Ересек топта ?йымдастырыл?ан о?у іс ?ркетіні? технологиялы? картасы Сауат ашу -та?ырыбы Ддыбысы мен ?рпі


13.04.16ж
Лекенова А.К.
Ересек «Көбелек » тобы үшін білім барысын ұйымдастырудың технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Сауат ашу
Тақырыбы: «Д» дыбысы мен әрпі»
Мақсаты: «Д» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. «Д» дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жаңылтпаш жаттатқызу арқылы тілдерін ұстарту, ауызекі сөйлеулерін дамыту. Оқу іс-әрекеті барысында еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру. 72 бет
Cөздік жұмыс: доп, домбыра, дәптер, бидай, дән.
Құралдар: Суреттер, тапсырмалар, дәптерлер, қарындаштар.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Баланың іс-әрекеті
Үйлестіру-ұйымдастыру -Қәне, балалар, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізге алғыс сөз, тілек айтайық. -Балалар шеңбер құрып, бір-біріне тілек айтады
Ұйымдастыру-іздену
-Балалар, бәрі сөздер дыбыстардан тұрады, дыбыстарды біз не істейміз?
-Егер сөзде көп дыбыс болса, ұзын сөз деп айтамыз, ал дыбыс саны аз болса, қысқа сөзді құрайды.
-Дыбыстар қай екі топқа жатады?
-Дауысты дыбыстарды қалай танимыз?
-Ал дауыссыз дыбыстарды қалай танимыз?
-Біз бүгін тағда дауыссыз топқа жататын дыбысымен танысамыз, ол «Д» дыбысы.
-Балалар, әріпті біз не істейміз?
-Қалай ойлайсыңдер «Д» дыбысы қандай дауыссыз ба, дауысты ма?
-Неге дауыссыз деп айтамыз?
«Д» дыбыснан тұратын қандай сөздерді білесіңдер?
-Енді айтқан сөздермен сөйлем құрастырамыз
-до,өд,доп, дән сөздерді балаларға оқуға ұсынамын
-«Дәптер» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
-Сөзде неше дауысты дыбыс бар?
-Сөзде неше дауыссыз дыбыс бар?
Сергіту сәті:
Жаңбыр жауса-тырс-тырс
Айтады гүл- дұрыс-дұрыс
Жаңбыр жауса-тырс-тырс
Айтады қыр-ырыс-ырыс
-Балалар, мен бір жұмбақ жасырамын, сендер «Д» дыбысы қай жерінде кездесетінін айтып отырасыңдар:
Лақтырдым да әуелеп
Қағып алып: «оп», -дедім
Жерге соқтым, секең қақты
Айтамыз оны не деп? доп
Тапсырма «Д» дыбысымен сөзді тап және төмендегі дөнгелекті боя»
16090903175

Саусақ жаттығуы
Көбелек боп ұшамыз
Көгершін боп ұшамыз
Ұшып,ұшып аламыз
Қолға қалам аламыз
«Д» әріпті дәптерде жазады, алдымен мен жазылуын тақтада көрсетемін -Оны естиміз және айтамыз
-Балалар мұқият тыңдап отырады
-Дауысты және дауыссыз дыбыстар
-Оларда тіліміз, тісіміз кедергі жасамайды, ауа еркін шығады
-Оларда тіліміз, тісіміз кедергі жасайды, ауа еркін шықпайды
-Балалар тыңдап отырады
-Әріпті көреміз және жазамыз
-Дауыссыз дыбыс
-Өйткені тіліміз, тізіміз кедергі жасайды, ауа еркін шықпайды
-Доп, домбыра, дәптер, бидай, дән.
-Мен доппен ойнадым
-Балалар өздері сөйлемдер құрастырады
-Ұсынылған сөздерді оқиды
Балалар сөзге дыбыстық талдау жасайды
-Дәптер сөзінде 2 дауысты дыбыс бар
-Дәптер сөзінде 4 дауыссыз дыбыс бар
-Балалар сөздерді қимылмен қайталады
-Балалар мұқият тыңдап отырады
-Ол доп, Д дыбысы бірінші тұр
-Балалар тапсырманы орындайды
-Балалар сөздерді қимылмен қайталады.
-Балалар қарап отырады және дәптерде жазады.
Рефлексивті түзетуші -Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық? Біз бүгін «Д» дыбысымен таныстық

Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: «Д» дыбысы және оның әріп таңбасын ұғынады.
Түсінеді: «Д» дыбысы кездесетін сөздерді қатыстыруға түсінеді.
Қолданады: Жазуға қолдарын жаттықтыруға қолданады.