Досты? ?ымбат ?мірде 1 класс
Өзiн-өзi тану сабағы
Мектеп_______________Мерзiм____________№__7___
Тақырып: Достық қымбат өмірде
Құндылық: сүйіспеншілік_______
Қасиеттер:_сыйластық, достық_
Мұғалiм: Сынып: 1 Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: «Достық», «сыйластық» ұғымдарының мәнін ашу.
Міндеттері:
- балаларды достарымен жағымды қарым – қатынас жасауға үйрету;
- өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту;
- татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Ресурстар:
Үй тапсырмасын тексеру.
«Менің достарым» тақырыбында әңгіме құрастырып келу.
1. Ең жақын досың бар ма?
2. Адал дос қандай болу керек?
Сабақ барысын талқылау:
Әңгiмелеу (сұхбат).
Оқулықтағы суреттер арқылы жағдаяттарды талдау.
Достық көмек көрсету дегенді қалай түсінесің?
Суреттегі кейіпкерлер бір – бірімен қайткенде достаса алады?
Дәйек сөз:
«Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын»
Мақал
Достық қашанда бәрінен де қымбат. Мақалдың мағынасынан қалтаңда жүз теңгең болса, оны керегіңе жұмсайсың, ол тез- ақ таусылып қалады. Ол ақшаға алтын затың, ішкен – жегенің ұмытылып та қалады. Ал соншама досың болса, ол сені әрдайым қуанышқа бөлейді, әр уақытта қасыңнан табылады, сенімен әрдайым бірге болады.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Қағаз бетіне өз досына арнап сурет салу.
Топпен ән айту.
Біз – өмірдің гүліміз
Сөзін жазған: Ә. Дүйсенбиев
Әнін жазған: Б. Ғизатов
Зеңгір көктен,
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайдары өскен,
Жайнап өскен
Біз – өмірдің гүліміз.
Бал достыққа
Жолдастыққа
Шақырады әніміз,
Тыныштықта,
Нұр құштық та,
Бақыттымыз бәріміз!
Үй тапсырмасы.
Достарына көрсеткен көмектерің туралы шағын әңгіме жазып келу.
Бағалау
Оқушыларға рахмет айта отырып,сабақ барысында алған жүрекшелерін есептей келе бағалау.