Т?рбие ж?мысы бойынша Мемлекеттік тілдер к?ніне орай «С?з м?йегі- ма?ал- м?тел» атты сайыс.
Сайыс: «Сөз мәйегі- мақал- мәтел»
Мақсаты: мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы , өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі, сурет. Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер,флипчарт. Түрі:сайыс Сайыстың барысы: Ұйымдастыру кезеңі - Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік. Шыңғыс Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.» Максим Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.» Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.» Махмұт Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.» Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.» Ал енді сайысымызды бастайық. І.Үй тапсырмасын тексеру Шарты:Топтың атын және ұранын дайындап келу. Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын , үй тапсырмасын тексерейік.Әр топқа топтың атын , ұранын дайындап келу тапсырылған. І топ «Бәйтерек». Ұраны:Биікке қалықтаймыз, Ізденуден жалықпаймыз! ІІ топ «Бәйге». Ұраны : Бәйгеде алда болу арманымыз, Жетуге соған тырысамыз ! ІІІ топ «Алғырлар». Ұраны : Алғырлар деп ұрандап, Өмірде біз келеміз жарқылдап! ІІ. Сұрақ-жауап сайысы. Шарты: Қойылған сұрақтарға тез жауап беру. - Мақал-мәтелдер деген не? - Мақал-мәтелдердің адам тәрбиелеудегі ролі қандай? - Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай? - Мақал-мәтелдер нені сынайды? - Мақал-мәтелдердің көлемі қандай? - Мақал-мәтелдер қалай айтылады? - Мақал-мәтелдер қалай таралған? - Мақал-мәтелдерді кім шығарады? ІІІ. Білгіштер сайысы. Шарты : Кім қанша мақал айтса , сонша фишка алады. ІҮ.Аудармашылар сайысы. Шарты: Берілген мақал-мәтелдерді орыс тіліне аудару. (Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.) Тазалық- денсаулық кепілі . (Чистота –залог здоровья.) Еңбек оздырады. (Труд прославляет.) Не ексең, соны орасың .( Что посеешь ,то и пожнешь.) Отан - оттан да ыстық. (Родина –жарче огня.) Оқу –білім бұлағы, білім- өмір шырағы. (Учение- родник знаний,знание - лучик жизни.) Отансыз адам ормансыз бұлбұл.(Человек без Родины, что соловей без леса.) Ү.Мақалдың жалғасын тап: Шарты: Көп нүктенің орнына керекті сөздің баламасын қазақ, орыс және ағылшын тілінде табу. (Әр дұрыс жауапқа екі фишка беріледі.) ………. – инемен құдық қазғандай. (оқу, учеба,study) Оқусыз ……. жоқ , білімсіз күнің жоқ. (білім, знание,knowledge) Ашу дұшпан, ақыл - ……… (дос,друг,friend) Не имей сто рублей, а имей сто ………(друзей,досың, friends) Білекті бірді жығады , білімді ….. жығады. .(мыңды,тысяч,thousand) Учение –……. ,а не ученье- тьма. (свет,жарық,light) ҮІ. Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру. (Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.) Бұрысы 1.Құрмет, тілге ,құрмет-елге. 2. Жерде, тіл ,жоқ ұлт, жоқ. 3. Тас жарады,тас, тіл жармаса, бас ж 1.Тілін біл,жеті түрлі, жеті жұрттың, білім біл. 2.Ұяда, ұшқанда ,соны іледі, не көрсе 3. Мектеп, білім- теңіз кеме . 1.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді. 2.Ыстық ,отан , оттан да. 3.Жау алмайды, досы көпті ,ақылы көпті дау алмайды. Дұрысы 1.Тілге құрмет-елге құрмет. 2.Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ. 3.Тіл тас жарады,тас жармаса, бас жарады. 1..Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл. 2.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. 3.Білім- теңіз, мектеп- кеме . 1.Білекті бірді жығады , білімді мыңды жығады 2.Отан - оттан да ыстық. 3.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды. ҮІІ. Сурет сайысы. Шарты : 1.Берілген мақал-мәтелдер бойынша сурет салу. 2.Сурет бойынша мақал-мәтелдің мазмұнын ашу. (Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.) Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты. Білім-өмір шырағы. Білім- теңіз, мектеп- кеме. ҮІІІ. Қорытынды. (толғаныс) Бүгінгі сабаққа жақсы, белсенді қатыстыңыздар. "Біле бер, қанша білсең, тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа біле-біле"-деп Жүсіп Баласағұн айтқандай бүгін біз өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Осымен сайысымыз аяқталады.Сөзді қазылар алқасына береміз.