Аналар к?ніне арнал?ан мерекелік шара
Мұнайлы ауданы
№3 жалпы білім беру орта мектебі
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
«Ана-өмір шуағы»
Дайындық « А » сыныбы
164147526670
Баянды селосы-2016 жыл
Тақырыбы: Ана –өмір шуағы
Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу. Көрнекілігі: аналар туралы қанатты сөздер, шарлар, шиырмалар, аналар фотосуреттері. т.б..
Сабақтың барысы: Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар, асыл аналар, ұстаздар және қыздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Бұл сабақ 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр. Адам үшін ең аяулы, ең қадірлі жан-Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды.Құрметті аналар және ұстаз аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяға тыныштық, денсаулық, амандық тілейміз. Құрметтейік, о адамдар, аналарды, Бізді өмірге әкелген даналарды. Себебі Ана деген асыл жан ғой, Ойлауменен істелік әр қадамды. 1-оқушы: 1910 жыл 8-наурызда Данияның астанасы Копенгагенде болған социалистердің халықаралық ІІ конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша халықаралық әйелдер күні белгіленді. Ол алғаш рет Германияда, Австрияда, Швейцарияда, Данияда 1911 жылдан бастап мерекеленді. Хормен: Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар! (Сыныпқа көктем мезгілі кіреді.)- Сәлеметсіздер ме? Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар, бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын, әр жанұяға шаттық тілеймін!
Көктемде құстар сайрайды,Жерде гүлдер жайнайды.Алақайлап балалар,Мәз болысып ойнайды.
(әр оқушының аналарға арнаған тақпақтары)
1-оқушы. Ана-біздің күніміз, Ананың-біз гүліміз. Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз.
2-оқушы: Мәпелейсің мені, анам, Қолыңдағы құсыңдай. Құлпыра өсіп дем алам, Құшағыңда қысылмай.
3-оқушы: Бізді өсірген апатай, Еңбегің де зор екен. Құтты болсын, апатай, Құтты болсын мерекең.
4-оқушы: Аялаған, саялаған, Бар бақытым, берекем. Апатайым, құттықтаймын, Бүгін сенің мерекең.
5-оқуы: Сіздерден өсер балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті аналар!
6-оқушы: Бәрімізге анасың, Біз үшін күн болып жанасың. Құтты болсың мейрамың, Құттықтаймыз ұстазым!
7-оқушы: Өнерлі боп өсеміз, Өмір сырын шешеміз. Өсіріп ой-сананы. Қуантамыз ананы.
8-оқушы: Үлкейдім ғой мен енді, Жудым бүгін еденді. Аналарға арналған, Жаттап алдым өлеңді.
Хор: “АҚ МАМАМ”
9-оқушы: Ана десем алғыс алам халқымнан, Ана десем теңіз болам шалқыған. Ана десем ашылады қабағым, Ана десем әділдікті ұғамын.
10-оқушы: Сен жалықпай жетектеп, Мен жаттыға жетермін. Айтқаныңды екіетпей Ақ сүтіңді өтермін. 11-оқушы: Әжем менің әлі де Ұқсамайды кәріге, Шәй қайнатып береді Қажет болса бәріне.
12-оқушы: Анаға жан жетпейді, Еңбегі естен кетпейді. Балаға да анасыз Тамағынан ас өтпейді.
13-оқушы: Анам менің, ақ мамам, Балапанын мақтаған. Анам барда әр дайым Қуанамын, шаттанам.
14-оқушы: Анашым, жан анам, Балдан тәтті бал анам. Үйге келсең сақтанам, Құшақ жая қарсы алам.
15-оқушы: Анам менің панам ғой, Содан қорған табам ғой. Асықпа, анашым, ертен-ақ Отың болып жанам гой.
16-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың. Ақ сүтіңмен ауызданып есейдім, Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
17-оқушы: Аналар шаңырақтың сәулетті ғой, Ана денен баршаның дәулеті ғой! Адамды адам еткен ақ сүт беріп, Жаңа өмірге сәбиін жетелеген.
18-оқушы: Ана деген кім десе, Шуақ шашқан күн дер ем. Сәбиі үшін ұйықтамай арпалысқан түнменен, Ана үні өмірде ең мейірімді үн дер ем.
Жүргізуші: Әсем би әрбір елдің рәсімі екен, Өнерпаз ортамызда басым екен. Өнерің қуаныштан кім аяған, Жаңа биді сіздергешашу етем.(Би биленеді) Көрініс: Дүниеде не қымбат?
Хор: “Айналайын ақ мамам”
Хор: Ана-ұстаз, ана-дәрігер. Ана-ғылым, ана-ақын. Ана-өнер қайраткері. Ана-жазушы. Ана-қоғам қайраткері.Жалпы би:Қорытынды.Жүргізуші: “Аналар баланы бесіктен бастап баулиды, өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады” деген сөз бар. Аналар қалқып бақыт аралында, Лайым мұң қонбасын жанарына. Салтанатты кешіміз аяқталды, Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа,-дей отырып бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз. Енді оқушылардың қоштасуы: Балдай тәтті баламыз, Ақылдымыз данамыз. Қонақтарға қол бұлғап, Сау болсын айтамыз!