Ашы? саба?ты? та?ырыбы: Досты? ?ымбат ?мірде. ?зін-озі тану п?нінен
Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: балаларды достарымен жағымды қарым қатынас жасауға
үйрету
Дамытушылық мақсаты: өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым
қатынастарын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Шаттық шеңбері
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
· Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
· Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
· Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
III. Әңгіме
Үш дос
Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар
ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де
Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды.
Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:
– Ойындарыңа мен де қосылайыншы, – деп өтінді. Қазанқап:
– Ойынға қоспаймыз, – деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып
тастады.
Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.
Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына
Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның
неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан «өртті»
оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел-жәрдем көрсетіп ойнап жүрді.
Қарымсақ Қазанқапқа:
– Кел! Ойынға сен де аралас, – деді. Қазанқаптың кешегісі есіне түсті.
– Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.
– Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт
сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, – деп Самат Қазанқаптың қолынан ұстап,
ойынға өзі араластырды.
Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып:
– Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, – деді. Содан
бері үшеуі тату ойнайтын болды.
· Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
· Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер
болуы керек?
Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас жасауға қол
жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Өздерің ерекше сыйлайтын адамдар туралы айтып беріңдер. Оның қандай ісі,
қасиеттерісыйлауға лайық деп ойлайсыңдар.
IY . Қорытынды бөлім.