Ал?ыс айту к?ніне байланысты Елбасына ал?ысымыз шексіз атты мерекелік кеш
Өтетін күні: 1 наурыз
Өтетін уақыты: сағат 1600
Өтетін орны: мектеп залы
Тақырыбы: «Елбасына алғысымыз шексіз»
Безендірілуі: Мектеп залын түрлі-түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру.
Мақсаты: 1.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
2. Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
«Елбасына алғысымыз шексіз» атты Ризашылық күніне арналған жиынымызға қош келдіңіздер.
Оқушылар сапты түзеп, тік тұрыңдар! «Елбасына алғысымыз шексіз» атты өткізгелі отырған мерекелік жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тұғырдан әкелінсін!
Қазақстан-егеменді ел, тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған бел.
Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.
Шартарапта шаттығыңдай азат күн,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,
Шалқи берсін Гимні қазақтың!
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Жүргізуші:Қымбатты оқушылар!Біздің арамызда күнбе-күн сұхбаттасатын, сұрақтар қойып,жетістіктер мен армандар жайлы ойларыңызбен бөлісетін адам бар.Ерекше құрметпен, сөз сөйлеу үшін ортаға мектепбіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағайды шақырамыз.
Жүргізуші:Бұл жаймашуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан бері біздің басты қазақстандық анамыз Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасы бойынша өткізіліп келеді.Ризашылық күні адамдар бір-біріне қуаныш,шаттық сыйлайды,өз жетістіктерімен бөліседі,бір-біріне алғысын айтады.
Жүргізуші:Бүгін ризашылық күнінде Қазақстанды қазіргі таңда дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай,мойындайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан айтып өтеміз.
Келесі кезекте мектебіміздің оқушыларының «Елбасымызға мың алғыс» деп аталатын шығармашылығына кезек берсек.
1-оқушы: Тұрғанбек Назым.
-Қара жер жаралғалы қазағымның,
Шын сүйіп,шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жетті деп тарихымды жазатын күн.
Уақыттың диірмендей тасы айналды
Ұл туса,бауырына бас аймалап.
Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,
Тарихты тұлға ғана жасап алмақ!
Жанарың жаудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүния кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты,нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты-Нұрдан,аты-Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтыңарман, тілек,бақытынан.
Ел үшін аямаған күш-дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
-Нұраға,о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан сізді күткен...
Жүргізуші:Мерекеміз «Елбасына алғысымыз шексіз» деп аталады, шынында да біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жолдауы арқылы еліміздің болашағына көз салуға мүмкіндік берді.Біз осындай татуда ,тыныш елде өмір кешіп жатқанымыз үшін елбасымызға Алғыс айтамыз.
Хормен оқушылар: «Елбасына мың алғыс! 3 рет.
Келесі кезекте әсем әнге кезек берсек Аятбек Арсеннің орындауындағы «Елбасым» әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Сонымен қатар осы өмірге әкелген әлдилеген, түн ұйқысын төрт бөлген біздің ата-анамызға алғысымыз шексіз.
Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп,талай түн қаттың.
Өміріме нәр береді ақ сүтің,
Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсан біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырайды бір күлгенің,
Қуанып көз алдыңда жүргенің-дей келе ата-аналарымыздың құрметіне Қалдыбайқызы Салтанаттың орындауындағы «Мама» әнің қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Қане оқушылар сонымен қатар біздің өмірімізде алғыс айтуға лайықты кімдерді айтуымызға болады? Ендеше бастауыш сынып оқушыларын ортаға шақырып,алғыс айту тізімін бірге құрайық!
1-оқушы: Рамина Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2-оқушы: Дана Әкеге – қорған болғаны үшін,
3-оқушы:Кәусар Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4-оқушы: Аминаағзам Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5-оқушы:А.Қарақат Күнге – шуағы мен назары үшін,
6-оқушы:Досымжан Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7-оқушы:С.Қарақат Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8-оқушы:Дания Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9-оқушы:Сымбат Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10-оқушы: Мейірман Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11-оқушы:Бағила Отқа – жылулығы үшін...
12-оқушы: Бибарыс Ұстазға- білім бергені үшін...
