Технологиялы? карта Сауат ашу негіздері «Ауылда .?й жануарлары мен ?й ??стары». (??гіме ?растыру) (МАД)


Технологиялық карта
Ай - апта Мақсаты
Білім беру саласы Таным. Геометриялық фигуралардың атауымен (шеңбер, үшбұрыш,шаршы,сопақ, тіктөртбұрыш және т.б.) таныстыру және бекіту ; осы фигураларды басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету.
Бөлімі Қарапайым математика. Тақырыбы «Фигуралар» Әдістер Көрсету,түсіндіру,ойын,қайталату Көрнекіліктер фигуралар, суреттерҚос тілділік
Үшбұрыш – треугольник төртбұрыш - четырехугольник,мынау не-что это. Сөздік. Өлшем, пішін, түсі Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
Қызығушылықты ояту.
Әдемі қорапшаны ортаға әкеліп балалардың көңілін аударады, айтыңдаршы бұл қорапта не бар деп ойлайсыңдар.
«Ой қозғау» әдісі. Қорапшадан кішкене доп шығарады.
Балалар өткен сабақтағы кеңестік бағдарлау туралы еске түсіреді .
Сол жақ, оң жақ, алды, арты,жоғары , төмен ұғымдарын айыру. -Балалар ортаға келген қорапшаға қызыға қарайды.
- Өз ойларын ортаға салады, кішкене доптың оң жақта, сол жақта, алда, артта т.б. тұрғанын айтады
Ұйымдастыру
шылық-ізденістік
Мағынаны тану.
Қостілділік: Үшбұрыш – треугольник төртбұрыш - четырехугольник,
мынау не-что это.
Мынау – үшбұрыш , это треугольник, неше –сколко.
№1 тапсырма. Сурет бойынша жұмыс.
-Суретте берілген заттарды ата.
-суреттегі геметриялық фигураларды ата
-Кемеге қарап, онда неше үшбұрыш, неше шаршы, неше шеңбер, неше тіктөртбұрыш барын ата.
Осындай жұмысты пойыз, ұшақ, жүк көлігімен де жүргізу.
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Әр баланың алдында үстел үстінде геометриялық фигуралар қойылған Тапсырма: геометриялық фигуралардан зат құрастыру керек. Негіздеу: Затты құрастыру кезінде қандай геометриялық фигуралар құрастырды?
-сурет қандай фигуралардан құрастырылған? Бұл заттардың (транспорт) барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
Мысалы:




Қимылды жаттығу:
«Жаттығуға»
Қане қатар тұрайық
Оңға – солға бұрылып,
Бір-екі-үш отырып тұрайық,
Біз шынығып алайық .
Ауызша жұмыс.
Қай зат қандай геометриялық фигуараларға ұқсас.
-Үлкен шеңбер – үлкен түймеге ұқсас кішкентай шеңбер – кішкентай түймеге ұқсас
№2 тасырма бойынша фигуралар салады.
Қызыл, кішкене шеңбер; көк, үлкен квадрат; жасыл, кішкене үшбұрыш; сары, үлкен шеңбер.
«Сиқырлы суреттер» ойыны.
Шарты: қағаз бетінде шеңбер, квадрат, тіктөртбұрыш, үшбұрыш берілген Осы фигураларды толықтырып бір заттың суреті салынады.
Түйме, таба
Үй шатыры, ағаштар

Үй қабырғасы
№3 тапсырмаалдыңғы сабақта меңгерген кеңістік туралы ұғымдарын бекіту
-араның жолын сал. Бас жағы қызыл гүлмен белгіленген. Тапсырманы бағдарша бойынша орындау қажет.
№4 тапсырма. Балалар зейінін дамыту,фигураларды дауыстап айтқызу.
-Суретте қандай геометриялық фигуралар берілген? Үлгі бойынша боя. Бөлшектерін тауып, бояу керек. Қостілділік:
Үшбұрыш – треугольник төртбұрыш - четырехугольник,
мынау не-что это.
Мынау – үшбұрыш , это треугольник, неше –сколко.
- Кемеге қарап, онда неше үшбұрыш, неше шаршы, неше шеңбер, неше тіктөртбұрыш барын айтады.
Әліппе – дәптердегі тапсырмаларды орындайды
Қимылды жаттығуды біріге жасайды :
Қане қатар тұрайық
Оңға – солға бұрылып, Бір-екі-үш отырып тұрайық,
Біз шынығып алайық .
Сөздік қосыла қайталайды. Үлкен - кішкентай, көлемі бірдей,түсі бірдей.
Үлгі бойынша бояйды. Бөлшектерін тауып, бояйды.
Рефлексивтік-жинақтаушы ІІІ.Ой толғаныс:
-Бізге бүгін қорапшамен не келді? -Не қайда ораласқан?
Өтілген барлық қасиеттерін жалпылау үшін «ненің қайда орналасқанын тап » ойыны ойналады.
Балалардың жауаптарын алып мадақтайды. -Қорапшамен кішкентай доп келді.
Ойынды қызығушлықпен ойнайды
Күтілетін нәтиже
Білу керек Геометриялық фигуралардың атауымен (шеңбер, үшбұрыш,шаршы,сопақ, тіктөртбұрыш және т.б.) білу
Түсінеді Шаршыдан төртбұрыш пішінді кесіп дайындау.
Қолдана біледі осы фигураларды басқа пішіндердің арасынан табуға үйрету.