?ымызды? химиялы? ??рамы мен шипалы? ?асиеттері


«Табиғат қорғаушылары» үйірмесінің
жетекшісі М.К.Керимбеков
Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктерге сипаттама
Білімділік: Оқушылардың мәдени өсімдіктер туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалану
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа
көпшілік ортада өзін еркін ұстай білуге экологиялық білімі мен
мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес.
Сабақ типі: аукцион сабак.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, топқа бөлу.
Көрнекілігі: тақтада тақырып жазылып ілінген, мәдени өсімдіктер бейнеленген плакаттар, А4 форматта егіс алқабында өсетін мәдени өсімдіктердің суреттері, жетон, кескіндеме суреттер, топырақтың екі түрі (егістікке жарамды қарашірікті тыңайтылған және сары топырақ), қажетті арнайы ыдыстар, су, аукционға қойылатын бақша көкөністері, балға, т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ.
Мәдени өсімдіктер  (plantae cultae) – адамдар өздерінің әр түрлі қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында өсіретін өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. 
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы генетик, ботаник, селекционер, географ, академик Николай Иванович Вавилов (1887-1943 ж) зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Николай Иванович Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1000-ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.
Ал, Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған. Қазақ кеңесінің ғалымы, селекционері, биология ғылымының докторы - Кәрім Мыңбаев (1906-1948 ж) болды. Ол көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Кандидаттық және докторлық диссертациясын Ленинградта академик Николай Иванович Вавилов жетекшілігімен қорғаған. Кәрім Мыңбаевтың негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. Отандық биология ғылымының дамуына зор үлес қосқан.
Мәдени өсімдіктердің таралу аймақтары:
Қытай мен Жапониядан күріш, тары, қытай капустасы, бұршақ түрлері, құрма, апельсин, мандарин, шай т.б. өсімдік түрлері;  
Австралиядан қияр, кенеп, какос пальмасы, күріштің 2 түрі, қара бұрыш; 
Орталық Үндістаннан қара бидайдың 2 түрі, бұршақтың 5 түрі, зығыр, мақсары, қарбыз, сәбіз, алма, алмұрт, өрік, шие, жеміс ағашытары;
Орта Азиядан бидай, қара бидай, арпа, сұлы, бұршақ, жоңышқа, қант қызылшасы. алма, жүзім, анар;  
Америкадан жүгері, картоп, қызанақ, асқабақтың бірнеше түрі, какао, арахис, топинамбур т.б. мәдени өсімдіктер таралған.
Адамзат үшін мәдени өсімдіктердің маңызы зор. Бау-бақшадағы, егін алқабындағы өсіп тұрған өсімдіктер азық-түліктің, дәрі-дәрмектің, мал азығының негізгі көзі болып табылады. Қазақстанда мәдени өсімдіктердің түрі көп және олар әр түрлі. Олар: қызанақ, қияр, сәбіз, пияз, картоп, асқабақ, жүгері, сұлы, бидай, арпа, сұлы, баялды, тәтті бұрыш, қызылша, күнбағыс т.б. түрлері бар.
Біз осы өсімдіктердің ішінен өзімізге қажетті, күнделікті тұрмыста жиі қолданатын мәдени өсімдіктер қызанақ, қияр, пияз, сәбіз картопты аукционға қоюды таңдап алдық.
Аукцион дегеніміз не? – осы сұрақты талқылап алайық.
Аукцион — көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес, жария сауда. Бұл латынның auctіo, яғни бәсеке сауда деген сөзінен шыққан. Мұнда ақша төленсе, біздің аукционда оқушылар білімдері арқылы, яғни сипаттама беру арқылы аукционға қойылған өнімдерді жеңіп алады. Балалар түсінбеген сұрақтарың бар ма? Егер барлығы түсінікті болса аукцион сабағымызды кезеңге бөлу арқылы жалғастыратын боламыз.
Практикалық бөлім
1 кезеңде
Оқушыларға жетон таратылады. Жетонда қызанақ, қияр, пияз, сәбіз, картоп бейнеленген. Бірдей жетон алған оқушылар бір топ болып саналады. Топ құрамы 2-3 оқушыдан 5 топ құрылады.
2 кезеңде
Ортаға арнайы қорапқа салынған ұрықтар (қызанақ, қияр, пияз, сәбіз, картоп) қойылады. Әр топ өздеріне тиісті өсімдік ұрықтарын танып ажырата білуі тиіс.
3 кезеңде
Оқушылар өз өсімдіктерінің өсіп, өнуі үшін қажетті топырақтың түрлерін (қара шірікті топырақ, сары топырақ, күрделі болу үшін топырақ аздап дымқылданады), суды таңдап алады. Әр топқа қажетті ыдыстар беріледі.