Жүргізуші:
Бүгінгі күн – нұрлы күн,
Жарық шашқан әлемге
Ескеретін күн бүгін
Ризашылық ғой әр елде....дей келе келесі кезекте мың бұралған қыздар-ай тобының «Қара жорға» биін қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Оқушылар біздің өмірімізде үлкен алғыс айтатын адамдарымыздың бірі ол-Ұстаздар қауымы.Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып,құрметтейтін екі ұғым болса соның бірі – Ұстаз. Қымбатты біздің ұстаздар! Көктемнің саясында жарқыраған жүздеріңіз бізбен бірге мәңгілікке қалмақ. Сіздер секілді мәуелі бәйтеректерден тамырланып, мектеп бітірер сәттен сан тарапқа қанат қағамыз. Бірақ аяулы мектебімізде білімнің қайнар көзіндей қалған мүғалімдерімізді еш уақытта ұмытпаймыз. Суретші болсақ, ең әсем бейнені ұстазға арнаймыз, сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстазға саламыз, жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді ұстазға шырқаймыз, сезімді бойлайтын ақын болсақ, нұрлы жырлардың әр тармағын аяулы ұстаздарымызға арнаймыз.Сонымен бірге сіздерден білім ,тәрбие алған әрбір шәкірттін алғысы шексіз демекпін.
Сіздердің құрметтеріңізге Бижан Дананұрдың орындауындағы «Ардақты Ұстазым» әнің жолдаймыз.
Жүргізуші: Келесі кезекте оқушыларымыздың ұстаздарға арнаған жыр-шумақтарына кезек берсек.
1-оқушы: Әліпбай Мерей
Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,
Жеңісті жерге екпеген,елге еккендер.
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,
Зердесін болашақтың зерлеткендер.
2-оқушы: Қазына
Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар,
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
3-оқушы: Мағжан
Мұғалім ең құрметті мамандық,
Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.
Ұстаздардан адамзатқа таралған.
Мол мейрім ізгілік пен адалдық.
4-оқушы: Ернар
Асқарына ғылымның бастадың да,
Қолым жетіп шын бақыт ұшпағына.
Аялы алақаныңнан ұшқанымда,
Кім боп қайда жүрсемде қасымдасың,
Адал еңбек алғысым ұстазыма.
5-оқушы: Аяжан
Ақыл кеңес көп қой онда ұққанға,
Ардың туын асқақ ұстап шықты алға.
Отанынды ардақтауды үйреткен
Мың рахмет Ұстаз деген қауымға.
Оқушылар хормен: «Мың рахмет Ұстаз деген қауымға»
Жүргізуші: Келесі кезекте барша ұстаздардардың құрметіне қыздар-ай тобының «Әдемі-ай» биін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:«Сіз», «біз» деген жылы сөз-
Жылытады жүректі.
Жақсылық билеп жанды тез,
Оятады игі тілекті.
Біреуге біреу жақсылық,
Тілесе әркез жаны ашып,
Осы бір шырын- тәттілік,
Тұрмай ма жанға жарасып
Баршаға керек жақсылық!
Қызғанбай бөліп алыңыз!
«Сіз», «біз» деген жылы сөз-
Жақсылықтың мейірі.
Бір-біріне болып кез,
Кең болсын адам пейілі- дей келе құттықтау сөзді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жоланов Батырхан ағайға және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шораева Нәзігай апайға сөз береміз. Келесі кезекте мектебіміздің кітапханашысы Б.Төлекбаева апайға, кітапханамен жақсы байланыс жасаған оқушыларды марапаттау үшін сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Оқушылар сапты түзеп, тік тұрыңдар! «Елбасына алғысымыз шексіз» атты мерекелік жиыннан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкетілсін!
Бүгінгі мерекелік шарамызды Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен қорытындылайық:
Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар;
Әсемде Егемен Қазақстан бар;
Оның көп ұлтты,тату,ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы,сенімді саяси жүйесі бар;
Ең бастысы-бүгіннен нұрлы,бүгіннен кемел болашағы бар,
Сол күнге берік сенім бар! –дей келе алғыс айту күніне арналған «Елбасына алғысымыз шексіз» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше күн арасы жақын болсын !!!