Та?ырыбы: Досты? ?ымбат ?мірде
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мерзiмі: Сыныбы:1 Бекітемін:
№8 Тақырып:Достық қымбат өмірде
Құндылық:Дұрыс әрекет Қасиеттері: сыйластық, ұрыспау
Сабақ мақсаты: «Достық» «өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін аша отырып, дұрыс әрекет жасай білуді ұғындыру;
Міндеттері:
білімділік: балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;
дамытушылық: өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту;
тәрбиелік: ұрыспауға, достарды сыйлай білуге тәрбиелеу; Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
күнделік, дәптер, оқулық, пенал, бейджик
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Бес Т-ны еске түсіру
Жағымды күйге келу
«Нұрға бөлену» Ескертулер
2. Дәйексөз.
«Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын» Мақал
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Қормен қайталату. Дәптерге түсіру.
Қорытынды жасау
3.Әңгiмелеу
«Қарлығаш пен дәуіт»
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.
Қарлығаш: «Көкек маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» - дейді.
Бүркіт қонаққа шақырып еді, уакытым жоқ, - дейді көкек.
Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.
Қарғажан, маған көмек бере гор. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып.
Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:
Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып.
Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді.
Қарлығашқа дәуіт кездеседі.
Досым, неге жылайсың? – деп сұрайды ол қарлығаштан.
Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады.
Олай болса, мені тезірек жеткіз, - дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады.
Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді. Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.
Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.
4. Шығармашылық жұмыс
«Достық көмек» дегенді қалай түсінесіңдер?5.Ойын
«Мен қандай баламын»
Жағдаятты талдау
Суреттегі кейіпкерлер бір-бірімен қайткенде достаса алады? 6.Дәптермен жұмыс
Өз достарына арнап сурет салу. 7.Топпен ән айту.
«Дос болайық бәріміз» Сөзін жазған: Х. Талғаров
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев 8. Қорытындылау сәтi.