Өсімдік тұқымының көлемі, құрлысына қарай топыраққа қанша сантиметр тереңдікте егіледі?
Көктем мезгілінің қай айында егіледі?
Топырақтың температурасы қанша болу керек?
4 кезеңде
Бұл кезеңде өсімдіктердің өніп, өсіп, гүлдеу, жеміс салу процесі жалғасатын болады. Бұл процестің орындалуы барысында оқушылар қима суреттерден өздерінің өсімдіктерін тауып А4 формат қағазға құрап жабыстырады. Қима суреттерді құрастырған әр топ суретке қарап өз өсімдігіне қалай күтім жасағаны жөнінде сипаттама беріп өтеді. Дұрыс сипаттама берген топтың өсімдігі өнім беруге дайын деген сөз.
Өсімдіктер 4 кезеңнен өтіп жеміс салып, дайын өнім алу сәтіне де келіп жеттік. Дайын өнім алу сәті де біраз уақытты алатыны белгілі. Демек осы сәтті пайдаланып викториналық тапсырмаларды орындайтын боламыз.
Ол үшін әр оқушы өзінің бір ұсақ затын оқытушыға тапсырады, мәселен қаламсабын, дәптерін, кілтін, көзілдірігін т.б. Бұл заттар портфелге салынып, әр партаға үш-үштен ретсіз түрде қойылады. Оқушылар өздерінің заты қойылған парталарға отыруы керек. Әр топқа қызанақ, қияр, пияз, сәбіз, картопқа қатысты викториналық сұрақтар беріледі.
Викториналық сұрақтар
Қызанақ туралы
1. Мақал-мәтел құрастыру
2. Әзірленетін салат түрлері
3. Ертегі сценарийін құрастыру
Картоп туралы
1. Тағамда қолданылуы
2. Тақпақ құрастыру
Пияз туралы
1. Мақал-мәтел құрастыру
2. Шығарма жазу (бір абзац)
Сәбіз туралы
1. Мақал-мәтел құрастыру
2. Әзірленетін салат түрлері
3. Сәбізден үй тұрғызудың жолдары
Қияр туралы
1. Мақал-мәтел құрастыру
2. Жұмбақ құрастыру
3. Қияр мен шырмауықтың айырмашылығын сипаттау
5 кезеңде
Тапсырманы орындап болғаннан соң аукционды бастаймыз.
Әр топтан бір оқушы ортаға шығып дайындаған өнімін аукционға қояды.
Бірінші болып аукционға қызанақ өнімі қойылады.
Қызанақ - қандай тұқымдасқа жатады,
қанша жылдық өсімдік
құрамында қандай заттар кездеседі
т.б. сұрақтарға жауап береді.
Екінші болып аукционға қияр өнімі қойылады.
Қияр – шығу тарихы,
маңыздылығы т.б. сұрақтарға жауап береді.
Үшінші болып аукционға пияз өнімі қойылады.
Пияз – құрлысы,
шипалық қасиеттері,
қолданылуы туралы т.б. сұрақтарға жауап береді.
Төртінші болып аукционға сәбіз өнімі қойылады.
Сәбіз – таралу аймақтары,
елімізде кездесетін сорттары,
қолданылуы,
пайдасы туралы сұрақтарға жауап береді.
Бесінші болып аукционға картоп өнімі қойылады.
Картоп – шығу тарихы,
өсімдіктің құрлысы,
қолданылуы,
тамыр жүйесі туралы т.б. сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтарға толық, жан-жақты жауап берген топ өнімді жеңіп алады. Егер жауабы толық болса сатылды деп балға соғылады. Толықтыру қажет болса келесі топ мүшелері жалғастырады. Осылайша аукционымыз жалғасын табады.
Қорытынды
Балалар аукцион сабағымыз өз мақсатына жетті, барлығың да белсене қатыстыңдар, жарайсыңдар. Бұл тақырыптың аясында мәдени өсімдіктердің сан алуандылығымен таныстық, оларды адамдар өз қажеттілігі үшін, мал азықтық ретінде, дәрілік зат ретінде пайдаланатынын білдік. Суреттері тақтада ілініп тұр. Қорыта айтқанда мәдени өсімдіктер тас ғасырында пайда болып, содан бері қолдан сұрыпталып, көптеген ғалымдардың еңбектерінің арқасында біз осы өсімдіктерді күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрміз. Адам өмірінде үлкен маңызға ие болуымен қатар шипалық қасиеттері де жетерлік. Бұл өнімдерді дұрыс пайдалана білсек денсаулығымыз нығая түсетіні анық.
Үйге тапсырма
Мәдени өсімдіктер туралы сөзжұмбақ, ребустар құрастыру.
Емдік мақсатта қолданылатын мәдени өсімдіктер туралы реферат дайындау.