай,Алакөл)
Жаңа сабақ
Білу.Қазақстан аумағын 4 зона алып жатыр
1. Орманды дала зонасы/ өтпелі зона 2. Дала зонасы/негізгі зона
3. Шөлейт зонасы/ өтпелі зона 4. Шөл зонасы/негізгі зона
Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Сонымен бірге бұл зоналарда батыстан шығысқа қарай топырақ және өсімдік жамылғысы өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі де артады. Сонымен бүгінгі өтетін тақырбымыз – «Орманды дала және дала зоналары.»
Түсіну.Ал енді назар аударайық және мәтінді тыңдап қазір қай зона туралы әңгіме болатынын анықтайық. «Ландшафты шағын шоқ - шоқ қайыңдар мен шалғынды жерлердің алмасып келуімен сипатталады. Шоқ-шоқ қайыңға кейде көктерек, тал, итмұрын бұтасы араласып кетеді. Түрлі түсті ашық реңді өсімдіктері басым шалғын масаты кілемдей құлпырады, оларға бетеге, боз, бидайық және дәнді өсімдіктер қосылады» бұл – қай зона? ( орманды дала)
Енді келесі мәтінге назар аударайық.
«Түрлі түсті түкті кілем төселгендей, кейде таң қаларлық күрделі мозайкадай құлпырып, кейде көк, сары, қызыл, ақ түстердің әртүрлі реңктері көз арбаған өсімдіктер жамылғысының әсемдігі, қанықтығы, алуандығы соншалық, көзің қарыға бастайды, ал назарың сонау алыстағы көкжиекке ауады, ол жақта жоталар, қорғандар көзге түседі. Немесе көз ұшындағы шағын орман қарауытып көрінетін кеңістікті бір сәт елестетіп көрші» ( Алехин), бұл – қай зона? (Дала)
Орманды дала және дала зонасына қысқаша сипаттама беріледі.
Мәтін ішінен нақты қателіктерді тап және олардың астын сыз:
«Бірде екі аңшы жолбарысты қалай аулағандары туралы сөз жарыстыра отырып, бірін-бірі толықтыра түсті: «Бұл Қарақұм шөлінде болған оқиға еді. Біз шөл мен аптаптан әлсіреп, үш күн бойы аңның ізіне еріп отырдық. Түйелер шыдамай, шөгіп жатып қалды. Бір-бірімізді сүйемелдеп, аяғымыз қызған тас пен шағыла күйіп, әрең дегенде үлкен өзенге жеттік . сол жерде бір аңқамыз кепкен шөлімізді басып ап, шаң басқан киімдерімізді лақтырып тастап, суға күмп беріп қойып кеттік. Мөлдір суда ұзақ жүзіп, жағада өсіп тұрған сексеуіл орманының көлеңкесінде аптаптан тығылып, су жағасынджа аяғымызды созып жіберіп дем алдық. Енді ары қарай не істейтінімізді ойластырдық. Ақыры таптық : сексеуіл бұтағынан сал жасап, сонымен аман-есен жақын жердегі елді мекенге жетіп алдық...»
Талдау «Постер қорғау
Кретерий Дескриптор Балл Баға
1.мазмұны Тақырып мазмұны ашылды
Толық ашылды
Толықтыруды қажет етеді
Толық емес 3
2
1 2.Безендірілуі Бояуы қанық емес
Сурет салмаған
Эстетикалық талғамға сай емес 3
2
1 3.Баяндау шеберлігі Ойды жеткізе білді
Шешендік жетіспеді
Қыстырма сөз көп қолданды 3
2
1 4.Шығармашылығы Тақырыпты өзге қырынан аша білді
Толықтыруды қажет етеді
Тақырып ашылмады 3
21 ІV.жинақтау.Венн диаграммасы
Орманды дала
айырмашылығы Ұқсастығы Дала
айырмашылығы
V. Үй тапсырмасы: §38 Орманды дала және дала зоналары.
Кестені толтыру. Табиғат зоналарды кескін картаға түсіру.
Табиғат
зонасы Географиялық
орны Климаты Топырағы Өсімдіктері Жануарлары
Орманды дала зонасы Дала зонасы Сабақты бағалау : Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау