Досты? ?ымбат ?мірде


Күні:
Сыныбы:
Тренингтің тақырыбы: «Достық қымбат өмірде»

Мақсаты: Оқушыға достық туралы кең мағлұмат бере отырып, досымен арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Әдісі: Пікіралмасу, сұрақ-жауап.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру жұмысы.
а) Оқушымен сәлемдесу, көңіл-күйін білу.
б) Баланың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. «Достық» деген не? Досың бар ма?.
Достар  әрқашан да бірге  ойнап, бөлінбейді.Мүмкіндік болса  бірге сабаққа дайындалады. Бірін-бірі  түсінуге, кешіруге, қорғауға әзір  тұрады.Досыңның  көп  болуы өз қолыңда. Егер сен  барыңмен  бөліссең, ренжітпесең, қателеспесең, қуантуға  даяр  тұрсаң, сенімен бәрі де  достасқысы келеді.Досың көп болады.
Оқушыға сұрақтар қою арқылы сөздік қорын молайту.
-  Сенің досың бар ма?
- Оның аты кім?
- Нағыз  достар  қандай  болады?
- Достары  көп  болу  үшін  адам  қандай  болу  қажет?
- Досыңның туған күнін білесің бе? Оған не сыйлар едің?
IІІ. Дәйек сөздің мағынасын ашу.
«Жүз  теңгең  болғанша, Жүз  досың  болсын »
ІҮ. Достық туралы мақал-мәтелдер.
 1. Досы  көпті  жау  алмайды,
2. Досың көзіңде  болғанша,
   көңіліңде  болсын.
3. Жүз  теңгең  болғанша,    
Жүз  досың  болсын.
4. Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
5.Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.
Ү. Оқушының сенімділігін арттыратын өміршеңдік ережесі.
Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау.Сол сияқты иығыңды тіктеп , жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.
1.ЖІГЕР ДЕГЕН - МЕН
2.КҮШ ДЕГЕН - МЕН
3. МАХАББАТ ДЕГЕН –МЕН
4.КЕШІРІМ ДЕГЕН – МЕН
5.ҚҰДІРЕТ ДЕГЕН –МЕН
6.ЖАСӨСПІРІМ ДЕГЕН – МЕН
7.ЖАСТЫҚ ШАҚ ДЕГЕН-МЕН
8.ДЕНСАУЛЫҚ ДЕГЕН-МЕН
9.АДАЛДЫҚ ДЕГЕН-МЕН
10.ЖАРҚЫНДЫЛЫҚ ДЕГЕН-МЕН
11. БАР ҒАЖАЙЫП ДЕГЕН –МЕН.
Бәрі маған байланысты, бәрі менің қолымда.
ҮІ. «Достық- өмірлік нұсқа» әңгімеден үзінді.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: “Достық нешеу?” – деп сұрақ қояды.
Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
- Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
- Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.
ҮІІ. Қорытынды.